Главная страница
Контакты

    Басты бет


Анықтамалық-жол көрсеткіш « Мен саналы өмірімнің 20 жылын Қарағанды мен Теміртау қалаларында өткіздім. Қарағанды политехникалық институтында оқыдым »

жүктеу 0.53 Mb.



жүктеу 0.53 Mb.
бет1/3
Дата23.10.2017
өлшемі0.53 Mb.

Анықтамалық-жол көрсеткіш « Мен саналы өмірімнің 20 жылын Қарағанды мен Теміртау қалаларында өткіздім. Қарағанды политехникалық институтында оқыдым »


  1   2   3
ҚарМТУ – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің білім ордасы ҚарМТУ студенттеріне арналған АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛ КӨРСЕТКІШ «...Мен саналы өмірімнің 20 жылын Қарағанды мен Теміртау қалаларында өткіздім.

Президент (латын тілінде praesіdens - басшы, алдыңғы қатарда отыратын) - 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.)

Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.

Қарағанды политехникалық институтында оқыдым...» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1. ҚарМТУ-да оқуды ұйымдастыру 1.1. Жалпы мәліметтер ҚарМТУ – Қазақстанда және шетелде кеңінен танымал, көп бейінді оқу-білім және ғылыми кешені даму үстіндегі еліміздің өткен ғасырда іргесі қаланған беделді жоғары оқу орындарының бірі. Қарағандылық «Политехтің» тарихы мен қазіргі жетістіктері Елбасының қызметімен, оның ғаламдық бастамаларымен және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғырту мәселелері бойынша бағдарламалық мақсаттарымен, оның ішінде жоғары білім беру саласындағы халықаралық стандарттар деңгейіне жетумен тығыз байланысты.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

2012 жылғы 1 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне Нұрсұлтан Әбішұлы AlmaMaterге келді, бұған жөнінде ҚарМТУ құрметті қонақтарының кітабындағы өз қолымен қалдырған жазбасы куә: «Мен осы оқу орнында – бүкіл Қазақстан үшін инженерлік кадрлар шеберханасында оқығанымды мақтан етемін».

Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.

Университет мұражайында Қарағанды политехникалық университетінің студенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған экспозиция ұқыпты сақталуда. 80 мыңнан астам біздің түлектеріміздің арасында – белгілі саяси қайраткерлер, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Ресей, АҚШ, Израиль, Германия, Францияда және әлемнің басқа елдеріндегі ғылыми мекемелердің басшылары, мәдениет және білім беру саласының майталман үздіктері бар Университет Қазақстан Республикасындағы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлар шығаруды жүзеге асырушы және Болон конвенция талаптарына, ҚР мен әлемдік қауымдастықта қабылданған үш деңгейлі білім беру: бакалавриат – магистратура – докторантура бағдарламасына толық шамада жауап бере алатын ірі техникалық жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасын орындау мақсатында ҚарМТУ базасында Қазақстандағы ең үздік Инженерлік бейіндегі зертханалардың бірі құрылды және инновациялық жүйенің ұлттық субъектілерінің негізгі интеграторы болуға қабілетті және зерттеулер жүргізуде халықаралық стандарттарды алға жылжытуға, халықаралық ғылыми қоғамдастықпен және индустриямен серіктестікті дамыту және нығайтуға мүмкіндік беретін Халықаралық материалтану орталығын ұйымдастыру жүргізілуде.

Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) - виртуальдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру.

Материалтану - қатты және сұйық күйдегі материалдардың қасиеттерін зерттейтін дисциплинааралық ғылым саласы. Зерттелінетін қасиеттерге заттың құрылымы, электронды, жылулық, химиялық, магниттік, оптикалық қасиеттері жатады.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

2010 жылы қазанда Қазақстан мен Франция Президенттерінің шешімімен француздық «ТОТАL» компаниясының қатысуымен ҚарМТУ-да халықаралық деңгейдегі мамандарды және мұнай-газ саласындағы және өнеркәсіптегі дәнекерлеудің қазіргі технологияларының трансфертін даярлауға арналған «Қазақстан дәнекерлеу институты» ҒЗИ ұйымдастырылды.

Дәнекерлеу - қосылатын (біріктірілетін) металл жиектерін жоғары, бірақ балқу температурасынан темен температураға қыздырып, жиек аралығына балқыған металл беріліп кристалдандыру нәтижесінде біртүтас қосылыс қалыптастыру.

