Главная страница
Контакты

    Басты бет


Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0301000-

жүктеу 0.56 Mb.



жүктеу 0.56 Mb.
бет3/3
Дата14.03.2017
өлшемі0.56 Mb.

Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0301000-


1   2   3

2.

Қояншық (эпилепсия) - (грек. epіlambano – шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын), қояншық – жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі.

Естен тану - қатты күюдің, қансыраудың, қатерлі басқалай дерттің, организмде қажетті су мөлшерінің жетіспеушілігінің немесе аса қатты аллергиялық реакцияның салдарынан болатын адам өміріне қауіпті құбылыс.

Диабет (лат. diabetes mellitus) - бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады.

ӘРЕКЕТ.ШҰҒЫЛ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК.

· Алғашқы көмек көрсетудің заңдық аспектілері

· Төтенше жағдайлардағы әрекет алгоритмі

· Зардап шегушіні тасымалдау.

· Тыныс алу жолдарының бұзылуы

· Жүрек ұстамасы. Жүрек-өкпе реанимациясы

· Жарақаттар және қан кету. Жарақаттар. Естен тану (Шок).

· Ерекше жағдайлар (электрден жарақаттану,суға кету)



3. ӘРЕКЕТ. Полигон. ОЙЫН КҮНІ. МАШЫҚТАНДЫРУДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ.

· Төтенше жағдайлардағы әрекет алгоритмі

· Айналадағылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

· Жүрек-өкпе реанимациясы жұмысын машықтандыру

· «Қалада» қысқа жағдайлық ойындар.

· «Алыс шығаберісте» жағдайында

· Құтқарушылар, дәрігерлер, өрт сөндірушілер келгенге дейінгі әрекет

· Құтқаратын құралдардың қолданылуы



БІЛІМ. ПСИХИОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БАСҚАРУ.

· Девиантты мінез- құлықтың талдау негізі (қияңқы,өзіне-өзі қол жұмсау)

· Девиантты мінез- құлықтың белгілерін анықтау: түр сипаты, сөзі, тәртібі.

· Алдын- алу шаралары, даулы жағдайларды болдырмаудың әдіс-тәсілдері

·Даулы жағдайлардағы тәртіп алгоритмі ( холлда, номерде, демалыс орындарында)

· .Дағдарыстық жағдайды шешуде арнайы қызметтермен өзара әрекеттік әдістемесі



БІЛІМ.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

КЕШЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК.

· Компания қауіпсіздігі негізі

· Офистің қауіпсіздігі, күдікті әрекеттер

· Өрт сөндіру қауіпсіздігі

· Қолдағыны қолдана білу.

· Жарылыс қаупі, пошталық терроризм, күдікті заттар.

· Есірткіні, жарылғыш заттарды анықтау

· Көлікті тексеру, компания автомобильдерінен ұрлық

· Ақпараттық қауіпсіздік

· Тонаудағы іс-әрекет, саяхат жасаудағы қауіпсіздік



4.

Наркотик ( гр. ναρκωτικός - естен айырылу) - БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

ТЕРРОҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ.

· Қауіпсіздік формасы: Security&Safety

· Телефон, e-mail және жазбаша түрдегі қауіп-қатер , қорқытудағы әрекет алгоритмі

· Жарылғыш заттарды тауып алғандағы әрекет алгоритмі.

· Басып алу/ кепілге алынған кездегі әрекет алгоритмі.

· Жеке және айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

· Арнайы қызметті сауатты шақыру

· Арнайы қызметтің келгеніне дейінгі іс-әрекет

· Эвакуацияны ұйымдастыру

· Жағдайлы – рөльдік ойындар



5. ӘРЕКЕТ. ПОЛИГОН. ӨРТ & ЖОЛ АПАТЫ

· Өрт, жол апаты және құрылымдардың опырылуындағы әрекет алгоритмі.

Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo - құрастыру, жасау), техникада - машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері.

