Главная страница
Контакты

    Басты бет


9 Әлемдегі инновациялар

жүктеу 439.9 Kb.



жүктеу 439.9 Kb.
бет3/4
Дата22.10.2017
өлшемі439.9 Kb.

9 Әлемдегі инновациялар


1   2   3   4
алгоритмдер қатарының көмегімен өңдеуден өтеді.
Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
Бұл алгоритмдер әр символдың бейнесін барынша айқын етеді, сонымен қатар, кейіннен өңдеудің қосымша шаралары тіптен өте бүлінген символдардың түпнұсқалы формаларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Өнертапқыштардың өздері айтқандай. «Терагерц сәулесін таза қағаз бен сия материалының жұту спектрінде үлкен айырмашылық бар. Біздің жүйе өзгеріп отыратын және қағаз құрамы мен қолданылатын сияға байланысты болатын бұл спектрлік контрастке сәйкес өздігінен күйге келеді. Бұл бізге оптикалық айырудың дәстүрлі әдісімен барынша жақсы ажыратылатын символдың сапалы бейнелерін алуға мүмкіншілік береді». Терагерц көзі сәуле жарқылын жасайды, ол кітап беттерінің арасындағы ауа қабаттарымен кері бейнеленеді, нәтижесінде бейнеленген сәулелер ерекше камерамен тіркеледі. Бұл камералар компьютерлік жүйемен талданады және импульстің сәулелену сәті мен бейнеленген белгіні тіркеу уақыты арасындағы уақыт бойынша айырмашылықты қолдана отырып, беттердегі символдардың ақырғы бірізділігін қалыптастырады. Бірақ әдеттегідей, оның кемшілігі де бар: эксперименттік үлгі қазіргі уақытта 10 беттен аспайтын көлемде ғана сканерлей алады, ал анағұрлым тереңнен сканерлеген сайын сигнал жоғалады да көптеген кедергілер туындайды, бұл беттердің бірізділігін және онда орналасқан символдар ретін дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Бірақ Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары бұған еш алаңдамайды және болашақта камераның айыру қабілетін арттыру және терагерц сәулесі көзінің қуатын ұлғайту арқылы сканердің ену тереңдігін жақсартуды жоспарлайды.
Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.
Дереккөз: http:hi-news.rutechnologyvideo-sozdan-pribor-sposobnyj-skanirovat-zakrytye-knigi.html Komatsu компаниясы жүргізушісіз жүретін самосвал ұсынды Дәл қазір әлемде өздігінен жүретін автомобильдер көптеп әзірленуде , бүгінгі күннің өзінде-ақ жолда жүрген олардың кейбіреуінде автопилот бар. Бірақ бұл машиналардың бәрін біріктіретін: олардың салондарында әлі күнге дейін бастапқы басқару элементтері орнатылған. Ал Komatsu жаңа самосвалына қалдықты және көне руль мен педальдар тіптен керек емес. Оған жүргізушінің де керегі жоқ, сондықтан әзірлеушілер бұл жүк көлігін кабинамен жабдықтамаған да. Autonomous Haulage Vehicle самосвалы — мықты зат, ондағының бәрі де өнімділікті арттыру үшін жасалған және оның 2700 ат күшіне тең күші — бұның тағы бір дәлелі. Кабина мен жүргізушінің жоғы AUV тағы бір артықшылығы, осылайша, оған кабина мен жүргізуші есебінен тағы бір артық тонна салмақты көтеруге тура келмейді. Әзірлеушілер, бір қарағанда біртүрлі көрінетін бұл шешімнің айтарлықтай негізі бар деп түсіндіреді, өйткені жүргізуші артта болып жатқанды үнемі көре алмайды, жүргізуші артындағыны көру үшін қозғалақтанып, жанындағы айналарға қарауына тура келеді. Ол бұрылып, әкелген жүкті кузовтан төгетін орынға жақындауы үшін тіптен есікті ашып, сыртқа басып шығаруға да жиі мәжбүр болады. Толықтай автоматты режимде жұмыс жасайтын жүргізушісіз самосвалда бұндай проблемалар болмайды, өйткені ол тек корпустың әр жерлерінде орналасқан камералардың көмегімен бағдар алады. Бұнымен қатар бұндай жүк көлігі жүктің барлық төрт дөңгелекке біркелкі таралуының нәтижесінде анағұрлым теңдестірілген, сол себептен тіптен көктайғақта да ол жолда өзін сенімді ұстай алады. Дереккөз: http:hi-news.rutechnologykompaniya-komatsu-predstavila-bespilotnyj-samosval.html ИИДМБ БАСЫМ САЛАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ Назарбаев ИИДМБ-на тағы 112 млрд. теңге бөлуді тапсырды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметіне индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын қаржыландыруға қосымша 112 млрд бөлуді тапсырды - деп хабарлайды Қазинформ.