Француздар (өзд. атауы - франсе) - ұлт, Францияның негізгі халқы. Франция мен оның иеліктерінде (Гвина, Жаңа Каледония, Реюньон, Француз Полинезиясы), Алжирде, Тунисте, Мароккода, Мадагаскарда тұрады. Француздардың ірі топтары АҚШ, Италия, Бельгия, Швейцария, т.б.

Аталған факультеттің оқыту орталығы базасында «Халықаралық дәнеркерлеуші», «Дәнекерлеу бойынша халықаралық практик» және «IWE халықаралық инженер-дәнекерлеуші» бағдарламалары бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес мамандарды оқыту жүргізілуде. 2008 жылы Университет Қазақстанда алғашқы рет оқу сапасы менеджменті жүйесінің ICO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне ресертификаттық аудиттен өтті және «Русский регистр» мен IQ NET сертификаттарын алды. ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы жыл сайын жүргізетін жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингінде ҚарМТУ республикадағы барлық техникалық жоғары оқу орындарының арасынан құрметті орынға жыл сайын ие болады. Университет - Қазақстандағы «Электрондық Университет» мәртебесі бар алты жоғары оқу орнының бірі. Халықаралық стандарттарға білім беру процесінің бағдары «білім-ғылым-инновация» үштағаны шеңберінде мазмұнды біріктіруді қамтиды. Осы қазіргі заманғы парадигманы тиімді іске асыру үшін ҚарМТУ-да 50 ҒЗИ-дан, ғылыми зертханалардан және орталықтардан, шағын енгізбелік кәсіпорынды қамтитын ғылыми-техникалық кешен құрылған және табысты қызмет етуде. 2008 жылы республикада аналогы жоқ Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» атты тілдер орталығы құрылды, ол орталықта әрбір ниет білдіруші оқытудың қазіргі заманғы әдістемесі мен құралдары арқылы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгере алады.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

2008 жылы 19 маусымда Университет дамуының Кешенді Бағдарламасына сәйкес Қазақстандағы алғашқы инновациялық білім беру концорциумы «Корпоративті университет» құру туралы Келісімге қол қойылды, оның мүшелері - Қазақстанның және Ресей Федерациясының ғылыми және өнеркәсіптік кәсіпорындары. ҚР Білім және ғылым министрлігінің пікірі бойынша Орталық Қазақстан өңірінде Корпоративті университеттің құрылуы, тұтастай алғанда, Қазақстандағы және Қарағанды өңіріндегі қазіргі заманғы әрі өзекті техникалық білім беру болып табылады.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.

Университет мамандар даярлаудың сапасын және олардың халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламаға сәйкес жетекші шетел жоғары оқу орындарымен шығармашылық ынтымақтастықта екі дипломды білім беру бағдарламасын іске асыруда. ҚарМТУ – ірі ғылыми орталық. Университетте өткізілетін халықаралық, республикалық, өңірлік ғылыми-техникалық конференциялар академиялық таңдаулы топты, жас аспиранттарды, магистранттарды, студенттерді, өңірдегі, республикадағы, ТМД елдеріндегі және шетелдегі ірі кәсіпорындардың мамандарын топтастырады Университет оқу стандарттарын әзірлеу және инновациялық кәсіпорындар құру бойынша ТЕМПУС халықаралық жобасына қатысады Словакия мемлекеттік университетімен, Циттау – Гертлитц институтымен (Германия), Болтон университетімен (Ұлыбритания), Рочестерский технологиялық институтымен (АҚШ), Кошица қаласындағы Техникалық университетпен (Словакия), Қолданбалы ғылымдар техникалық университетімен (Вильдау қ.

Аспирант (лат. aspirans - талпынамын, жақындауға тырысамын) - жоғары оқу орындары мен ғылыми-зертеу институттарында ғылыми және окытушылық жұмысқа даярланушы, кандидат ғылыми дәрежесі диссертациясын қорғау талапкері.

, Германия), Томск политехникалық университетімен (Ресей), Урал мемлекеттік техникалық университетімен (УГТУ - УПИ), Киев ұлттық және Тернополь университеттерімен (Украина) және т.б. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Біздің университет тек білім және ғылым саласындағы табыстарымен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру дәстүрімен де танымал, мысалы: «Студент қатарына қабылдау», «Политбой», «Брейн - ринг». Біздің «КТК» командамыз «Астана» КТК аймақтық Лигасының дипломанты болып табылады. Көптеген жылдар бойы көркемөнер үйірмелері, студенттік бірлестіктер жұмыс істейді: «Орфей» студенттер театры мен «Француз пьесасы» театры, «Жастар» театр студиясы; дебат клубы; Қазақстан студенттерінің Альянсы (ҚСА); студенттік өзін-өзі басқару; «Жасыл ел» СҚО; «Ақ ниет» қайырымдылық ассоциациясы; қайырымдылық ассоциациясының мақсаты балалар үйлеріне, мүгедектерге, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға моральдық және материалдық көмек көрсету болып табылады.

