Главная страница
Контакты

    Басты бет


Абылайхан С. М., Саматова Ұ. Мектепке дейінгі ұйымда компьютерлік технологияны қолдану тәсілі

жүктеу 56.89 Kb.



жүктеу 56.89 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі56.89 Kb.

Абылайхан С. М., Саматова Ұ. Мектепке дейінгі ұйымда компьютерлік технологияны қолдану тәсілі



Абылайхан С.М., Саматова Ұ.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛІ
Мақалада мектепке дейінгі ұйымда жаңа технология ретінде компьютерлік технологияны қолдану тәсілі кеңінен қарастырылған. Компьютерлік технологияның бала тәрбиесіне әсері қарастырылған. «оқытудың компьютерлік технологиясы», «компьютерлік сауаттылық», ойын тәсілі түсініктеріне талдау жасалған.

Кілт сөздер: мектепке дейінгі ұйым, компьютерлік технология, жетекші әрекет - ойын, компьютерлік сауаттылық, тәсіл.

Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) - компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.


Мектепке дейінгі ұйымдарда қазіргі таңда жаңа технологияларды қолдануға көптеп күш жұмсалуда. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші педагогтардың негізгі міндеті: жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына жағдай жасау, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жаңа әдіс-тәсілдерді, педагогикалық, инновациялық технологияларды жан-жақты қолдана білу.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».

Аталған мәселеге байланысты зерттеу әдістерінің негізі нормативтік, ғылыми, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау және озат педагогикалық тәжірибені жинақтау болып табылады.

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында атап өтілгендей, қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы да - компьютерлік сауаттылықты қалыптастыруға байланысты.

Қазір ақпараттық қоғам, мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылған оқу іс әрекеті барысында компьютерлік технологияны қолдану жүйелі білімнің болуына үлес қосады. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, осыдан «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды.

Компьютерлік технологиялар бағдарламалаған оқытудың идеяларын дамытады, заманауи компьютерлермен қарым-қатынастың бірегей мүмкіндіктерімен байланысты әлі зерттеле қоймаған нұсқаларды ашады. Компьютерлік технологияның мақсаты - ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, қарым-қатынас қабілеттерін дамыту, «ақпараттық қоғам» тұлғасын даярлау, зерттеу және оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Тәрбие мен білім беру ісінде жаңа технологияларды меңгеру мен компьютерлік сауаттылыққа үйретуді мектепке дейінгі ұйымдарда енгізу - өскелең өмір талабынан туындаған қажеттілік.

Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Қазіргі қоғамда ақпараттық кеңістікке балаларды дайындау үшін, ең алдымен, олардың логикалық және ақпараттық қабілеттіліктерін дамыту қажет. Бүгінгі таңдағы тәрбие мен білім алып жатқан бүлдіршіндер өздерінің қабілеті мен қабылдағыштығы жағынан болашағынан зор үміт күттіреді. Олар да жаңа қоғамдағы жаңалыққа, жаңа технологияны білуге, үйренуге, меңгеруге ынталы, әсіресе компьютерге талпынысы өте жоғары. Үш жастағы балалардың өзі компьютерге қызыға қарап, егер жаңа компьютер сатып әкелсең оның қыры мен сырын тез айыра алатын қабілетке ие.

Мектеп жасына дейінгі балалардың өміріне компьютерді енгізудегі ең басты мақсат - ақпараттық технологияларға толы қоғамдық өмірге психологиялық дайындығын қалыптастыру. Компьютерлік ойын бағдарламаларының өрістеуі себепті, компьютерлер балалар өмірінде кеңінен қолданыс табуда.

Компьютерлік ойын - ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады.
Сондықтан ойындар арқылы үйреткенде баланың оқуға аса қажетті ойлау, жады, қабылдау, таным белсенділігін психикалық процестері тез дамиды. Олар ойнап қана қоймай, өздігінен жадыларын жаттықтыра алады. Әр оқу іс - әрекеті баладан түрлі тапсырмалар арқылы ақыл мен білімді көп қажет ете бастайды. Сөйтіп, ойын барысында балада оқуға деген қызығушылығы, баланың ұйымдастырушылық, интеллектуалдық және ізденушілік қабілеті қалыптаса отырып, түрлі ақпарат көздеріне қызығушылығы қалыптасады. Жаңа ақпарат алудың қажеттілігін, оны қалай түсіндіру керектігін, оның кімге қызық екендігін түсінеді.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда бүлдіршіндерге компьютермен жұмысты үйрету балалардың мүмкіндіктеріне қарай сауат ашу, санау, сан тануды, психологиялық дамуды, танымын, ой-өрісін, зейінін, шығармашылық қабілетін және тағы да басқа мүмкіндіктерді ашуға жол ашатыны айқын көрініс деп білеміз.