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
«Үкімет тұтастай, барлық деңгейдегі әкімдер толығымен экспорттық бағдарды бірінші орынға қою керек. Оңтүстік Корея осының арқасында ғана экономикасын алдыңғы қатарға сүйреп шығарды.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Бүкіл ел болып өнімді экспортқа шығару үшін жұмыс істеді. Біз де соған ұмтылатын боламыз. Біз индустриялық бағдарламаның екінші бесжылдығына аяқ бастық. Іріктелетін жобалар сапасын арттыру аса маңызды»,- деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы елге шикізаттық емес өнім экспортын шығаруға қабілетті зауыттар керек деп атап көрсетті.
Шикізат бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі.
Іріктеу үшін негізгі өлшемшарт экспорттық әлеует, жоғары өнімділік және жаңашылдық болуы тиіс. Сонымен қатар, Н. Назарбаев экономиканы әртараптандырудағы маңызды бағыт Қытай Халық Республикасымен уағдаластық бойынша, «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасы болуы тиіс дейді. «Қазақстан мен Қытайдың 51 жобасынан тұратын тізбе жасалды. 2015 жылы 64 млн теңге сомасында 2 жоба болды, осы жылы 2 млрд теңгеге 4 жоба, 2017 жылға - 17 жоба, 2018 - 2020 жылдарға - 33 жоба жоспарланған. Жақында жүргізілген келіссөздерде барлығы расталды. Бұл жобалар қосылған құн және жаңа жұмыс орындары ретінде жақсы экономикалық нәтиже береді», - деп қорытындылайды ҚР Президенті. Дереккөз: http:www.inform.kzrunazarbaev-poruchil-vydelit-esche-112-mlrd-tenge-na-gpiir_a2946814 Бақыт Сұлтанов ИИДМБ-на және АӨК-ге қосымша қаражат бұруды ұсынды Үкімет отырысының барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның қорғаныс кешеніне жұмсалатын шығынның 70 млрд теңгеге арттырылатынын хабарлады. Pm.kz хабарлауынша, бюджетті нақтылауда ол АӨК-ге, 2 -ИИДМБ-на және көлік инфрақұрылымына қосымша қолдау көрсетуді ұсынды. Үкімет отырысының барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның қорғаныс кешенінің шығындары 70 млрд теңгеге арттырылады деп хабарлады. Pm.kz хабарлауынша, бюджетті нақтылауда ол АӨК-ге, 2 -ИИДМБ-на және көлік инфрақұрылымына қосымша қолдау көрсетуді ұсынды. «Тек әлеуметтік—экономикалық тұрақтылықты сақтау қажеттігін ескеріп қана емес, сонымен қатар ел мен азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында, нақтыланған бюджет жобасы күш блогі бойынша 70,2 млрд теңге көлемінде қосымша шығындарды қамтиды», – дейді Б.
Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.