· Өрттің шығуын алдын-алу

· Жеке және айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

· Арнайы қызметті сауатты шақыру

· Құтқарушылар, дәрігерлер, өрт сөндірушілер келгенге дейінгі әрекет

· Өрт сөндіргіштерді қолдану.

· Құтқаратын құралдардың қолданылуы

· Эвакуацияны ұйымдастыру

БІЛІМ. АЛДЫН-АЛУ ДАЙЫНДЫҒЫ. NEW!

· Таңдап алынған аймақтағы қауіпті факторлардың талдануы

· Қауіп-қатердің автономдық дәрежесіне байланысты бағалау.

· ТЖ болу мүмкіндігіне байланысты іс-шараларды қамтамасыз етуді жоспарлау.

· Таңдалған аймақтағы шұғыл шақырудың қызметі.

· Тіршілік тынысының автономдық аспектілері



ТЕКСЕРУ.ТЕКСЕРУ ҚАУІПСІЗДІГІ

· Security&Safety қауіпсіздік форматы

· Кәсіпорын, офис, пәтерлер, саяжайлардағы тексеру қауіпсіздігі.

· Құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер,яғни кәсіби мамандар арқылы жүзеге асырылады.

· Анықталған қауіп-қатерге байланысты кепілдеме (ұсыныстар) беріледі.

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары

· Бағдарламаны барлық жастағы және әлеуметтік топтардың меңгеру мүміншілігінің барлығы.

· Біртұтас үлгіқалыптағы ақпараттық блоктардан тұратын бағдарлама, топтардың немесе мамандардың қызығушылықтарына байланысты кеңейтіп, қысқартуға болады.

· Санитарлық нормаларға сай орындарда, Қазақстан республикасының кез келген қалаларында өткізуге болатын мүмкіншілігі мен жинақы материалдық-техникалық негізі бар жоба.

· Оқу күндері 2-5 күн.

· Нұсқаушыларды жоғары деңгейде мамандандыру қалыптасқан.

Нұсқаушылар — кәсіби құтқарушылар .

· Бағдарлама тыңдаушыға заңдық, сараптамалық, психологиялық қорғанысты қамтамасыз етеді.



11. Жаңа тақырыпты бекіту 20 минут

1. Төтенше жағдай кезіндегі психологиялық бұзылыстар.

2. Девиантты мінез- құлықтың талдау негізі (қияңқы,өзіне-өзі қол жұмсау)

3. Девиантты мінез- құлықтың белгілерін анықтау: түр сипаты, сөзі, тәртібі.

4. Алдын- алу шаралары, даулы жағдайларды болдырмаудың әдіс-тәсілдері

12. Сабақты қорытындылау 15 минут


  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру 10 минут

1.Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу


7 дәріс

  1. Дәрістің тақырыбы: ТЖ-ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар. ТЖ-ошағында халыққа әртүрлі факторлардың әсер етуіне арналған дәрігерлік көмек.

  2. Сағат саны: 2 сағат (120 минут)

  3. Сабақ түрі: дәрістік

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: төтенше жағдай кезіндегі санитарлық-гигиеналық шараларды ұйымдастыру

  • тәрбиелік: организмге келер қауіп қатердің алдын алу

  • дамыту: алғашқы дәрігерлік көмекті және реанимациялық шараларды тез арада ұйымдастыра білу

  1. Оқыту әдісі: Оқушылардан сабақ сұрау.

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.

в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Левчук И.П., Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекций.-М.,2010-248 с.

  2. Сергеев В.С «Защита населения и территории в чрезвычайных ситуациях».-М., «Академ проект», 2010

  3. Хван Т.А., Хван П.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Учебник.-«Феникс» Ростов на-Дону. «Феникс»-2010.

  4. Кошелев А.А. «Медицина катастроф».-Санкт-Петербург. «Паритет»-2003

5. ҚР Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөнінде нұсқаулық. Алматы. 2002.

6.Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. Алматы. 2002.

