Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қалкөз Жүсіп Интернетпен ақша табу

жүктеу 103.74 Kb.



жүктеу 103.74 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі103.74 Kb.

Қалкөз Жүсіп Интернетпен ақша табу



Қалкөз Жүсіп

Интернетпен ақша табуc:\documents and settings\калкоз жусупов\мои документы\интернет китап1.jpg

Интернет тек пайдалы ақпарат алып, уақытты көңілді өткізетін құрал ғана емес.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Интернет арқылы табыс тауып, тіпті соны өмірлік кәсіп етіп алғандар бар.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Жыл өткен сайын бизнестің көптеген салалары интернетке еніп, өз жұмысын ғаламтор арқылы жүргізуге ұмтылуда.
Бизнес (ағылш. busіness - кәсіпкерлік, сауда-саттық) - пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі..
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Осыған орай, интернет арқылы табыс табушылар қатары да артып келеді.

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты пайдалы іспен қатар оның залалды жағы да болатыны белгілі. Интернет арқылы адамдардың табыс табуға құлшынуын пайдаланып, арам жолмен ақша жасауды ойлайтын алаяқтар да бүгінде ғаламторда өріп жүр. Олар бар дауыстарымен айқайлап, алаулатып жарнамалар береді және алтыннан тау тұрғызуға уәде етіп, тәтті тілмен алдап-арбайды. Көп адамдар сондай алаяқтардың қармағына түсіп, біраз ақшасынан айрылған соң ғаламтор арқылы табыс табу деген жәй ойдан шығарылған ертегі екен деген тұжырымға келеді. Ондайлар әдетте енді қайтып интернет бизнес дегенге жуымайды және жүрген жерлерінде интернет бизнес дегеннің ойдан шығарылған ертегі екендігін айтып жүреді. Осыған орай, ғаламтор арқылы ақша табуға болатынына күмәнмен қарайтындар қатары да жыл санап өсе түсуде.

Интернеттегі алаяқтық.

Ғаламтор арқылы ақша тапқысы келетіндерді қармағына түсіріп, солардың есебінен қалталарын қампайтып жатқан компания-сымақтар жетерлік. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік.



c:\documents and settings\калкоз жусупов\мои документы\интернет китап3.jpg

Форекс.

Ғаламторға кіріп, ақпарат іздей қалсаңыз алдыңызды кесе көлденеңдеп жібермейтін жарнамалардың ең басында Форекс компаниясы тұрады. Жарнамалық баннерлер, мәтінді жарнама дейсіз бе, оқытып, валюта нарығының қыр-сырын меңгертеміз, ақшаны қаппен табасың деген жылтыраған уәделерді аямай беретін брокерлік компаниялардың арбауына күн сайын жүздеген, мыңдаған адамдар түсіп, табан ет, маңдай терімен тапқан ақшаларынан айрылып жатады.

Брокер (ағылш. broker) - қор және тауар биржаларында, валюта рыноктарында тауар, валюта, құнды қағаздар, т.б. құндылықтарды сатушылар мен алушылар арасында мәміле жасасу кезінде арада жүретін ресми делдал (жеке адам немесе фирма).
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Валюта(итал. voluta - құн, баға) - тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы - теңге, Ресейдікі - рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.

Брокерлік компанияда жұмыс істейтін біреудің өз аузымен айтқан «брокерлік компаниялардың көбі клиенттерінің ақшаларын жоғалтуының есебінен табыс табады» дегенін естідім. Форексте сізге қарсы кім ойнайды? Брокерлік компания. Валютамен сауда жасаушылар неғұрлым көп ақшаларын жоғалтса, брокердің табысы да соғұрлым көбейе түспек. Бұл кәдімгі казино сияқты. Егер казиноға келушілердің бәрі ұтатын болса, казино банкротқа ұшырар еді.