Сұлтанов. Бюджетті нақтылағанда Министр, сонымен қатар, АӨК-ге, 2 -ИИДМБ-на және көлік инфрақұрылымына қосымша қолдау көрсету үшін қосымша қаражат бөлуді ұсынды. «Бюджеттің шығыс бөлігін нақтылаудың негізгі міндеті, біріншіден, өнімді жұмыстылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау және экономикалық өсімді ынталандыру болып табылады. Бұл бағытта 283,4 млрд теңгені пайдалану ұсынылады. Келесі негізгі үш маңызды блок бойынша: АӨК-ді қолдауға қосымша 97,3 млрд теңге, индустриялық –инновациялық даму бағдарламасын іске асыру үшін – шамамен 112 млрд теңге, көлік инфрақұрылымын қаржыландыруға – 74 млрд теңге бағыттау ұсынылады», – деп нақтылады Қармин басшысы.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Бұнымен қоса, министрлік тарапынан астана инфрақұрылымына және басқа жобаларды іске асыруға қосымша қаражат бөлу ұсынылды. «Ірі халықаралық іс-шараларға дайындық шеңберінде, оның ішінде Астана қаласының инфрақұрылымына қосымша 76,7 млрд теңге бөлу ұсынылады. Сонымен қатар, бюджетте Назарбаев Университеті арқылы іске асырылатын ірі жобаларды жүзеге асыруға 64,2 млрд теңге сомасында және «Балапан» бағдарламасын іске асыруға 6,4 млрд теңге сомасында қосымша қаражат қарастыру ұсынылады», – дейді Б. Сұлтанов. Баяндамасын аяқтай отырып, министр Парламентте түзетулердің расталуын күтпестен-ақ қосымша қаражатты игеруді бастауды ұсынды. Б. Сұлтанов: «Біз қазірден-ақ, сіздің тапсырмаларыңызға сәйкес бұл қаражатты игеру мәселесімен айналысуды ұсынамыз. Бұл үшін біздің мүмкіншілігіміз бар, мемлекеттік сатып алу туралы заңда бізге Республикалық бюджеттік комиссия шешімінің негізінде барлық конкурстық рәсімдерді жүргізуге мүмкіндік беретін түзетулер бар», –деп басып айтты. Дереккөз: http:www.arnapress.kzalmatyeconomy80768 FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР Роботтар тарихта алғаш рет адам көз шарасының ішіне жасалатын операцияны сәтті жүзеге асырды Біз жақында ғана сіздерге Ұлыбританияда робот-хирургтың бүйректі ауыстыру бойынша керемет операцияны жасағаны туралы айтқан едік. Енді Тұманды Альбион елінен тағы бір керемет жаңалық. Бұл жолы робот адам көзінің ішіне аса күрделі операцияны жасай алды. Операция сәтті өтіп, пацент жоғалған көз жанары қалпына келіп, көре бастады. Операцияны Оксфорд университетінің кәсіби дәрігерлері жүргізді. Процеске голладндық компания жасап шығарған ара-қашықтықтан басқарылатын Preceyes медициналық роботтары қатыстырылды.
Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
Бұл роботта қолдануға қажеттілік көз сияқты күрделі органмен жұмыс жасау кезіндегі адам қозғалысы дәлдігінің жеткіліксіздігінен туындады. Бұл жерде ірі құралдар қолданылмауы немесе епсіз қимылдар жасалмауы тиіс. Бір аңдаусыз қозғалыс салдарынан пациент орны толмас зақым алуы мүмкін. Әрине, роботты қолдану арқылы жасалған операция бүгінде жаңалық емес. Дегенмен, роботтар ірі органдармен жұмыс жасағанда қолданылып келген. Көз жағдайында олардың қозғалыс дәлдігінің жаңа деңгейі қажет етіледі. Қозғалыс дәлдіктегі жоғары роботпен операция жасауға бірінші болып келіскен пациент Әулие Мария шіркеуінің дін қызметшісі – Уильям Бивер болды. Миллиметрдің жүзден бірі шамасындағы мембрана оның көз торын жауып тұрғандықтан оның оң көзі көрмеді дерлік еді. Уилям бұл сияқты операцияға қатысқан бірінші адам болуға бел буды. Preceyes роботы бастан –ақ көзге өте нәзік операцияларды жасау үшін арналған. Ол оператор-хиругтың кез келген аңдаусыз қимылдарын өшіріп, дұрыстайды, бұл операция жасалатын органдардың зақымдануын жоққа шығарады. Доктор роботты джойстиктің және сенсорлық экранның көмегімен басқарады, және көз ішінде болып жатқан әрекеттің барлығы микроскоп көмегімен экранға шығарылады. Роботта компьютермен басқарылатын тәуелсіз жеті мотор бар. Манипулятордың қозғалыс дәлдігі