"Еңбек" - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.

Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Біздің студенттеріміз спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысады: ҚР ЖОО Универсиадасы, «Президенттік миля», «Денсаулық сағаты», спорттың 15 түрінен факультеттер арасындағы спартакиада; спорттың 6 түрі бойынша Ректор Кубогы, «Сергектік және денсаулық» Спартакиадасы. Соңғы жылдары университетте халықаралық дәрежедегі 2 спорт шебері, 18 спорт шебері, 20 спорт шеберіне кандидат, 259 спортшы – разрядшылар жаттықтырылды. ҚарМТУ-дың, Корпоративті Университеті кәсіпорындарының, Технологиялық колледждің, Жұмысшы мамандықтар орталықтарының қазіргі интеграцияланған білім беру және ғылыми-өндірістік базасы Елбасымен қойылған – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру арқылы елді әлеуметтік жаңарту жаһандық міндетін шешуде 20 қадамды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ҚарМТУ бірінші проректоры, т.ғ.д, профессор, ҚазҰЖҒА, ҚЖМ ҰҒА, ХАҒА академигі Исағұлов А.З. және машина жасау факультетінің «Металлургия» мамандығының IV курс студенті Насенов Т.Е. «Жылдың педагог-ғалымы» және «Жылдың дипломдық жұмысы» номинацияларында «Алтын Гефест» Ұлттық салалық сыйлығының лауреаттары атанды.

Машинажасау (ағылш. Mechanical engineering, орыс. Машиностроение) - бұл еңбек құралдарын, көліктерді және де қолданыстағы заттар мен қорғаныс өнімдерін жасайтын өндіріс салаларының кешені. Машинажасау салалары физика, инжиниринг және материалтанудың білімдерін қолдана отырып механикалық жүйелерді құрастыруға, өндіруге және оларға қызмет көрсетуге қолданады.

Лауреат (лат. Lfureafus - гүл тәжімен марапатталған) - ғылым, техника, мәдениет, т.б. салалардағы аса үздік жетістіктері мен табыстары үшін берілетін құрметті атақ, арнайы жүлде.

Біздің жеңімпаздарымыз 12 номинацияның ішіндегі 2 сыйлықтың лайықты иегерлері. Номинация жеңімпаздарына «Алтын Гефест» және ақшалай сыйлық тағайындалды. «Алтын Гефест» сыйлығы – 2010 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен ERG компаниясының тұрақты қолдауымен тағайындалған жалғыз кәсіптік марапат. «Алтын Гефест» сыйлығын жауапкершіліктің жоғары сезімі, кәсібилік, жаңашыл рух біріктіретін саланың, компанияның кәсіби мамандары мен жобалар, журналистер, педагогтар иеленеді, бұл қазақстандық ГМК жетістігінің кепілі болып табылады. ҚарМТУ институционалдық аккредитациядан сәтті өтіп, 5 жыл мерзімге сертификат алды. Іс жүзінде ЖОО барлық білім беру бағдарламалары АРТА мен БСҚА мамандандырылған аккредитациясынан сәтті өтті. Білім беру бағдарламаларының халықаралық танылуы Еуропадағы Болон процесі аясында әлемдік білім беру жүйесімен ҚарМТУ инженерлік білім беруін біріктіру үшін ынталандыру болып табылады.

Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.

Сертификат (Куәландырма) (лат. sertіfіco - куәландырамын) - иеленушіде белгілі бір білім мен біліктілік бар екенін куәландыратын құжат; белгілі бір фактіні растайтын құжат (мыс., медициналық сертификат - қайсыбір елге сапарға шығар кезінде егу жасалғандығы туралы, т.б.)

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.

Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” - “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) - Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.

