Главная страница
Контакты

    Басты бет


Акционерлік қоғамды жария компания деп тану және одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу ережесін бекіту туралы

жүктеу 65.4 Kb.



жүктеу 65.4 Kb.
Дата04.06.2018
өлшемі65.4 Kb.

Акционерлік қоғамды жария компания деп тану және одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу ережесін бекіту туралы


Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.08.2014 10:27:43 Акционерлік қоғамды жария компания деп тану және одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 70 Қаулысы   «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1.

Басқарма - Мемлекеттік атқару және билік жүргізу органдарының құрамындағы әкімшілік бөлімше; Кәсіпорынның, ұйымның қызметіне алқа түрінде басшылық жасайтын, белгілі бір мерзімге сайланатын орган. Оны әдетте, ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы сайлаған төраға басқарады; Ұжым басшысы.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Жария компания, жария акционерлік компания (ағылш. public company-дан шыққан) - қор нарығында акциялары еш кедергісіз еркін түрде айналатын акционерлік қоғам.

Қоса берілген Акционерлік қоғамды жария компания деп тану және одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж.

Акционер - акция иесі. Ол акционерлік қоғамға айналған белгілі бір кәсіпорынның мүлкіне ортақтаса алады. Қолында атаулы акциялары бар акционерлер “бір акция бір дауыс” деген принциппен акционерлік қоғам істерін басқаруға қатысуға құқылы.

Мемлекеттік тіркеу - тіркеуші органның заңи тұлғалардың немесе шетелдік кәсіпорындардың құрылу фактісін, меншік құқықтары мен басқа да құқықтарды, шарттарды, т. б. есепке алу рәсімі. Қазақстанда меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, жедел басқару құқығы, жерді жылдан астам мерзімге пайдалану құқығы, кепілзаттар, ипотекалар, ренталар, жылжымайтын мүлікке құқықтар міндетті түрде тіркеуден өткізіледі. Тіркеу тәртібі, рәсімі, ақысы әрбір жағдайда заңдармен белгіленеді.

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап).

Хаджиева): 1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттық ұйымдастырушыларына жіберсін. 4. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 5.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.   Төраға А. Дунаев   Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 наурыз № 70 қаулысымен бекітілген   Акционерлік қоғамды жария компания деп тану және одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу ережесі   Осы Акционерлік қоғамды жария компания деп тану және одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алу ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) акционерлік қоғамды (бұдан әрі - қоғам) жария компания деп тану және одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алудың тәртібін белгілейді. 1. Уәкілетті органның қоғамды жария компания деп тану мыналарды: 1) қоғамның атауын және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес); 2) интернет желісінде қоғамның домендік аты тіркелгенін растайтын құжаттың нөмірін және күнін көрсетіп, қоғамның интернет-ресурсының корпоративтік адрестерін көрсетіп, еркін түрде жасалған қоғамның өтініші негізінде жүргізіледі. 2. Акционерлік қоғамды жария компания деп тану туралы өтінішке қоса мынадай құжаттар беріледі: 1) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған шектелмеген инвесторлардың тобы арасында қоғамның жария етілген акцияларын орналастыру жөніндегі жариялымның көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде); 2) қоғам уәкілетті органға өтінішін ұсынудың алдындағы айдың аяғындағы жағдай бойынша қоғам тіркеушісі жасаған қоғам акционерлерінің тізілімі;

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

3) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен әділет органы белгісімен қоғам жарғысының көшірмесі; 4) қор биржасы берген және қоғам уәкілетті органға өтінішін ұсынудың алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша Заңның 4-1-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшасында белгіленген критерийлерге қоғамның сәйкес келуін растайтын құжаттар. 3. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тану туралы өтінішті оның алған күннен бастап қырық бес күнтізбелік күн ішінде қарайды. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп танылуын қоғам Заңның 4-1-бабының 1-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келгенде және қоғам Заңның 4-1-бабының 2-тармағының талаптарын сақтағанда жүргізеді. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тану жөніндегі шешімді қабылдауда, қоғам ұсынған құжаттардағы ақпаратты, сондай-ақ уәкілетті органда бар басқа дерек көздерден алған ақпаратты қолданады. 4. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп танудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаған жағдайда, бас тартудың негізін көрсетіп, ол туралы қоғамға жазбаша түрде хабарлайды. 5. Қоғамды жария компания деп тану туралы қайталап өтініш ұсынылғанда не уәкілетті органға қосымша құжаттар (мәліметтер) түскенде, уәкілетті органның өтінішті қарау мерзімі қайта басталады. 6. Уәкілетті органға қоғамды жария компания деп тану үшін қоғам ұсынатын құжаттардың көшірмесі бірінші басшының (не оның орнындағы тұлғаның) қолымен және қоғам мөрінің бедерімен расталады. Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірлеп, әр парағы расталып, тігіліп және тігістің түйіні мен параққа жартылай жапсырылып, қағаз пломбамен бекітіліп ұсынылады. Бірінші басшының (не оның орнындағы тұлғаның) қолы және мөр бедері жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына қойылуы тиіс. 7. Қоғам Заңның 4-1-бабының 4-тармағында аталған жағдайларда жария компания мәртебесін жоғалтады. Уәкілетті органда қоғамның жария компания мәртебесін жоғалтатын жағдайлар басталғандығы туралы ақпарат болғанда, уәкілетті орган осы Ереженің 2-тармақта аталған құжаттарды қоғамнан сұрауға, не қоғамның тіркеушісіне, қор биржасына Заңның 4-1-бабының 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында белгіленген критерийлерге қоғамның сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) жөніндегі мәліметтерді беру туралы жазбаша сұраныспен өтініш беруге құқылы.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Қоғам Заңның 4-1-бабының 4-тармағында аталған жағдайлар басталғанда, қоғамнан жария компания мәртебесін қайтарып алу жөніндегі өтінішімен уәкілетті органға өздігінен жүгінуге құқылы. Жария компания критерийлеріне қоғамның сәйкес келмеуі жөніндегі мәліметтер расталғанда, уәкілетті орган қоғамнан жария компания мәртебесін қайтарып алу туралы шешім қабылдайды. 8. Қоғамды жария компания деп тану туралы немесе одан жария компания мәртебесін қайтарып алу туралы шешімді уәкілетті органның Басқармасы қабылдайды. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тану туралы немесе одан жария компания мәртебесін қайтарып алу туралы шешімді қабылдаған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде тиісті шешімнің көшірмесін уәкілетті орган осы қоғамға, оның тіркеушісіне, қор биржасына жібереді. 9. Қоғамды жария компания деп тану туралы немесе одан жария компания мәртебесін қайтарып алу туралы мәліметтер Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілуге жатады және уәкілетті органның интернет желісіндегі ресми сайтында орналастырылады. 10. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.                            


жүктеу 65.4 Kb.