миилиметрдың 1000-нан бір үлесін құрайды. Операциядан соң дін қызметшісі өзін жақсы сезінген. Оның көзі енді бұрынғыдай бұлыңғыр қара нүктелерді емес, толыққанды жақсы көретін болды. Оксфорд мамандары өздерінің бұл сәтті өткен тәжірибесі бүкіл әлемдегі басқа да медицина қызметкерлеріне бұл сияқты операцияларды жасай бастауға мүмкіндік береді деп үміттенеді. Дереккөз: http:hi-news.rurobotsroboty-osushhestvili-pervuyu-v-istorii-uspeshnuyu-operaciyu-vnutri-chelovecheskogo-glaza.html Бір тайфунның қуаты барлық Жапонияны 50 жыл бойына қуаттандыра алады Жапония тағы немен әйгілі Аниме, манга, мысықтар кафесі, роботтар, сонымен қатар тайфун да бар. Бастапқылары ақша әкеліп, көңіл қуантатын болса, ал тайфундар болса, тек өлім-жітім мен инфрақұрылымның бұзылуына себеп болады. Әйтсе де, бір жапондық инженер бұл айналаның бәрін жайпаған, жойқын табиғат құбылысынан бір пайда алып көрсек қайтеді деп ойланды. Осылайша осы апатты дауылдың қуатын бағындыра алатын және оны пайдаға асырып, энергияға айналдыратын жел турбинасының жобасы пайда болды. Егер жоба іске асса, онда тек бір тайфунның энергия қоры бүкіл Жапонияны 50 жыл бойына қуаттандыруға жетер еді. Тайфунның жойқын күшіне қарсы тұрып қана қоймай, бұл күшті пайдалы қуат көзіне айналдыра алатын әлемдегі ең алғаш тайфун турбинасының – ғаламат мықты құрылымының өнертапқышы Атсуси Симизу болып табылады. Инженердің есебі бойынша, осындай бірнеше турбина бір тайфунның қуатын бүкіл Жапония тұрғындары үшін 50 жылға жететіндей етіп генерациялай алатынын көрсетеді. Қазіргі уақытта Жапонияда электр қуатының біршама тапшылығы сезілетінін ескерсек (2011 жылғы «Фукусима» атомдық станциясындағы апат салдарынан), инженер ұсынған бұл идея өте пайдалы болар еді. Симизу СNN берген сұхбатында: «Баламалар туралы айтар болсақ, шын мәнінде Жапония күн энергиясына қарағанда жел энергиясына көбірек сүйене алады. Бірақ, неліктен екенін, біз оны айтарлықтай қолданбаймыз», - деп мәлімдеген еді. Шындығында, Симизудің бұл пікірі дұрыс та. Тек осы жылдың өзінде Жапония 6 тайфунды бастан өткерді. Инженер балама энергия көздерін зерттеумен және әзірлеумен айналысатын Challenergy компаниясының негізін қалаушы болып табылады, және оның ойынша, Жапония «күшті жел державасы» болатын әлеуетке ие. Тайфун турбинасы басқаларынан екі маңызды тұрғыда ерекшеленеді. Біріншіден, олар машинаның түрлі жел бағыттарын ұстау мүмкіншілігі үшін жан-жаққа бағытталған осьті қолданады. Екіншіден, құрылымның бұзылуына жол бермеу үшін бұндай турбиналар қалағының жылдамдығын жел жылдамдығына қарай реттеуге болады. Симизу тайфун турбинасының компактілі түптұлғасының тиімділігі 30 пайыз құрады, бұл казірде көптеген елдерде қолданылып жүрген әдеттегі қалақты турбиналардан шамамен 10 пайызға төмен. Бұнымен қоса, жапондық турбинаның басқаларынан негізгі ерекшелігі, әрине, оның дауылға төзімділігінде. Симизу айтуынша, 2013 жылғы Юсаги тайфуны әдеттегі турбиналардың сегізін жойып, тағы осындай санына зақым келтірген. Жаңа құрылғы бұл апатты табиғи құбылысқа төтеп бере алар еді. Қолданыстағы түптұлға осы жылғы жаз басында Окинаваның жанында қондырылған еді. Келесі қадам құрылғыны қатты жел жағдайында сынап көру болмақ. Басқаша айтқанда, оны сынау үшін тайфун қажет. Әзірге тайфуннан алынған қуаттың қалай беріліп, жинақталатынын барынша түсінікті емес. Мүмкін ол тікелей электрстанциясына берілуі мүмкін немесе алдымен үлкен аккумуляторлық құрылғыларда сақталуы да ықтимал. Дегенмен инженер бұл мәселенің де шешімін табуға уәде берді. Дереккөз: http:hi-news.rutechnologyenergii-odnogo-tajfuna-xvatit-na-pitanie-vsej-yaponii-v-techenie-50-let.html Австралия физиктері жарық сәулесін қатырып тастай алды Жақында біз ресейлік және жапондық физиктердің жарықты бәсеңдету бойынша ортақ әзірлемелері туралы жазған едік.