Университетте әлемнің ірі ЖОО – Луизиана Техникалық университеті (АҚШ), Фрайберг тау-кен академиясы (Германия), Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті (Ресей), Ресей халықтар Достастығы университеті, Мәскеу энергетика институты (Ресей) және басқаларымен екі дипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Университет тек инженерлер даярлаудағы жоғары деңгеймен ғана ерекшеленбейді, сонымен бірге оқу процесімен және кәсіпорындардағы өндірістік қызметпен тығыз байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесімен де көзге көрінеді. СТУДЕНТКЕ ҮНДЕУ Жоғары оқу орнының түлегі қазіргі заманның сұранысына ие болуға және табысты мансап жасауға мүмкіндік беретін білімнің, практикалық дағдылардың, тұлғалық сипаттамалардың таратушысы болып табылады. Сіз біздің Университетті таңдай отырып дұрыс таңдау жасадыңыз. Білім өте маңызды әлеуметтік және экономикалық ресурс болып табылады.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

ҚарМТУ-да білім сапасы біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етіледі. Сабақтар ең үздік мамандарды тарта отырып қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Өзінің қажеттіліктерін табысты іске асыру үшін болашақ мамандықты дұрыс таңдай білу қажет, мамандық бойынша жұмысқа сапалы дайындалу қажет, білім беру процесіне белсенді қатысу керек. Кез келген мамандықтың ең үздік мамандары әрдайым сұранысқа ие болады 1.2. Ректорат Ректор Ибатов Марат Кеңесұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор 1983 жылы Мәскеудің автомобиль-жол институтын (МАДИ) үздік аяқтап, Қарағанды политехникалық инстиутына жіберілген, мұнда аға инженер, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Мәскеу (орыс. Москва́, (айтылуы (ақп.))) - Ресей Федерациясының астанасы. Ресейдің еуропа бөлігінің ортасында, Мәскеу өзенінің жағасында орналасқан. Жер аумағы 1000 км2. Климаты қоңыржай континенттік. Орташа температура қаңтарда –10,20С, шілдеде 18,10С; жылдық жауын-шашын мөлшері 600 мм-ге жуық.

1987-1990 жылдары Мәскеудің автомобиль-жол институтында (МАДИ) аспирантурада оқыған. 1991 жылы Мәскеудің автомобиль-жол институтында (МАДИ) техникалық ғылымдары кандидаттығы ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясын қорғаған. 1991 жылдан бастап ҚарПТИ-де (кейінгі ҚарМТУ) «Автомобиль транспорты» кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған (1993,1994 жылдары). 1995-1997 жылдары ҚарМТУ оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы міндетін атқарған.

Аспирантура (латынша aspiranse - бір нәрсеге ұмтылушы, орыс тілінде тура - сөз тудырушы жұрнақ) - жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы ғалым-педагог, т.б. ғылыми мамандар даярлау бөлімі.

Құрмет - жеке адамға өзге адамдар тарапынан көрсетілетін қошемет. Адамға құрмет көрсету оның жеке басы қасиеттеріне, ішкі құндылықтарына, кейде жас мөлшеріне, отбасы жағдайына, лауазымына орай орын алады.

1997-2007 жылдары автомобиль-жол факультетінің деканы болған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған (2000, 2003, 2009 жылдары). 2003 жылы докторлық диссертациясын қорғаған. 2005 жылы ҚР БҒМ-нің Білім және ғылым саласын аттестаттау мен бақылау жөніндегі Комитет шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.

2007-2008 жылдары ҚарМТУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 2008-2011 жылдары ҚарМТУ-да «Автомобиль транспорты» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет еткен. 2011 жылы 1 маусымнан бастап Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің  бірінші проректоры болып жұмыс істеген. 2012 жылы 11 маусымнан бастап Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры болып жұмыс істеген. «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» Төсбелгісімен, «10 жыл Астана» медалімен, Қазақстан Республикасының кәсіподағы ОК-нің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамотасымен, Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді еңбегі үшін» Төсбелгісімен, Ахмет Байтұрсынов атындағы Төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» мемлекттік марапатты медалімен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Алғыс хатпен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» Медалімен марапатталған.

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Ғылымдар академиясы - ғылыми-зерттеу мекемесі немесе ғылыми-зерттеу мекемелерін біріктіретін қоғамдық ұйым. Ғылым академиясына ұқсас мекемелер б.з.б. болған (қ. Академия). Ал Еуропада 15–16 ғасырларда көптеген ғылыми қоғамдарға академия атауы берілген.

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

2016 жылдың желтоқсан айынан  Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры қызметін атқарады. 160-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбек жариялаған. Бірінші проректор Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының үздік өнертапқышы, Халықаралық ақпараттандыру академисының академигі, Халықаралық жоғары мектеп ғылымдар академиясының, ҚазЖҒҰА академигі. 1976 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген. 1972-1976 ж.ж. – Ленин стипендиат. 1976 бастап 1977 жж. дейін – «Каргормаш» өб бас металлург бөлімінің ІІ санаттағы инженер-конструкторы. 1977-1980 жж. – Мәскеу автомобиль жасау институтының (МАЖИ) аспиранты.

Аристотель (көне грекше:Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Халкидики түбегі - б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халкида, Эвбея аралы) - ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.

