Главная страница
Контакты

    Басты бет


9 Әлемдегі инновациялар

жүктеу 439.9 Kb.



жүктеу 439.9 Kb.
бет2/4
Дата22.10.2017
өлшемі439.9 Kb.

9 Әлемдегі инновациялар


1   2   3   4
Еуроодақтың үлесіне тиеді. Түрлі есептер бойынша Еуропада темір жолдың тек 65-70 пайызы ғана электрленген.
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) - Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.
Темір жол Темір жол - релістермен жүретін жүктерді және жолаушыларды тасымалдайтын көліктің бір түрі. Темір жолдың дәлме-дәл мәні - жер бетіндегі релістермен жабдықталған қатынас жолдары, және жөніндегі құрылыстары.
Бұл ретте дизельдік темір жол көлігінің үлесі көп. Alstom жаңа сутекті поезд бірден бірнеше проблеманы шешуге мүмкіншілік береді деп хабарлады. Біріншіден, осындай поездарды жан-жақты қолдану экологияға оң әсерін тигізеді, себебі сутекті отын элементтерінің өнімі су болып табылады. Екіншіден, сутекті поездың шуы дизельдік локомотивтерден айтарлықтай аз. Поездың сутек құрылғысы туралы мағлұматтар нақтыланбайды.
Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.
Отын көздері локомотив төбесіне орнатылған. Олар шығаратын электр қуаты литий-иондық аккумуляторлық батареяларды зарядтау үшін қолданылады, ал олардан өз кезегінде поездың барлық борт жүйелері және электромоторлар қуат алады. Презентацияға көп бірлікті жүйеге біріктірілген екі сутек локомотивтерінен тұратын поезд ұсынылды, жүйе шеңберінде екі тіркеу элементтерін басқару бір пульт арқылы жүзеге асырылады. Coradia iLint сутек сыйымдылықтары толық қуаттанған кезде 800 километрге дейін жүре алады. Поезд 300 жолаушыларды тасымалдауға арналған, оның ішінде 150 отыратын орындар да бар. Көптеген Еуропа елдері темір жол көлігін балама қуат көздеріне ауыстыруды қарастыруда.
Еуропа - Азиямен бірігіп жер аумағы бойынша ірі құрлық болып табылатын Еуразияны құрайтын, алты дүние бөліктерінің бірі. Еуропаның жер аумағы - 10 млн км², халқы - 730 млн адам.
Атап айтсақ, 2018 жылға қарай Нидерландияның барлық темір жолын жел электр энергиясына көшіру жоспарланған. Жел энергиясының бір бөлігін голландиялық жел станциялары қамтамасыз етеді, ал жетпесін Бельгияның және Скандинавия елдерінің жел диірмендері толтырады.
Скандинавия (норв. және фин. Skandinavia, дат. және швед. Skandinavien) - Скандинавия, Ютландия түбектерін және жанындағы аралдарды алып жатқан солтүстік Еуропадағы тарихи-мәдени аймақ. Дәстүрлі түрде Скандинавияның бөліктері Швеция, Норвегия және Дания болып саналады.
Дереккөз: https:texnomaniya.rufrancuzi-predstavili-vodorodniiy-poezd Жапония өздігінен басқарылатын автомобильдер үшін жоғары дәлдіктегі 3D-карталарын әзірлеуге кірісті Жүргізушісіз өз бетінен жүре алатын автомобильдер әлемнің көптеген елдерінде жасалынып жатыр, оларды сынау толық қарқынмен жүргізілуде, ал осындай техниканы әзірлеумен айналасатын кейбір кәсіпорындар қазірдің өзінде олардың алғашқы жұмыс түпнұсқаларын жан-жақты тестілеумен айналысуда.
Қарқын (Темп) - тапсырманың орындалуының немесе операцияның, құбылыстың қарқындык дамуының шапшандыгы (кейде тазалығы). Әскери істе Қарқынның мынадай түрлері болады: лап қою қарқынны; шабуыл қарқынны; десант түсіру қарқынны; теңіз десантын түсіру қарқынны, атыс қарқынны т.б.