Банкроттық - кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады.
Сол сияқты брокерлік компанияларға клиенттерінің ақша тапқаны емес, ақшаларынан айрылғаны тиімді. Ойын ережесін белгілейтін солар болғандықтан, трейдердің ақша табу мүмкіндігі шектеулі ғана емес, мүлдем жоққа тән. Валюта нарығымен айналысатын брокерлердің арасында тек клиенттерінің төлейтін комиссиясымен күн көретін адалдары да бар, бірақ олар өте аз. Сондықтан, сіздің форекспен ақша тапқыңыз келсе, алаяқ компанияның құрығына түсу мүмкіндігіңіз 99 пайыз десе болады.

Екіншіден, тіпті егер сіз адал брокерлік компанияға тап болып, валютамен сауда жасауға ден қойдыңыз делік. Трейдер ретінде жақсы табыс табуыңыз үшін сізге нарық заңын талдап, бағаны болжамдаудың қыр-сырын түгел меңгеру қажет болады. Кәсіпқой трейдер болу үшін кем дегенде төрт-бес жыл оқу қажет. Өз басым бұрынғы ТМД аумағында Форекс арқылы нәпақасын тауып жүрген саусақпен санарлық трейдерлерді ғана білемін.

Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.
Яғни, бұл саланың келешегі жоқ деп нық сеніммен айтуға болады. Сондықтан, ақылыңыз болса, Форекстен жүз шақырым аулақ жүргеніңіз жөн.



МЛМ компаниялар.

Бүгінде клиенттеріне алтын тау тұрғызуға уәде бергіш МЛМ компаниялар аз емес. Олар әдетте, осы жолмен күреп ақша тауып жатқан бірлі-жарым лидерлерді алға тартып, бәрін солардың аузымен айтқызып жатады. Соған сенетін жұрт компанияның құрығына түсіп, алтын уақытын бір, ақшасын екі беріп, уәде еткен мол ақшаның орнынан тиын-тебенді қанағат етуге мәжбүр. Оған шыдамағандар кетіп жатады.

Осыдан бірннеше жыл бұрын ЗекРевордс деген компания болды. Интернетте әлгі компанияның атауынан көз сүрінеді. Жұрт қырылып кірді. Сол-ақ екен компания жабылды да қалды. Содан кейін Глобал-оан деген американдық компания ашылды. Несін айтасың ешкімді шақырмай, ештеңе сатпай қырып ақша аласыңдар деген уәдеге сенгендер топырлап кірді, бірақ уәделері жалған болып шықты. Мұндай уәдешіл компанияларды мыңдап тізіп айта беруге болады.

МЛМ компаниядан тек бірлі-жарым мыңдаған рефералдары бар лидерлер ғана жақсы ақша табады. Қалғандары ақшаларын, уақыттарын жоғалтып, тиын-тебенді қанағат тұтады.



Клик арқылы ақша табу.

Шынын айтқанда мұның өзі табыс дегеннен гөрі, адамдарды қорлау десе болады. Өзіңіз ойлап қараңызшы, сіз бір сайқа кіріп, 30 секунд қарағаныңыз үшін 0.0005 цент ақы төлейді. Дәл осындай жолмен 1 доллар табу үшін сізге мыңдаған сайтты қарауға тура келмек.

Доллар (ағылш. dollar) - Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Аустралияның (Аустралия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады.
Қанша уақытыңызды, күш-қуатыңызды, онан қалды денсаулығыңызды жоғалтқанда табатыныңыз ауыз жарығысыз тиын-тебен ғана. Мұны табыс деп айтудың өзі ұят. Сондықтан, ақылыңыз болса, клик арқылы ақша табуға болады дегенге ешқашан да сенбеңіз. Бұл қарапайым жұртты алдау арқылы қанаудан басқа түк те емес.



Файл ауыстырғыштар.