Металлургия (грек. metallurgeo – руда өндіремін, металл өңдеймін, metallon - рудник, металл және ergon - жұмыс) - ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.

Автомобиль өнеркәсібі - өнеркәсіптің автомобиль жасауға мамандандырылған саласы.

1987-1988 жж. – Аахенск техникалық университетінің, құю институтының ғылыми машықтанушысы. 1980-1992 жж. – аға оқытушы, доцент,  1992 бастап 2000 жж. дейін – «Машиналар, құю өндірісі технологиясы және конструкциялық материалдар» кафедрасының профессоры, ал 2000 ж. маусымынан бастап кафедра меңгерушісі. 2004 ж. наурызынан бастап 2011 ж. маусымына дейін – бірінші проректор. 2011 ж., шілде айынан бастап Инновация және ОӘЖ жөніндегі проректор болып, ал 2013 ж., қаңтар айының 24-нен ҚарМТУ-дың бірінші проректор қызметін атқарады. Стратегиялық даму бойынша проректор Жетесова Гульнара Сантаевна – техника ғылымдары докторы, профессор. 300-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік баспа жұмысының, соның ішінде 5 монография, 84 оқу құралының және электронды оқулықтарға арналған зияткерлік меншікті тіркеу туралы 8 куәліктің авторы.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

Ол «Машина жасау» және «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура мен докторантураның 4 буынының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және 30-дан аса түрлі оқу бағдарламасын әзірлеуші. ҚарМТУ СМЖ құжаттамасының ішкі аудиторы мен нормоконтролеры. 15 жоғары оқу орнының және өндірістік кәсіпорындардың сапа менеджменті жүйесін әзірлеушісі. ҚР БҒМ механика және машина жасау болйынша сарапшы кеңес мүшесі. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері болды (2006, 2012 жж.). «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Ожигин Сергей Георгиевич ғылыми жұмыс бойынша проректор – техника ғылымдарының докторы, профессор. 1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын (КарПТИ) «Маркшейдерлік ісі» мамандығы бойынша тамамдап, оған «тау-кен инженер –маркшейдер» жоғары дәрежелі маман иегері болды. Институт бітірісімен КарПТИ «Маркшейдерлік ісі және геодезия» кафедрасындакғы ғылыми-зерттеу зертханасының (ҒЗЗ) «Тау-кен жыныстарының қозғалысы» аға инженер қызметін басқарып, кіші ғылыми қызметкері болды. 1988-1990 жылдары «Маркшейдерлік ісі» мамандығы бойынша аспирантурасын оқиды. 1990-1992 жылдары (ҒЗЗ) «Тау-кен жыныстарының қозғалысы» ғылыми қызметкері болды. 1992-1997 жылдары участоктық маркшейдер, 1997 жылдан АООТ «Шұбаркөлдік тілік» техникалық бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 1999-2001 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) докторанты. 2001-2006 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) «Маркшейдерлік ісі және геодезия» кафедрасының (МІжГ) доценті. 2006-2009 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) халықаралық қатынас және ғылыми басқару бөлімінің бастығы. 2009-2011 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) МІжГ кафедрасының доценті, 2011жылдан бастап аталған кафедраның профессоры. Тау-кен геомеханикасы мен маркшейдерлік іс саласының маманы. Тәрбие ісі жөніндегі проректор Алпысбаева Назым Амангазыевна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент. 1982 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді; 1984 жылға дейін АЖЖ зертханасында тағылымгер-зерттеуші, инженер болып қызмет етті; 1984-1988 жыл аралығында «Пайдалы қазбалар орнын барлау» кафедрасы жанындағы күндізгі аспирантурада білім алды. 1988 жылы техника ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Диссертациялық жұмыстың ерекшелігін және қорғағаннан кейінгі жарияланған мақалаларды, «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасындағы (1991 ж.) жұмыс тәжірибесін ескере отырып 2000 жылдың желтоқсанында ЖАК «экономика мамандығы бойынша доцент» атағын берді. 2001 жылдың сәуір айынан ҚарМТУ-да қызмет етеді. 80 астам ғылыми мақалалар мен жұмыстар жариялады, соның ішінде «Қарағанды көмір бассейні» кітабы бөлімінің, мемлекеттік тілдегі «Шахталарды жобалау» оқулығының, төрт монографияның, бес кәсіпорын, ТКШ экономикасы, жылжымайтын мүлікті басқару негізінде оқулықтардың
  1   2   3

  • Білім және ғылым министрлігінің
  • Мәскеудің

  • жүктеу 0.53 Mb.