Главная страница
Контакты

    Басты бет


9 Әлемдегі инновациялар

жүктеу 439.9 Kb.



жүктеу 439.9 Kb.
бет4/4
Дата22.10.2017
өлшемі439.9 Kb.

9 Әлемдегі инновациялар


1   2   3   4
тақырыбына жүргізілетін зерттеулер міндетті түрде робот-өлтірушілер жасаумен байланысты мәселелерді зерттеуді білдірмейді деген ұғымды адамзатқа түсіндіруге негізделеді.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Осы ынтымақтастық шеңберінде компаниялар жасанды интеллектпен байланысты технологияларға зерттеу жүргізудің ашықтығын, қауіпсіздігін және маңыздылығын қоғамға түсіндіруге және көз жекізуге тырысады. Бұнымен қатар, ынтымақтастық шеңберінде ЖИ саласының зерттеушілері мен негізгі ойыншылары бір-бірімен қарым-қатынас жасай алатын ашық платформа құру жоспарланған. Бұл бастама шеңберінде құрылған веб-сайт былай деп хабарлайды: «Жасанды интеллект технологиялары адамдар өмірінің сапасын арттыруға және адамзатқа климаттың өзгеруі, әлемде азық-түліктің жеткіліксіздігі, әлемдік теңсіздік, денсаулық және білім сияқты қазіргі уақыттың ең маңызды проблемаларын шешуге көмектесетініне сенеміз».
Платформа (фр. plate – жайпақ, forme - форма) - геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы.
Климат (гр. κλίμα (klimatos) - еңкейіс) - белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
Осы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойған бес компанияда жасанды интеллект саласындағы ірі нобайлар мен іске асырылып жатқан жобалар бар. IBM-де, мысалы, Watson компьютері бар; Google енді біз AlphaGo жобасы бойынша білетін DeepMind компаниясының иесі; Amazon-да Alexa – Echo «ақылды» колонкаларына интеграцияланған дыбыстық ассистент бар; Microsoft, өз кезегінде, Cortana жобасының және басқа да чатбот жобаларының иесі. Ақыр соңында, Facebook ЖИ алгоритмдерін өзінің көптеген сервистеріне біріктіруді көздейді. Бұл жобаның алғашқы қарлығаштары бетті тану технологиясы және «ақылды» жаңалықтар жолағы болды. Жоба қатысушыларының осындай сенімді құрамына қарамастан кейбіреулер олардың құрамында соншалықты әйгілі ойыншы Apple компаниясының неліктен жоқ екенін түсінбеуі мүмкін. Microsoft компаниясынан осы ынтымақтастық жобасының қосымша төрағаларының бірі ретіндегі Эрик Хорвиц The Guardian баспасымен әңгімесінде олардың осы мәселе бойынша Купертиномен тілдескенін айтқан. «Олардың осы жобаға қатысты ынта-жігерге толы екенін мен білемін және мен өз басым олардың бізге қосылуын қалар едім», — деп мәлімдейді Хорвиц. Тізімде жоқ тағы бір есім жасанды интеллектті зерделу бойынша пайдасыз бастамасы - OpenAI жобасымен Элон Маск болып табылады. Бәрі де өзгеруі мүмкін, жобаның негізгі ұйытқысы үшін бұл жобаға келісімнің бір бөлігі болу неғұрлым көп адам мен ұйымдарды кірістіруді көздейтіндіктен бұл тараптардың да ынтымақтастыққа қатысуы ықтимал. Дереккөз: http:hi-news.rutechnologygoogle-facebook-i-drugie-texnogiganty-sobirayutsya-populyarizirovat-ii.html ӨНІМДІК ИННОВАЦИЯЛАР Компания Snapchat смарт-көзілдіріктер жасай бастады Хабарламалар мен сурет алмасу бойынша танымал онлайн-сервис жасаған компания Spectacles деп аталатын смарт-көзілдіріктер жасауға кірісті. Бастапқы кезде көзілдірік 129 америка долларына сатылады, артынан бұйым көпшілік сұранысын тапса, қымбаттай түседі. Көзілдіріктер сатылымының басы оның атауының өзгеруімен тұспа-тұс келді. «Енді бұл танымал қосымша жасаған жай ғана студия емес — дейді компания басшысы Эван Шпигель, — біз сол себепті де қысқа және анағұрлым ықшам нұсқамен ауысыра отырып, атауды өзгерттік». The Journal баспасының хабарлауынша, көзілдіріктер орнатылған камералар көмегімен он секундтық бейне роликтерді жазып ала алады, камералардың шолу бұрышы шамамен 115 градусты құрайды – бұл адам көзінің қабілетімен бара-бар. Бейне түсіру үшін көзілдірік иесі онда орналасқан батырманы басады. Клип шеттері дөңгеленіп түсіріледі – бұл біздің өзімізді қоршаған әлемді көруімізге ұқсас. Бейне түсірген соң, иесі жазбаны сол бойда өз смартфонына жібере алады, сонымен қатар достарымен бөлісе алады. Көзілдіріктер үш түсте шығарылады; қара, көгілдір және қызыл. Әзірлеушілер Snapchat арқылы қарым-қатынас жасау тәжірибесін жақсартуға көмектесетін және қызықты сәттерді бірінші тұлғадан алып сақтауға мүмкіншілік беретін осы көзілдірікті жасауға бірнеше жыл жұмсадық дейді. Бұл жайт Робин Уильямс түскен «The Final Cut» фильміне ұқсайды.