Файл ауыстырғыштар арқылы жақсы ақша табуға болады деу, әрі кеткенде жаңсақтық, бері кеткенде алдау. Мәселен, сіз файл ауыстырғышқа файл салдыңыз делік. Оны 1000 рет жүктеп алғанда сізге 3-5 доллар көлемінде ақша төлейді. Енді өзіңіз есептеп көріңіз: айына 100 доллар табуыңыз үшін әлгі файлды адамдар 20000 рет жүктеп алуы тиіс екен. Жұрт таласа-тармаса жүктеп алып жататын өтімді файлды сіз қайдан алмақсыз?

Файл ауыстырғыштың бір ерекшелігі, осы тәсіл арқылы еш ақша салмай табыс табуға болады. Дегенмен, одан көп ақша тауып, күнкөрістік кәсіпке айналдырамын деу әбестік.

Инвестиция.

Ғаламторда айына ондаған пайыз өсім беретін керемет жобаларға шақырушылар қадам басқан сайын кездеседі. Олардың 100 пайызы алаяқтар. Яғни, мұндайлардың сөзіне сеніп, ақшаңызды салу, оны унитазға тастап, суын ағызып жібергенмен тең. Ұсақ-түйек жобаларды былай қойғанда, бірнеше жыл жұмыс істеп, мыңдаған клиенттерінің сенімін алып үлгірген Гаммаинвестмент, ФХ Владимир деген компаниялар да алаяқ болып шығып, клиенттерін жерге қаратып кетті.

Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
Форекстің памм-есепшот дегендері брокерлік компаниялар сияқты алаяқтықтан басқа ештеңе емес. Памм-есепшотқа ақша салып, ақшамды көбейтемін деу, ақшаңызды жоғалту ғана.

Соңғы жылдарда Форексте көшіру арқылы қайталау (копирование) деген шықты. Сіз есепшотыңызға ақша саласыз да, жақсы көрсеткішке жетіп жүрген трейдердің валюта саудасын көшіріп аласыз, яғни сіздің есепшотыңыздағы ақша әлгі «тәжірибелі» трейдердің саудасына салынады. Ол ұтса, ұтасыз, ұтылса ақшаңыздан айрыласыз. Яғни, сіз үшін сауданы әлгі «тәжірибелі» трейдер жасайды. Несін айтасың осылай жасау арқылы еш тәуекелсіз жан қинамай қырып ақша табуға болады екен дейтіндердің бәрі алақтықпен айналысқан топтың мұшелері. Мұндай тәсілмен бір тиын да таба алмайтындығыңызға бәс тігуге бармын.

Интернет арқылы оңай жолмен мол табыс тапқысы келетіндердің назарына.

Бүгінде ғаламторда «Дайын бизнес», «Қадамдап түсіндіру», «Мануал» дегендер қаптап кетті. Оның авторларының айтуынша, сіз әлгі ақпарат тауарды сатып алып, автордың жасағанын айна қатесіз қайталасаңыз болды, қырып ақша табасыз.

Автор (лат. auctor - жасаушы, шығарушы) - көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жасаған т.б.)
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Соған сеніп, осындай «дайын бизнестерді» сатып алып жатқандар аз емес. Өкінішке орай, мұндайлардың 99 пайызы жалған.

Өз басым осындай біраз инфотауарларды сатып алып көрдім, бірақ ешқайсы кәдеге жарамады. Бұл арада авторларды 100 пайыз алаяқ деп айыптауға болмайды. Таяуда осындай инфотауарын ұсынған бір инфобизнесмен өз әріптестерінің кем дегенде 80 пайызы өтірік айтатынын айтты. Мен бұған келісемін. Мәселен, егер сізге әлем чемпионы боксер Кличко «маған мың доллар беріңіз, мен сізді бір күннің ішінде өзім сияқты чемпион етіп шығарамын» десе, сенер ме едіңіз. Рас, бәлкім ол сізге өзінің ең құпия техникаларын ашып, көрсетер, бірақ оны игеру үшін сізге көптеген жылдар бойы жаттығу қажет болады.