7. Рябочкин В.М., Назаренко Г.И. Медицина катастроф. Москва. 1996.
Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдірахманов Е. Хирургия. Алматы. «Жетіжарғы». 1997.

2. Гордиенко Е.А., Крылов А.А. Руководство по интенсивной терапии. Ленинград. Медицина. 1986.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС ГО.

4. Принципы организации, структура, управление и обеспечение экстренной службы в ЧС от 21 ноября 2001 г. Казахский фармацевтический вестник.

5. Приказ «О мерах по совершенствованию скорой и неотложной медицинской помощи населению РК». Астана. 2001.

6. Постановление кабинета министров РК от 27 сентября 1994 г. №1068 «О создании службы экстренной медицинской помощи РК и в ЧС».

  1. Информационно-методический сборник материалов по Чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне. Ежеквартальное специализированное издание Агентства РК по чрезвычайным ситуациям.

  2. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам Чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороне. Агентство РК по чрезвычайным ситуациям.

  3. «Медицина катастроф», А.А.Кошелев, Санкт-Петербург, «Паритет», 2000г.

  4. «Медицина катастроф», Учебное пособие под редакцией проф. В.М.Рябочкина и Г.И.Назаренко, Москва, «ИНИ Лтд», 1996г.

  5. «Основы безопасности жизнедеятельности», под редакцией В.А.Алексеенко и И.Ю.Матасовой, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2001г.


8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут

  • Тест сұрақтары және ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру



10. Жаңа сабақты түсіндіру 30 минут

Қандай соғыс болмасын халықтың жағдайын, елдің тұрмыс тіршілігін қиындатып, ушықтырып жібеоеді. Сондай-ақ санитарлық жағдайда күрт нашарлап кетеді. Әртүрлі індет ошақтары ашылып, жан-жаққа тарауы мүмкін. Оған тарихта болған әртүрлі соғыстар куә. Көптеген індеттердің тарауына себепкер болған. Соның ішінде, бактериологиялық қару қолданған жағдайда тұрғындардың арасында тікелей, жаппай жұқпалы аурулар, үлкен індетке айналады.

Бактериологиялық (биологиялық) қару (орыс. бактериологическое (биологическое) оружие) - жаппай зақымдаушы қару. Оның әсер етуі адамдарда, жануарлар мен өсімдіктерде жаппай әр түрлі ауру туғызатын микроорганизмдер мен уларды пайдалануға негізделген.

Сондықтан, АҚМҚ-нің негізгі міндеті тұрғындардың арасында жұқпалы аурулардың жаппай тарауына мүмкіндік бермей, оның алдын алу, індетке қарсы шараларды жүргізу болып табылады.

Соғыс жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйдің нашарлауына м ына төмендегі жағдайлар әсер етеді:



  • тұрғындардың бір жерге шоғырлануы, тамақтанудың нашарлауы, монша, басқа да жуыну-шайыну орындарының бұзылуы;

  • су құбырларының, қалдық-шайынды су тасымалдау құбырларының жарылуы, ауыз судың ластануы, су тапшылығы;

  • емдеу мекемелерінің індетке қарсы күресу мекемелерінің бұзылуы, істен шығуы;

  • тұрғындардың арасында жаппай індеттердің таралуы, адамдардың өлімге ұшырауы, зақым шегуі;

  • жан-жануарлардың арасында шығынның көп болуы, жұқпалы аурулардың атрауы;

  • азық-түлік, ауыз су, киім кешектердің радиоактивті, улы, бастериологиялық заттармен зарарсыздануы;

  • ионды сәленің, улы заттың, жұқпалы аурудың әсерлерінің арқасында адамдардың иммунитеті нашарлауы, әлсіреуі мүмкін.

Осындай санитарлық жағдайдың күрт нашарлауы, басқа да келеңсіз жағдайлар АҚМҚ-нің жалпы жұмыс көлемін айқындайды.

