Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қандай тіл болмасын оны еркін меңгеріп, өз ойын толық та нақты жеткізе білу үшін сол тілді грамматикалық, фонетикалық, лексикалық тұрғыдан жетік игеруі тиіс

жүктеу 105.78 Kb.



жүктеу 105.78 Kb.
бет1/2
Дата15.03.2017
өлшемі105.78 Kb.

Қандай тіл болмасын оны еркін меңгеріп, өз ойын толық та нақты жеткізе білу үшін сол тілді грамматикалық, фонетикалық, лексикалық тұрғыдан жетік игеруі тиіс


  1   2

Қандай тіл болмасын оны еркін меңгеріп, өз ойын толық та нақты жеткізе білу үшін сол тілді грамматикалық, фонетикалық, лексикалық тұрғыдан жетік игеруі тиіс. Алайда, ағылшын тілінде басты рөлді сөзді фонетикалық дұрыс жеткізе білу ойнайды.
Лексика (грек. лексикос - сөздік) - тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады.
Ағылшын тілі Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.
Шетел ғалымы Б.Ф. Корндорф пікірі бойынша фонетиканы меңгерудің маңыздылығы - дыбыстық тіл адамзат қоғамының жалғыз тілі болғанында.

Сөйлеушінің көңіл-күйі, эмоциясы, қатынасын дұрыс жеткізе білуінде және тыңдаушының оның сөзін дұрыс ұға білуінде дауыс ырғағының рөлі айрықша. Шетел фонетистерінің бірі Р.Кингдонның “Дауыс ырғағы  тілдің жан-дүниесінің айнасы” деген сөзі осы мәселені дәлелдейтін секілді [1, 35].

Яғни, бірнеще зерттеушілердің берген анықтамаларын талдай келе, Брызгунова берген нақты да қысқа анықтамаға тоқталсақ деп отырмыз. “дауыс ырғағы дегеніміз тілдің дыбыстық құралы, оның көмегімен сөзде сөйлеуші мен тыңдаушы өз ойлары мен қарым-қатынасын білдіреді.”

Сөйлем түрлерінің ішінде қоғамда адамның өз ойын, таным-білімін дұрыс жеткізуінде сұраулы сөйлемнің орны ерекше. Алайда, тілдік жоғары оқу орнында қазақ тілді студенттердің ағылшын тілінде сұраулы сөйлем дауыс ырғағын ана тіліндегі сұраулы сөйлем құрылысы мен айту ырғағының ерекшеліктерінің әсерінен дұрыс меңгере алмау кемшілігін жою мақсаты зерттеу жұмысының тақырыбын осы мәселеге арнауға мәжбүр етті.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Көптеген жылдар бойы әртүрлі ұлттар аудиториясында шет тілінің фонетикасына үйретуде студенттердің ана тілінің ерекшеліктерін ескере отырып оқыту зерттеушілердің іздену жұмыстарының басты пәні болып келеді (Г. П. Торсуев, Т. Айтжанов, В. А. Исаков, И. В. Коробова, И. С. Гизатуллин және т.б.), ал дауыс ырғағы, оның компоненттерін, олардың қызметін және рөлін зерттеушілердің де саны аз емес (В. А. Васильев, Ю. А. Дубовский, Л. Р. Зиндер, Т. М. Николаева, т.б.) және дыбыс ырғағының жүйесінің функциясын анықтауда біраз зерттеушілер еңбек сіңірді (Ф.А.Артемов, И.Г.Торсуева, D.Crystal, H.Palmer, D.Jones, R.Kingdon). Соның ішінде қазақ тілі мен ағылшын тілін салыстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтауда қазақ зерттеушісі М.К.Исаевтың еңбегін зор мақтанышпен айтуға болады.

Алайда ғылыми еңбектер, оқулықтар, бағдарламалар, зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасай келе тілдік жоғары оқу орнындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгертуде нақты да нәтижелі жол көрсетілмегені, бұл мәселе жетік зерттелмегені байқалады. Содан болар, білім беру, оқыту кезінде студенттердің ана тілінің (біздің мәселемізде қазақ тілінің) ерекшеліктерінің әсерін ескере отырып жасалған оқыту әдісі жоқтың қасы.

Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Осының нәтижесінде көптеген жағдайда қазақ тілді студенттер ағылшын тілінде сұрақ қойған кезде дауыс ырғағын қате қолданады, бұл, әлбетте, студенттердің сөзінің мән-мағынасына кері әсер етіп, оның көркемділігіне бөгет болады.

Яғни, тілдік жоғары оқу орындарындағы қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағын меңгертудің белгілі бір нақты оқыту технологиясы, ғылыми зерттеуден өткен оқыту материалдарының жоқтығы басты мәселеболып отыр.