Сол сияқты біраз жыл интернет бизнеспен айналысып, мол тәжірибе жинаған білікті кәсіпқой маман «менің жасағанымды қайталап отырсаң болды, қаптап ақша табасың» десе, бұнысы алдаудан басқа ештеңе емес. Боксер болу үшін ұзақ жылдар жаттығу қажеттігі сияқты, білікті онлайн бизнсмен болып, мол ақша табу үшін де біраз жыл оқып, тәжірибеден өту керек болады. Бұны әлгі инфобизнесмен жақсы біледі, бірақ тауарын өткізу үшін әлгіндей өтірікке барады. Ал соған сенген адамдар интернет арқылы оңай жолмен қырып ақша табудың «тәсілдерін» іздеумен алтын уақыттарын жоғалтады.

Ақиқаты мынау: интернет арқылы оңай жолмен және еш білім-біліксіз мол ақша табуға болады дегенің есекке мініп, жер шарын бір аптада айналып шығуға болады деген сияқты ақылға сиымсыз өтіріктен басқа түк те емес.

Интернетпен ақша табудың сенімді бес тәсілі

c:\documents and settings\калкоз жусупов\мои документы\интернет китап2.jpg

Егер сіз ғаламтор арқылы табыс табуға енді ден қойған болсаңыз немесе оңай жолмен мол табыс табудың амалын іздеп жүрсеңіз, онда бұл кітаптың болашағыңызды айқындауға үлкен көмегі тиетіні анық. Мен сіздің назарыңызға ғаламтор арқылы табыс табудың ең сенімді және ұзақ жылдар бойы тәжірибе мен сынақтан өткен кең таралған бес тәсілін ұсынамын. Соның бірін таңдап, сол салада оқып, білім мен біліктілігіңізді арттырсаңыз, міндетті түрде интернет арқылы жақсы ақша табатын дәрежеге жетесіз. Сонымен...



Сайт арқылы ақша табу.

Интернетте ақша табудың ең кең таралған түрі – сайтпен табыс табу. Сайтпен ақша табудың тәсілдері көп: сілтеме биржаларына тіркеліп, сілтеме сату, Гугл мен Яндекстің мәтіндік жарнамаларын сайтыңызға орнату, жеке адамдардың жарнамалық баннерлерін сайтыңызда жариялау, оқырмандардың базасын жасау арқылы хатты сатудан табыс табу, т.б.

Сайттан ақша табу үшін сіздің сайтыңыздың оқырманы көп болуы тиіс. Күн сайын 1000, одан да көп адам кіретін сайт жақсы табыс түсіреді. Мұндай сайт арқылы жоғарыда айтылған тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен табыс таба аласыз. Оқырман көп болуы үшін сіздің сайтыңыздың тақырыбы (ниша) жұртқа қызықты және адамдар көп келетін болуы шарт. Ол үшін Яндекстің күн сайын кілтті сөздерді қанша адам іздейтіндігі жөнінде статистикалық мәлімет беретін вордстат қызметіне кіріп, соның мәліметін пайдаланғаныңыз жөн. Егер бір тақырыпты іздеушілер неғұрлым көп іздейтін болса, ол тақырыппен айналысу арқылы пайда табуға деген мүмкіндік те мол болады.

Тақырыпты таңдап алғаннан кейінгі міндет сайттың құрылымын жасау.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Егер сайт жасау қолыңыздан келмесе, оны фрилансер арқылы тапсырыспен жасатып алуыңызға болады. Үшінші міндет, мазмұнды мақалалармен толтыру. Өзіңіз мақала жаза алмасаңыз, тағы да маманның, яғни копирайтердің қызметіне жүгінгеніңіз дұрыс болады. Әрине, оның бәрі тегін емес, белгілі сомада ақша төлеуге тура келеді. Сайтқа ақша салудан қашпаңыз, өйткені түптің түбінде ол ақшаңыз өзіңізге еселеп қайтатын болады. Сайт арқылы ақша табудың амал-тәсілдерімен белгілі блоггер Александр Борисовтың мына тегін оқу курсынан http://1000-k.ru/op/go/kalkoz/p/pravda танысуыңызға болады.