Бейбіт уақытта және жау қаупі алдында жүргізілетін індетке қарсы шаралар

Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы шаралар бейбіт уақытта да үнемі, біріңғай жүргізіліп отырады. Тұрғындардың денсаулығын қорғауға, сақтауға бағытталған және індеттің алдын алуға бағытталған шаралар ұдайы жүргізіліп, дамып отырады. Бейбіт уақытта да әртүрлі төтенше жағдайлар, атап айтқанда табиғи апаттар, техногенді апаттар да жиі болып тұрады.

Тілсіз қияпат немесе табиғат апаттары (Стихийное бедствие) - алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа.

Осындай жағдайда АҚМҚ-і осы айтылған шараларды жүргізеді.

Қалада, елді меендерде, шаруашылық нысандарда сантарлық-гигиеналық және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру оған басшылық жасау өз деңгейіне сәйкес АҚ-тың бастығы атқарады. Ал тікелей осы шараларды жүргізу АҚМҚ- тың бастығына жүктеледі.

Бейбіт уақытта жүргізілетін шараларға мыналар жатады:



  • жұқпалы аурулардың табиғи ошағын үнемі зерттеу, оның заңдылығын, үрдісін, таралу, жұғу себептерін зерттеу, оған қарсы шараларды дайындау;

  • тұрғындарды қорғау үшін індетке қарсы шараларды жүргізу, әрі үнемі оны жетілдіру;

  • тұрғындарға жоспарлы түрде жұқпалы ауруларға қарсы егу;

  • медициналық құрал-саймандардың, дәрі-дәрмектердің қорын дайындау;

  • тұрғындарды өзін қорғауға оқып үйрету;

  • медициналық індетке қарсы күресу құрамаларын, жасақтарын құру, оларды жабдықтау, үйрету;

  • жаудың бактериологиялық қаруды қолданғандағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын зерттеу, оған қарсы дәрі-дәрмек ойлап шығару;

  • бүкіл АҚМҚ ның жеке құрамаларын үнемі дайындаудан өткізу, жаттығу жүргізу.

Тұрғындарды қорғауда індетке қарсы шараларды жетілдіру үшін, әр уақытта бақылауда тұру үшін, қоршаған ортаны, суды азық түлікті, жұмысшылардың еңбек орнында тазалықты сақтау үшін денсаулық сақтау органдары әр уақытта қадағалап отыруы қажет.

Төтенше жағдайда бұл айтылған шаралар жеткіліксіз. Сондықтан жау қаупі төнген жағдайда жүргізілетін қосымша жағдайлар. Атап айтқанда:



  • қалада, елді мекенде, шаруашылық нысанда санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы шаралар күшейтіледі;

  • қоршаған ортадағы нысандарға бактериологиялық бақылау мен лабораториялық қадағалау ұдайы жүргізіледі;

  • АҚМҚ-ның барлық құрамалары мен күшт ерінің дайындығын күшейтеді, әрі тұрғындарды қорғауға жұмылдырады;

  • Тұрғындарға жұқпалы ауруларға қарсы егу жүргізіледі;

  • Жергілікті жерлерде эпидемиологиялық жағдайды зерттеп, мәліметтер жинайды.

    Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.



Тұрғындар арасында белсенді түрде санитарлық-ағарту жұмысын жүргізеді.

Осы жоғарыда айтылған шаралар бейбіт уақытта және жау қаупі төнген уақытта дұрыс жүргізілсе, онда АҚМҚ-тың жұмысы соғыс уақытында өте тиімді жүргізеді, әрі адамдардың арасында шығын әлде қайда аз болады.