Бәсеңдету (Ингибирование; лат. inhibio - тежеймін, тоқтатамын) биотаның өсуі мен дамуын биоталық жөне абиоталық факторлардың әсерімен тежеу.
Бірақ олардың австралиялық әріптестеріне олардан да ілгері басудың сәті түсті. Олар жарық шоғын «қатырып» тастай алды. Жүргізілген зерттеу туралы есеп Nature Physics журналының жаңа нөмірінде жарияланды. Австралиялық физиктер өте төмен температура атомдарының бұлтына инфрақызыл лазер шоғын жібере отырып, жарық үшін «ерекше» қақпан құра алды. Зерттеудің жетекші авторы Джесс Эверетт былай дейді: «Біз жарықты қақпанға түсіре алғандаймыз. Атомдар жарықтың бір бөлігін жұтады, дегенмен фотондардың айтарлықтай бөлігі бұлт ішінде «қатып» қалады.
Фотон (грек. phos, photas - жарық) - электрмагниттік сәуленің (жарықтың) элементар бөлшегі.
Жарық қозғалысын басқару кванттық компьютерлер жасау үшін маңызды. Оптикалық кванттық есептеу — әзірге алыс болашақтағы іс болғанымен, дегенмен біздің жарықты тоқтату бойынша сәтті жасалған экспериментіміз едәуір ілгерілеуге мүмкіндік берді». Сондай-ақ зерттеушілер жарық фотондары вакуумда секундына 300 мың километр жылдамдықпен қозғалады, әйтсе де өте төмен температураға дейін салқындаған атомдар өзіне фотондарды тартады және олардың қозғалысына кедергі келтіреді. Осы тәсілдің арқасында, жарық кеңістікте қатып қалады да, қозалуын тоқтатады деп түсіндіреді.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Жаңа технологияны тиімділігін едәуір арттыра отырып, коммуникациялық жүйелермен біріктіруге болады, бұл адамзатты кванттық компьютер жасаймын деген мақсатына одан да көп жақындата түседі.
Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
Дереккөз: http:hi-news.ruresearch-developmentiskusstvennoe-myaso-perevernet-nash-mir.html Рекордтық 30 километрге кванттық телепортация жүзеге асырылды Nature Photonics журналы хабарлағандай ғалымдар топтары 30 километр ара-қашықтықта кванттық телепортацияны жүзеге асыра алды, бұл осы саладағы әлемдік рекорд болып табылады. Кванттық телепортация көмегімен жарық бөлшектерімен кодталған ақпарат берілді. Ақпаратты беру бір сәтте жүзеге асырылды. Әрине, тірі объектілердің немесе тіптен тірі емес заттардың толыққанды телепортациясы туралы айту әлі де ерте, дегенмен кванттық телепортацияның келешегі зор. Ол оптикалық-талшықты желілер арқылы жүзеге асырылады және интернет-байланыстарды қауіпсіздік пен сенімділіктің жоғары деңгейіне шығара алады. Дегенмен бұл технологияда шешімін таппаған кертартпалар де бар: ақпаратты анағұрлым алыс ара-қашықтықтарға жеткізу кезінде тәуелсіз жарық көздері керек. Бұндағы проблема бір көзден шығатын жарық шоғы бірнеше километрден өткен соң басқа көзден шыққан жарық шоғына қатысты әсерсіз қалуы тиіс, бұл бүгінгі таңның шешілмес проблемасына айналып отыр. Бұны шешу үшін екі зерттеу тобы жарық сигналдарының кері байланыс және синхрондалу механизмдерін бір-біріне тәуелсіз әзірледі.
Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.