Робин Уильямс (ағылш. Robin Williams; 21 шілде 1951 жыл, Чикаго - 11 тамыз 2014 жыл, Paradise Cay) – америкалық актер, продюсер.
Дереккөз: http:hi-news.ruentertainmentkompaniya-snapchat-nachala-delat-smart-ochki.html Fastbrick Robotics жаңа робот-тас қалаушыны іс жүзінде көрсетті Өнеркәсіптік роботтардың австралиялық әзірлеушісі Fastbrick Robotics жариялаған жаңа бейне тас қалаушы робот жасауда қол жеткізілген жетістікті дәлелімен көрсетеді. Компания мамандары жасаған түптұлға көптен бері тестіленетінімен, робот жақында ғана қарқынды еңбек ете бастады. Енді бұл машина-манипулятор сағатына 1000 кірпіш төсей алады! Hadrian X тас қалаушысының жұмысы 3D-принтердің берілген құрылымды басып шығару принципіне ұқсас. Тек бұл жерде материал ретінде кірпіш қолданылады. Осы түсірімде көрсетілген түпнұсқаның бұған дейінгі үлгісі Hadrian 105 осы жазда көрсетілген еді, ол сағатына не бары екі жүз кірпіш бере отырып, анағұрлым жай жұмыс жасады, бірақ ол кезден бері біраз уақыт өтті. Жалпы айтқанда, 200 кірпіштің өзі де - жақсы нәтиже. Адам, әдетте, анағұрлым аз нәтиже көрсетер еді. Тас қалаушы роботтың жаңа түптұлғасы бес есе дерлік жоғары жылдамдықта кірпіш қалайды. Оның бір сағат ішінде атқаратын жұмысы екі адамнан тұратын бригаданың бір күн бойы жасайтын жұмысымен тең. Fastbrick Robotics мақсаты —ішінде сапалы және қымбат емес үйді не бары үш күн ішінде түрғызу. 3D-принтерлерінің көптеген өндірушілері қазірдің өзінде үйлерді басып шығаруды байқап көруде, Fastbrick Robotics дәстүрлі материалдарды және әдістерді қалағанымен, тас қалаушы адамдарға соншалықты сенбейтіндей көрінеді. Дереккөз: http:hi-news.rutechnologyfastbrick-robotics-pokazali-v-dele-novogo-robota-kamenshhika.html ПРОЦЕСТІК ИННОВАЦИЯЛАР Google жаңа операциялық жүйесі енді жүктеу үшін қолжетімді Біз жақында Google корпорациясының артық шусыз және даңғаза қылмай, Fuchsia деп аталатын жаңа операциялық жүйесін әзірлей бастағанын айтқан едік. Бұл ОЖ-нің Android-тан негізгі өзгешелігі оның Linux емес, LittleKernel ядросына негізделуінде болып табылады және ол ең алдымен ресурстары өте шектеулі құрылғыларда жұмыс жасау үшін арналады.
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Операциялық жүйе қадамының бастапқы фрагменттері GitHub порталынан табылды, қазірден –ақ Fuchsia осы сайттан немесе Google Sourcе-тен тұтастай жүктей алады. Жаңа операциялық жүйені әзірлеушілердің мәлімдеуінше, ОЖ-нің қолайлы жұмысы үшін барлық драйверлердің әлі де жазылмағанына қарамастан, бүгінгі таңда ол өзін мысалы, Broadwell, Skylake және Acer Switch Alpha 12 сияқты NUC (Next Unit of Computing) жинақы платформаларында сенімді ұстайды. Ең жақын уақытта Raspberry Pi 3 платформасын және басқа да күрделі шешімдерді қолдауды ұлғайту жоспарланады. Жаңа жүйені бағдарламалаудың негізгі тілі 2011 жылы Google бағдарламашыларымен JavaScript-тің «іргелік кемшіліктеріне» балама ретінде құрылған Dart болып табылады. Желіде операциялық жүйенің қолданылу саласына қатысты қиын-кескі пікірталас жүріп жатыр. Олардың бірі оны Android және Chrome OS жүйелерінің ізбасары десе, ал басқалары бұл шешім «Заттар интернетімен» жұмыс жасауға арналған дейді. Жүйе атауы туралы бірер сөз. Фуксия – бұл күреңоттар тұқымдастарына жататын, өте әдемі гүлді, үнемі жасыл түсте болатын бұта. Fuchsia негізделетін Little Kernel – бұл шағын құрылғыларға арналған өте кішкентай операциялық жүйе (бұл ядроның салмағы не бары 15-20 килобайт). Сонымен қатар «Фуксияда» Magenta қолданылады– бұл анағұрлым өнімді гаджеттер және дербес компьютерлер үшін арналған жүйе.