Мұның бәрі қазақ тілді студенттердің ағылшын тілін жетік біліп, сол тілде, әсіресе сұраулы сөйлемнің дауыс ырғағын қолдануда білім, білік, дағдыны қалыптастыру үшін керекті, тәжірибелі әдістеме жасау қажеттілігін тудырады.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

Егер студенттерге ағылшын тілінің дауыс ырғағын тез және нәтижелі меңгерту барысында олардың ана тіліндегі қалыптасқан дыбыстау білімін көңілге ала отырып оқытса, онда интонациялық дағдыларды меңгеру деңгейі жоғары болары сөзсіз, өйткені әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктері болады және студенттер ана тілінде қолданылатын дауыс ырғағын салыстыра отырып үйренуге мүмкіндік алады.

Енді қазақ тілді студенттерге келетін болсақ, келесідей әдістемені қолдану тиімді болатынын айтпақшымыз.

Арнаулы әдістеме жасау мақсатының негізінде, ең алдымен, студенттердің өмір тәжірибесін, жас ерекшеліктерін, қоғамдық жағдайы мен қабілетін ескеріп, қазіргі таңға сай жаңа инновациялық технологияларды негізге ала отырып, студенттердің ана тілін есепке алу керек. Шет тіліне оқытудың бастамасын анықтау үшін алдымен білім алушының жеке тұлға ретіндегі қасиеттері мен оның адам ретінде тілді және сөзді қабылдау, меңгеру процесіндегі ерекшеліктерін көңілге алу қажет болып табылады.

Қандай шет тілі болмасын, оны оқытудағы ең басты мақсат – студенттерді шет тілінде қарым-қатынас жасауға үйретіп, нәтижеге жету. Нағыз қарым-қатынаста студенттер өз ойын толық та нақты жеткізіп, еркін сөйлей алу керек, соған байланысты ана тілі емес тілді оқуда коммуникативті принципті негізге алу міндетті.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Тілді үйрену процесі барысында, әлбетте, ана тілінің әсері білінбей қоймайды және де екінші тілді меңгеру ана тілімен тығыз байланыста болады, сондықтан ана тіліне сүйену принципі назардан тыс қалмайды.

Әрбір ұлттық тіл белгілі бір тарихи-мәдени ортада пайда болып, дамып, қызмет етеді. Бұл әрбір тіл белгілі бір мәдениеттің өнімі ғана емес, бір бөлігі болып саналады деген сөз. Әрине, шет тілді сол тілдің мекенінің тарихы, мәдениетін білмеу меңгеру бос сөз, сондықтан оқыту процесінде лингвомәдениеттік принципіне сүйенбеу мүмкін емес.

Біздің жағдайымызда қазақ тілді студенттерге ағылшын тілінде сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағына оқыту мәселесі тұр. Тәжірибе мен зерттеулер, талдаудың нәтижелеріне назар аудара отырып, қазақ тілінің ерекшеліктерінің әсерінен студенттердің сөйлеу барысында жіберетін қателерін алдын алу мақсатымен олардың берілетін мәліметтерді саналы, танымдық тұрғыдан меңгеруіне назар аудару қажет.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Сол мәліметтерді қабылдай отырып, оны қолдануды дағдыға айналдырып, өмір тәжірибесінде қолдануға бейімдеу керек. Осы әдістеменің негізгі мақсаты психологиялық мәліметтерге сәйкес дағдыны қалыптастыру үш кезең негізінде іске асады: аналитикалық, синтетикалық және іс-әрекетті автоматтандыру кезеңі.

Просодикалық материалмен танысу және оны бекіту кезеңдері адапталған түрде берілгелі отырған әдістемеде қарастырылады.

Студенттердің ағылшын тіліндегі дауыс ырғағымен ең алғаш рет практикалық сабақтарда танысады, бұл кезде мұғалім оларға ағылшын тілінің дауыс ырғағының табиғаты мен оны сөзде қолдану ерекшеліктерін түсіндіреді.

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.
Мұғалім немесе оқытушы - болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.
Ал студенттердің алдында ағылшын тілінде дұрыс дауыс ырғағымен сөйлей алу міндеті тұрады. Бастапқы кездері студенттер өз ана тілінің ерекшеліктерінен асып кете алмай, ағылшын тіліндегі дауыс ырғағынан дұрыс қабылдап, дұрыс қолдана алмайды.

Сондықтан қазақ тілді студенттерге ғалшын тіліндегі дауыс ырғағын оқыту процесі дайындық кезеңінен басталады. Бұл кезеңді Г.К.Тусупова қазақ тілді студенттерге неміс тілінде дыбыстау дағдысын қалыптастыру әдістемесінде “ориентировочно-подготовительный” деп атаған. Бұл кезеңде мұғалімге сабақтың жалпы материалынан сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағына сәйкес фонетикалық материалды бөліп алу қажеттілігі туады. Ал келесі мәлімет беру кезеңінде ағылшын тіліндегі сұраулы сөйлемдердің дауыс ырғағының ерекшеліктері мен айтылу

  1   2


жүктеу 105.78 Kb.