Главная страница
Контакты

    Басты бет


Aix қҚҚ алаңында қазақстандық бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары үшін сауда жүйесінің кеңейтілген таныстырылымын өткізді

жүктеу 21.12 Kb.



жүктеу 21.12 Kb.
Дата05.06.2018
өлшемі21.12 Kb.

Aix қҚҚ алаңында қазақстандық бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары үшін сауда жүйесінің кеңейтілген таныстырылымын өткізді


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ AIX ҚҚҚ алаңында қазақстандық бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары үшін сауда жүйесінің кеңейтілген таныстырылымын өткізді 2018 жылғы 4 сәуір Алматы қ.

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап).

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (бұдан әрі – AIX) Қазақстандық қаржыгерлер қауымдастығының (бұдан әрі – ҚҚҚ) алаңында қазақстандық бағалы қағаздардың кәсіпқой қатысушылары үшін сауда жүйесінің кеңейтілген таныстырылымын өткізді. Іс-шараға ҚҚҚ-ның шақыруымен биржа нарығының 50-ден астам өкілі қатысты. Олардың ішінде екінші деңгейдегі банктер, брокерлік және заң компаниялары, «Қазақстандық қор биржасы» АҚ өкілдері, Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі және басқа да мүдделі ұйымдар болды. «Кездесу қатысушылары сауда жүйесімен және оның функционалдық ерекшеліктері, техникалық мүмкiндiктері, өтiнiмдердi қалыптастыру және есептеу процесстері жайында танысуға мүмкіндік алған», - деп атап өтті Қазақстандық қаржыгерлер қауымдастығының Басқарушы директоры Ерлан Бурабаев. Ерлан Бурабаевтің айтуы бойынша, ҚҚҚ базасында АХҚО инфрақұрылымдық элементтерінің осындай таныстырылымдар тұрақты негізде өткізіледі. Анықтама ретінде: АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды.

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тіліағылшын тілі болады.

Посткеңестік кеңістік, немесе сондай-ақ бұрынғы КСРО құрамындағы республикалар, ТМД және Балтық маңы (Балтық теңізі жағалауындағы елдер) елдері - бұл КСРО-ның ыдыру кезеңінде, яғни, 1991 жылы тәуелсіздіктерін алған мемлекеттер.

Ресми тіл - заң, сот, оқу, т.б. ресми кеңсе қызметінде мемлекеттік тілмен қатар қолданылатын негізгі тілдердің бірі. Әдетте, көп ұлтты елдердің конституцияларында кейбір тілге ресми мәртебе берілгені белгіленіп отырады.

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz Astana International Exchange (AIX). 2017 жылдың қазан айында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Директорлар Кеңесі отырысының аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы» - Astana International Exchange құру туралы шешім қабылданды. АХҚО Биржасының басты стратегиялық серіктестері – акционерлік келісім жасасқан Шанхай қор биржасы және техникалық платформасын қамтамасыз еткен Nasdaq. Шанхай қор биржасы мен NASDAQ әлемнің бүкіл биржалардың бестігіне кіретіндігін атап өту керек. AIX-тің рөлі ішкі ресурстарды жұмылдыру және шетелдік портфелдер ағымдарын тарту арқылы ішкі және өңірлік дамуды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, Биржа іскер тәжірибелерді жақсарту жолымен тиімді басқаруға жәрдемдеседі.. www.aix.kz

  • Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
  • Посткеңестік кеңістікте

  • жүктеу 21.12 Kb.