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Fuchsia екі түрлі операциялық жүйеден жинақталған гибрид болып табылады. Дереккөз: http:hi-news.rusoftwarenovaya-operacionnaya-sistema-google-stala-dostupnoj-dlya-skachivaniya.html МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛАР Apple Іphone 7 және 7 Plus ұсынды Apple корпорациясы калифорниялық штаб-пәтерде өткізілген жаңашылдықтар тұсаукесерінің шеңберінде iPhone 7 және 7 Plus смартфондарын ұсынды.
Маркетинг (ағылш. marketіng - рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) - кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг - сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Бұл жөнінде «Ленты.ру» тілшісі хабарлайды. Жаңа смартфондар корпусы дөңгелек пішінді, әйнектен және алюминийден жасалған, сонымен қатар онда басу күшін айыратын Home және Taptic Engine батырмасы бар. Гаджеттерде екі стереодинамика және IP 67 стандарты бойынша су мен шаңнан қорғау қарастырылған. Бұл ретте гаджеттерде 3,5-миллиметрлік құлаққаптар үшін арналған жалғығыш тесіктер жоқ. Құлаққаптар енді Lightning порты бойынша жалғанады. iPhone жинағында стандартты құлаққаптар үшін арналған жалғастырғыш тетік те бар. Бұнымен қатар, Apple W1 чипімен және қозғалыс датчиктерімен AirPods сымсыз құлаққаптарын көрсетті. iPhone 7 камерасы 12-мегапиксельдік сенсормен және оптикалық бейнені тұрақтандырғышпен жабдықталған. Түсірімдер iP7 жаңа чипінің көмегімен өңделетін болады. Алдыңғы камерасы HD түсірімдерін жасай алады және 7 мегапиксельдік мүмкіншілікке ие. iPhone 7 Plus қосарлы 12-мегапиксельдік камерамен жабдықталған. Онда он есе оптикалық ұлғайту мүмкіншілігі және фотосуреттердің жаңа портреттік стилі қарастырылған. Екі гаджетте де энергияның үнемдеуді бақылау және алты ядролық графикалық чиппен жаңа төрт ядролы 64-биттік A10 Fusion процессорлары бар.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Смартфондар иелеріне бес түсті нұсқалар қолжетімді: алтын, сұр, қызғылт, қара және қара оникс. Apple сондай-ақ жаңа функциялардың саны көп және Siri дыбыстық көмекшісінің жақсартылған жұмысымен iOS 10 жаңа нұсқасын ұсынды. Дереккөз: https:texnomaniya.ruApple-predstavila-iPhone-7-i-7-Plus ҰЙЫМДАСТЫРУ ИННОВАЦИЯЛАРЫ Xperia Agent роботы кофе деп айта алады Робот ең алғаш рет өткен жылы MWC көрмесінде ұсынылса, жақында Берлинде өткен IFA іс-шарасында қолданыста көрсетілді. Робот аудиожүйеге, теледидарға, смартфонға, компьютерге және кофемашинаға жалғана отырып, пайдаланушы мен «ақылды» үй арасындағы делдал ретінде бола алады.
Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Роботты тек шақырып, оған қандай кофе қалайтыныңызды айтсаңыз болды. Одан кейін ыдысты кофе машинасына қойып, өз істеріңізбен айналысуыңызға болады, ал робот қалғанын өзі жасайды. Agent стаканды өзі таси алмайтындықтан роботтың қабілеттері оның иесінің уақытын соншалықты үнемдейді деп айта алмаймыз. Дегенмен, оның негізінде роботқа тапсырмалар бере алатын Siri немесе Cortana тәрізді цифрлық көмекші көзделген. Мысалы, роботқа жедел істерді күнтізбеден қарап жіберуді немесе біреудің нөмірін теріп беруді тапсыруға болады. Мүмкін, айтарлықтай ештеңе емес дерсіз Сонымен қатар, роботтың керемет анимациялы көздері бар және ол музыкаға билей алады. Соңғы екі тармақ оның функционалдылығын арттырмаса да, көрер көзге ғажайып көрініс екені сөзсіз. Дереккөз: http:hi-news.ruentertainmentrobot-xperia-agent-umeet-gotovit-kofe.html
1   2   3   4

  • Робин Уильямс
  • МАРКЕТИНГТІК

  • жүктеу 439.9 Kb.