Бұл жаңа бағыттан Жапония да қалыс қалмады. Бұл елде де осындай көлік құралдары сынақтан өткізілуде. Жүргізушісіз көлік құралдары жолаушыларды сапалы және қауіпсіз тасымалдау үшін жақсы үш өлшемді карталармен жабдықталуы тиіс. Бұл карталарды әзірлеумен Zenrin картасын өндіруші болып табылатын Mitsubishi Electric компаниясымен құрылған және жүргізушісіз автомобильдер саласындағы өздерінің инновациялық өнімдерін дамытуға мүдделі тоғыз автомобиль өндірушілерінен тұратын бірлескен кәсіпорын айналысады.
Мицубиси,Mitsubishi - Жапонияның жетекші финанс-өнеркәсіптік монополиялық тобы. 1870 жылы Ивасаки семьялық көнцерні негізінде құрылды. Мицубиси тобының дамуы империалистік Жапонияның басқыншылық соғыстарымен тығыз байланысты.
Бірлескен кәсіпорын - жұмысына шет елдердің фирмалары немесе мемлекет ішіндегі басқа өндіріс орындары мен фирмалар қатысатын, ұйымдық жағынан біртұтас, ортақ мүдделі мекеме ретінде рәсімделген кәсіпорын.
Жуық арада елдің негізгі жүрдек жолдарының үш өлшемді карталарын жасау жоспарланады. Бірінші кезеңде негізгі жүрдек магистральдарының 300-ге жуық километрін қамтитын үш өлшемді карта жасау жоспарланады, бұдан кейін компания қосалқы жолдарды, шоссе және қала көшелерін дайындауға кірісуі мүмкін. Жинақталған деректер пысықталады, жүйелендіріледі және дайын күйінде әзірлеуге қатысқан автомобиль өндірушілеріне ұсынылады. Жүргізушісіз көлік құралы үшін өзінің тұрған жері туралы дәл білудің маңызы зор, сондықтан үш өлшемді карталарда тек жол төсемі жан-жақты пысықталып қоймай, оның айналасы, жол белгілері, маңдайша жазулар, жол шетіндегі құрылымдар, бәрі де қамтылуы тиіс. Осындай картаның көмегімен өздігінен жүретін авто бағдаршам тұрған жол қиылысында бұрылар кезінде алдын ала жылдамдықты азайта алады, осының нәтижесінде авариялар мен жол кептелістерін болдырмауға болады.
Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo - құрастыру, жасау), техникада - машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері.
БАҒДАРШАМ - жарықпен белгі беру арқылы көшедегі, автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. Ол белгі беру тәсілдеріне қарай: түрлі түсті Бағдаршам (жарығы жасыл, сары және қызыл түсті, ал темір жолда бұларға қосымша көгілдір және ақ жарық), позициялық Бағдаршам (бір түсті жарық) және құрама Бағдаршам болып ажыратылады.
Автомобильдер жабдықталатын арнайы датчиктер мен камераларға, сонымен қатар автономдық көлік құралдарына көмектесу үшін арналған ерекше жол белгілеріне қарамастан, объектілерді танудағы қателер жол қозғалысына басқа қатысушылар үшін әлі де елеулі проблемалар туындатады. Жүргізушісіз машиналардың оларды нысанаға алып, бағыт бойынша қауіпсіз қозғалуы үшін арналған карталар көбіне тек нобайлы болғандықтан заманауи навигациялық жүйелерді мүлтіксіз деп айтуға келмейді. Сондықтан мүмкіндігі жоғары үш өлшемді карталарды, датчиктерді және GPS-модульдерді үйлестіру автомобильге бағдаршамдардың орналасуына, жол айрықтарға және қиылыстарға қарай отырып, өзін жолда дәлірек және дұрыс ұстауға мүмкіншілік береді. Негізді көзқарас Олимпиададан соң бастама аяқсыз қалмайды, керісінше, өздігінен басқарылатын автомобиль көлігі жан-жақты дамытылады және жақсартылады деп сенім артуға мүмкіндік береді. Дереккөз: http:hi-news.runavigationyaponiya-pristupila-k-razrabotke-sverxtochnyx-3d-kart-dlya-samoupravlyaemyx-avtomobilej.html Volkswagen I.D.