Бірінші жағдайда телекоммуникацияға тән толқын ұзындығынмен жарық қолданылды, бұл кезде фотондық сигнал өзі оптикалық талшық бойымен өткен уақытта қарқындылығын жоғалтады. Екінші топ басқа жолмен жүрді: олар ұзындығы 795 нанометр жарық шоғын қолданды. Екі тәуелсіз эксперименттер нәтижелері кванттық телепортацияның алыс ара – қашықтықта мүмкін екенін көрсетті және ақпаратты жоғалту, сондай-ақ оның бұрмалануы орын алмайды. Зерттеушілер өз жұмыстары қарапайым бөлшектерде кодталған ақпаратты жеткізуді жақсарта алатынына сенеді, бұл бізді кванттық интернет жасалады деген сенімге одан да жақындата түседі. Дереккөз: http:hi-news.ruresearch-developmentosushhestvlena-kvantovaya-teleportaciya-na-rekordnye-30-kilometrov.html Зардап шеккендерге көмек көрсететін робот-маймыл құрылымданды Роботтандырылған техника, атап айтқанда, дрондар, авариялар орындарында және адам дәрі-дәрмек жеткізу және зардап шеккендерді іздеу үшін өте алмайтын жерлерде көптен бері қолданылады. Бірақ канадалық зерттеуші Шарль Бомбардье ұшқышсыз әуе жабдықтарына балама-— робот-маймылды жасап шығарды. Робот-маймыл тірі ағзаға ұқсас өзінің қол аяғымен ағаштарға және тік кертпештерге жармасып, қозғалады. Сыртатй қарағанда робот орташа көлемді шимпанзеге ұқсайды және ол Roco деп аталып та кетті. Бқьл алыстан басқарылатын роботты орманды жерлерде немесе ұшатын дрондар жете алмайтын басқа да аудандарда қолдануға болады. Роботтандырылған маймыл – дронды жасау идеясы канадалық өнертапқышқа маймылдар туралы деректі фильм қарап отырғанда келген. Олардың жармасқыштығы мен өту қиын жерлердегі қозғалыс жылдамдығы зерттеушілерді таң қалдырды. Шарль Бомбардье бұл өнертабысын джунглийді және қираған ғимараттарды қоса, қиын жететін жерлерге дәрі-дәрмектер мен түрлі құралдар жеткізу кезінде қолдануға болады деп санайды. Робот –маймыл кәдімгі GPS навигациялық жүйесінің көмегімен қозғалады және оған кеңістікті бағдарлауға қозғалыс датчиктерінің, гироскоптардың, ультрадыбыстық және жылу сенсорларының жүйесі көмектеседі. Роботтың «кеудесінде» біршама көлемді бөлік бар, ал қажет жағдайда қосымша жабдықты оның денесіне бекітуге болады. Бұнымен қоса, робот инфрақызыл камераларымен және түнде көруге мүмкіншілік беретін камералармен жабдықталған, ал оның тану жүйесі адамды және жануарлардың басқа да түрлерін анықтай алуға және қажет жағдайда оның ізінен жүруге қабілетті. Сырттан робот денесін жасанды терімен көмкеруге және осылайша роботтандырылған маймылды жабайы жануарларды бақылауға жіберуге болады. Дереккөз: http:hi-news.rutechnologyskonstruirovan-robot-obezyana-dlya-pomoshhi-postradavshim.html ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛАР Google, Facebook және басқа да техноалыптар ЖИ-ті таратады Бес ірі технологиялық алып қоғам арасында жасанды интеллект технологияларын тарату мәселесі бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.
Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. Artificial intelligence, AI) - интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.
Қыркүйектің басында The New York Times баспасы Google, Facebook, Microsoft, IBM және Amazon компаниялары ортақ кездесу өткізіп, онда жасанды интеллектпен байланысты жобаны талқылады.
Microsoft Corporation (/maɪkrəˌsɒft/) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.
Енді бүгінде бұл кездесудің жай-жапсары белгілі болды. Бес ірі технологиялық алып қоғам арасында жасанды интеллект технологияларын тарату мәселесі бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Қыркүйектің басында The New York Times баспасы Google, Facebook, Microsoft, IBM және Amazon компаниялары ортақ кездесу өткізіп, онда жасанды интеллектпен байланысты жобаны талқылады. Енді бүгінде бұл кездесудің жай-жапсары белгілі болды. «Partnership on Artificial Intelligence to Benefit People and Society» (Жасанды интеллект және оның адам мен қоғам үшін пайдасына қатысты мәселелер жөніндегі ынтымақтастық) атауын алған келісім өз алдына бірнеше міндет қояды, олардың бірі ЖИ
1   2   3   4

  • Нұрсұлтан Назарбаев

  • жүктеу 439.9 Kb.