Бактериологиялық зақымдану ошағында жүргізілетін шаралар

Бактериологиялық қару қолданған жағдайда індетке қарсы жүргізілетін шаралар өте қиын жағдайда, әрі ауыр өтеді. Бактериологиялық зақымдану ошағын залалсыздандыру, оны жою үлкен күшті қажет етеді. Мұндай жағдайда бүкіл қала, ауыл медицина қызметкерлерін жұмылдыруды қажет етеді. Бірінші кезекте жергілікті АҚ-тың күштері жұмылдырады, жетпеген жағдайда сырттан басқада күштерді таратады. АҚ-тың қызметтері мен штабтарының жұмысы жалпы жүргізілген барлау жұмыстарының мәліметтеріне сүйенеді. Барлау жұмысын бақылау посттары, барлау отрядтары, мекемелер, лабораториялық бақылаулар жүргізеді. Атап айтқанда, радиациялық, химиялық барлау приборлары арқылы улы заттардың, радиациялық заттардың қолданған, қолданбағанын анықтап алады. Сондай-ақ басқа да белгілердің бар жоғын анықтайды, мысалы, кенеттен шыбын-шіркейдің, құрт-құмырсқаның, яғни жәндіктердің көбейіп кетуін анықтайды. Күндіз, ыстық күндері жапырақтарда шықтың пайда болуы, тышқандардың өлекселелері жиі қолданғаны жөнінде мәлімет береді.

Барлау жасағы зерттеу нәтижесін дереу АҚ-тың штабына жеткізеді. Бұл мәселелер АҚМҚ-ның қызметкерлері талқылап, шешім шығарады да, АҚ-тың бастығына індетке қарсы шараларды жүргізудің жоспарын ұсынады. АҚ бастығы шешім шығарғаннан кейін бактериологиялық зақымдану ошағын залалсыздандыру шаралары кешенді түрде жүргізіледі.

Тұрғындарды хабарландыру

Бактериологиялық қару қолданғаны жөнінде барлау жасағы анықтағаннан кейін тұрғындарға «Химиялық қауіп» деген сигнал жібереді. Сигналды естігеннен кейін тұрғындар жедел жеке және ұжымжық қорғану құралдарын, баспаналарды қолдану керек. Яғни жқұпалы ауруды жұқтырып алмау үшін барлық мүмкіндікті қолдану керек.



  1. Бактериологиялық барлау жұмысын жүргізу

Бактериологиялық қаруды қолданғаны жөнінде жалпы барлау жасағаннан кейін, арнайы бактериологиялық барлау жұмысы жүргізіледі. Бактериологиялық барлау жасағанда мына міндеттерді орындайды: эпидемиологиялық тексеру жұмысы; ауа, су, топырақ, азық-түлік, кеміргіштер, жәндіктер басқа да заттардан сынамалар алып лабораторияда зерттеу. Зерттеу жұмысы бактериологиялық зертханларда жүргізіледі. Зерттеу жұмысы жылдам және классикалық 2 жолмен жүргізіледі. Зерттеу арқылы жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қолданылады, қай жерде қолданылды, оның шекарасы анықтайды.

  1. Карантин және обсервация ұйымдастыру

Бактериологиялық қару қолданғаны жөніндегі дерек расталса, онда АҚ бастығының шешімімен карантин мен обсервация ұйымдастырылады. Карантин дегеніміз бактериологиялық зақымдану ошағын залалсыздандыруға, жоюға бағытталған қатаң оқшаулау мен індетке қарсы жүргізілетін шараларды айтамыз.

Карантиннің мақсаты- жұқпалы ауруларды таратпау.

Бактериолгиялық зақымдану ошағында карантин шарасын жүргізу үшін біраз әкімшілік, ұйымдастыру, шаруашылық және медициналық шараларды жүргізуді қажет етеді.

11. Жаңа тақырыпты бекіту 20 минут

1. Төтенше жағдай кезіндегі індетке қарсы шараларды ұйымдастыру.

2. Карантин және обсервацияны ұйымдастыру.

3. Эпидемияға қарсы санитарлық-гигиеналық шараларды ұйымдастыру.



12. Сабақты қорытындылау 15 минут

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру 10 минут

1.Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу
1   2   3


жүктеу 0.56 Mb.