Бала момпьютерде ойын ойнауы арқылы, компьютер құрылғыларымен жұмыс істеп үйренеді, саусақтары жетіледі. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста компьютерді, интерактивтік тақтаны қолдану әдісін пайдалана отырып, баланы мектепке даярлау барысында кездесіп жататын көптеген мәселелерді шешуге болады.

Компьютерлік сауаттылыққа үйретудің алғышарты – балаларға танымдық түсінік беру. Балалар берілген тақырыптарға сай әрекет етуді үйренеді. Үйретудің нәтижесінде олардың дүние танымы, зейіні, есте сақтау қабілеті, қабылдауы, шығармашылық қабілеті, ой-қиялы мен жан-жақты ойлау қабілеті, ой-өрісі, логикалық ойлауы, айналадағы қоршаған ортамен байланысы одан әрі дами түседі:

- компьютер туралы ақпарат ала алады;

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

- компьютермен жұмыс жасауға үйренеді;

- компьютердің адамзат өміріне қандай көмегі бары туралы түсінеді;

- адамзат пен техниканың бір-бірімен байланысын көре алады;

- компьютердің бөліктерімен танысады;

- компьютермен атқарылатын жұмыстар туралы түсінік алады;

- баланың компьютерге қызығушылығы артады.

Жалпы, компьютермен таныса отырып ондағы жұмыс тәртібімен, қауіпсіздік ережелерімен, техниканы күтіп ұстауды, оны қосып, қайта өшіруді үйренеді.

Компьютерлерді қолдану арқылы өткізілетін ойын сабақтар 5-6 жастағы балалардан бастап, аптасына 2 реттен көп болмауы тиіс. Компьютермен жеке жұмыстың ұзақтығы:

- 5 жастағы балалар үшін – 5–7 минутты;

- 6 жастағы балалар үшін – 10 минутты құрайды.

4 - 6 жастағы балалардың танымдық жүйесі белсенді түрде дамиды яғни, дәл осы уақытта баланың қоршаған орта мен әлемдегі құбылыстар туралы түсінігін реттеуге және толықтыруға көмектесу қажет.

Компьютерлік саукаттылыққа үйреткен кезде педагог бірнеше қағиданы басшылыққа алған жөн. Атап айтар болсақ: тәрбиелік оқыту, белсенділік, көрнекілік, жүйелік, бірізділік, қолжетімділік т.б.

Бүлдіршіндер бағдарламаны жемісті меңгеру үшін олардың күнделікті оқу іс-әрекеттеріне ойындарды, тосын сәттерді, саяхаттарды кірістірген жөн. Ойын - балалармен дидактикалық қарым-қатынас жасаудың таптырмас құралы. Ойнай отырып бала ойлай да алады. Логикалық ойындарды орындау барысында балалардың ойлау қабілеті, ептілігі, шеберлігі, шапшаңдығы, зейіні дами түседі. Сонымен қатар педагог оқу-тәрбие режимінің физиологиялық негіздерін сақтауды да естен шығармаған жөн. Балалардың еңбекке қабілеттілік уақытын, шаршағыштығын, оқу жүктемесін ескере отырып, оқу іс-әрекеті барысында сергіту сәттерін, саусақ жатығулары мен көзге арналған жаттығуларын жасауды да ескерген жөн.

Қорыта айтқанда, мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа оқыту - балалардың оқу-тәрбие жұмысында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, тіл дамыту, сурет салу, құрастыру оқу іс әрекеттеріне оң ықпал етіп, экологиялық білімін кеңейтіп, баланың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы оқу іс-әрекетін ұйымдастырғанда балалардың ойлау қабілетімен қатар есте сақтау, бақылай білу қабілеттері дамиды. Компьютерлік құрылғыларды қолдана отырып, бала алдына қойылған тапсырманы орындау барысында теориялық біліміне ой салып, тапсырманы шешудің жолын іздестіре бастайды. Компьютерлік технологияны меңгерген мектепке жасына дейінгі бала «өздігімен ойлай алады», ал бұл - мектепке баратын оқушының ойлау қабілетін дамытудың негізгі қажеттілігі деп санаймыз.


Әдебиеттер тізімі

  1. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М., 2003. – 333с.

  2. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. – М.: Школа-Пресс. – 223с.

  3. М.Н.Сыздықова Ақпараттық коммуникациялық технологияны оқыту үрдісінде қолдану мүмкіндіктері // Білім. – 2003. - №4. – Б.80-82.

  4. Губайдуллина Б.Т. Мектепке дейінгі ұйымда компьютерлік сауаттылыққа үйрету http://tarbie.org/ Республикалық ұстаздар сайты

  5. Закон Республики Казахстан «Об образовании» // Казахстанская правда. – 2007. – № 127. – С. 3-6.

  6. А.Инсебаева Компьютерлік ойындардың бала психологиясына әсері // Қазақстан мектебі – 2015. - №1. – С.27-29.

  • Қазақстан Республикасының Президенті
  • Компьютерлік ойын

  • жүктеу 56.89 Kb.