Әріптестік бағдарлама.

Егер сайтыңыз болмаса және мақала жазып, сайтқа жұртты тарту қолыңыздан келмесе немесе мұны әуресі көп шаруа санасаңыз, онда сайтсыз ақша табуға мүмкіндік беретін – әріптестік бағдарламаны таңдауыңызға болады. Қазір интернетте өздерінің ақпарат тауарларын сатқысы келетін инфобизнесмендер көп. Солардың ішінен тауары неғұрлым өтімді және тартымды бірнешеуін таңдап алып, әріптестік бағдарлама бойынша тіркеліңіз. Осыдан кейін әлгі инфобизнесменнің электронды кітабы немесе аудио-бейнекурсы бола ма, соның сілтемесін алып, адамдарды тартасыз.

Адамдарды тартудың амалы – хабарландырулар беру. Гугл адвордс немесе Яндекс директке және басқа да тизерлік сайттарға ақылы бағдарлама беру, оқырманы көп сайт иелерінен ақылы хат сатып алу, тегін жарнамалық тақталарды пайдалану, әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы клиенттерді тартуыңызға болады.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Ақпарат тауар иесімен жасалған әріптестік шартқа сай әрбір сатқан тауарыңыз үшін белгілі мөлшерде комиссия алып тұрасыз. Оның мөлшерін инфобизнесмен белгілейді. Орташа алғанда 50 пайызды құрайды, тіпті 100 пайыз комиссия төлейтіндер де бар. Бұл тәсілді жетік меңгеріп алсаңыз жан қинамай ай сайын мыңдаған доллар ақша табуға мүмкіндік болады. Ақпарат тауарлары өтімді және пайдалы инфобизнесменнің бірі ретінде Александр Борисовтың әріптестік бағдарламасына тіркелуді ұсынамын. Сіз оған мына сілтеме арқылы http://1000-k.ru/op/go/kalkoz/a тіркеле аласыз.

Ютуб.

Бүгінде Ютубтың бейнеқойылымдарын көрмейтін адам жоқ. Бұл сервиске тек қызықты кинолар көріп, түрлі ақпараттар алу үшін ғана кіріп қоймай, одан жақсы ақша табуға да болатынын осы салада табыс тауып жүргендер жақсы біледі. Ол үшін сіздің өз бейнетүсіріліміңіз болуы керек және ол қызықты тартымды болуы шарт. Бүгінде камера қолжетімді болды және тіпті смартфон арқылы да тәп-тәуір бейнеклип түсіруге болады.

Ютубтен өз каналыңызды ашып алу бес минуттық шаруа. Егер сізді бейнетүсірілімдер түсіру қызықтыратын болса, онда бұны хобби ғана емес, қомақты табыс табатын кәсіпке айналдыруыңызға толық мүмкіндігіңіз бар. Александр Новиковтың Ютуб арқылы қалай ақша табуға болатыны жөніндегі тегін бейнесабақтарын қарауға кеңес берер едім. Одан сіз жан-жақты және толық ақпарат ала аласыз.

Емайл-маркетинг.

Биыл көктемде ресейлік онлайнбизнесмен Иванчиннің бір айлық емайл-маркетингке арналған курсынан өттім. Бір айлық осы тегін курста осы саланың жұмысымен жан-жақты танысуға мүмкіндік болды. Аталмыш бизнесмен өткен жылы емайл-маркетинг арқылы үш миллион доллардай ақша тауыпты. Осының өзі бұл саланың қаншалықты болашағы зор екендігін көрсетсе керек.

Емайл-маркетинг дегеніміз оқырмандардың базасын жасау арқылы өз тауарыңызды немесе әріптестік бюағдарлама бойынша алған тауарыңызды оқырмандарға хат жазу арқылы ұсыну. Бір оқырман айына бір доллардың көлемінде табыс түсіріп тұрады екен. Егер сіздің базаңызда 5000 оқырманыңыз болса, айына 5000 доллар көлемінде табыс табасыз деген сөз. Оқырмандарға хат жазу арқылы оларға түрлі тауарларды ұсынудан басқа, сол хатты сатудан да ақша табуға болады. Мәселен, біреу өз тауарын сату үшін сізден хатын оқырмандарыңызға жіберуді сұрайды. Әрине, тегін емес. Оның ақысын өзіңіз белгілейсіз. Ол сізге дайын хатын береді, сіз оқырмандарыңызға жөнелтесіз.

Оқырмандар базасын жасау, автоматты түрде жіберілетін хаттар сериясын дайындау сияқты істерді қалай атқаруға болатыны жөнінде ғаламтордан қажетті ақпараттың бәрін таба аласыз. Ол үшін іздеу терезсеін пайдалансаңыз болады.



Ресселинг.

Бүгінде сату құқығы арқылы ақпарат тауарларын сатып алу, яғни ресселинг кең таралған. Мұндай ақпарат тауарларын сіз ғаламтордан еш қиналмай көптеп таба аласыз. Ең бастысы, оның жаңалығына және өтімділігіне назар аударған жөн. Бағасын өзіңіз белгілейсіз. Атап өтерлігі сол, рессилингтік тауарлар кешенді түрде сатылады. Яғни, сіз әлгі ақпарат тауарымен бірге сату бетін және оқырмандарға жазатын хаттарды қоса аласыз. Онда тауар туралы жан-жақты ақпарат пен суреті немесе бейнетүсірілімі беріледі. Бір сөзбен айтқанда, бәрі дайын. Сізге қалғаны тек жарнамалау арқылы сатып алушы клиенттерді тарту ғана. Және тағы бір жағымдысы, оны өз тауарыңыз сияқты сатып, ақшасын 100 пайыз өзіңіз алып отырасыз.

Рессилинг туралы Рашид Сайфуддиновтың тегін бейнекурсын пайдалануыңызға болады. Онда жан-жақты ақпараттар берілген.

Түйін.

Интернет күн өткен сайын кең таралып, қолжетімді бола түсуде. Адамдар компьютерді былай қойып, смартфондар арқылы да ғаламторға кіріп, оның қызметін пайдалана алады.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Қолжетімді және халық көп пайдаланатындықтан, интернетке өз бизнесін енгізуге ынталылар қатары да көбейіп келеді. Интернетте ақша бар және өте көп. Бірақ ақша табу үшін ең алдымен кәсіби біліктілік пен білім қажет және сенімді табыс көзін таңдай білу шарт.
Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
Осы үшеуі болса, сіз ғаламтор ароқылы міндетті түрде ақша табатын боласыз.



c:\documents and settings\калкоз жусупов\мои документы\интернет китап4.jpg

Кітабымызда қандай жобалардан аулақ болып, қандай жобаларды пайдануға болатыны жайында бүкпесіз жаздық. Біз ұсынған бес табыс көзінің бірін таңдап, сол саланы оқып, игерсеңіз, бірер жылдың ішінде қомақты табыс табатын интернет-бизнесмен боларыңыз даусыз.



Интернеттен қалай ақша табуға болатындығы туралы жан-жақты ақпаратты http://akikat01.com/ блогынан таба аласыз. Блогтың оқырманы болу арқылы тегін электронды кітаптар мен бейнесабақтар алуыңызға болады.

  • Форекс.
  • Интернет арқылы оңай жолмен мол табыс тапқысы келетіндердің назарына.
  • Интернетпен ақша табудың сенімді бес тәсілі
  • Түйін.

  • жүктеу 103.74 Kb.