Volkswagen (аталуы: Фольксваген) - германиялық көлік шығарушы компания. Бұл көлік түрінен 2007 жылы 15 миллион 20 мыңдай қаржы тапты. Орналасуы Вольфсбургте.
өр жобасы Tesla компаниясын алаңдатуы мүмкін Volkswagen автоконцернінің дизельдік автомобильдерінің атмосфераға тасталатын зиянды газдарының көлемін қадағалау комиссиясын алдауына қатысты жанжал туындағанда қоғам бұл жаңалықты таңырқай да, ашумен де және көңілі толмай қабылдаған еді. Автоөндіруші, өз кезегінде, бұл тағылған кінәға, жалғыз ғана дұрыс шешіммен жауап берді – ол кешірім сұрап, кемшілікті дұрыстауға уәде берді. Шынымен де компания «таза» өнім мен электромобильдерге ден қоя бастағандай. Volkswagen алдағы 10 жыл ішінде 30 толықтай электрлі модель шығаруға уәде берді. Жақын маңда неміс автоконцерні General Motors компаниясын ғана емес, сондай –ақ Chevrolet Bolt EV пен Tesla компаниясының өзін де алаңдауға мәжбүрлейтін электромобильдің жаңа тұжырымын ұсынды.
Chevrolet («Шевроле́») - АҚШ-ның ірі автомобиль өндірушісі.General Motors корпорациясының бөлімшесі.
General Motors,GM - АҚШ-тағы автомобиль өндіруші ең ірі корпорациялардың бірі. Бас штаб-пәтері Детройт (Техас штаты) қаласында орналасқан. Корпорация әлемнің 157 мемлекеттерінде өз өнімін сатады, және 37 елде өндіріс орталықтары бар.
Volkswagen I.D жаңа тұжырымының тұсау кесері париж автосалонында өтті. Volkswagen толықтай электрлі, жинақы, жүргізушісіз басқару функциясымен жабдықталған қалалық хетчбэк өндірісін 2020 жылға уәде етеді. Неміс автоконцернінің ақпаратына сәйкес, батареяның бір зарядынан жүріс қоры 400 -ден 600 километрге дейін құрайтын болады. Бұл, өз кезегінде, Tesla ұсынған Model 3 үлгісінен (бір зарядта 346 км) және Chevrolet Bolt EV ұсынған үлгіден (бір зарядта 383 километр) көп. Volkswagen бұл модельдің бағасы «жақсы жабдықталған Golf моделімен бара-бар болады» дейді. Техникалық сипаттамаларға қатысты, мәлімделген электрлік мотор қуаты 168 л. с құрайды. Электрлік машина 8 секундтың ішінде жүзге дейінгі жылдамдықты ала алады. Бұл ретте ең жоғары жылдамдық сағатына 160 километрді құрайды, бұл шағын қалалық автомобиль үшін жеткілікті. Париж автосалонында көрсетілген Volkswagen I.D. электромобилінің тұжырымдамасы өндіріс үшін дайын данаға қарағанда ғарыштық қайыққа ұқсас. Жаңа үлгінің экстерьері мен интерьерін «Трон» кинофильміндегі лайт-цикльді Apple эстетикасының қоспасы ретінде сипаттауға болады.
Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.
Интерьер - пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.
Бұл модельдің өндірістік үлгісі бұл жылтырдан алшақтап, неғұрлым қолайлы бөлшектермен жасақталуы мүмкін. Дегенмен, үнемі осылай болатындықтан бұған таңдануға да болмайды. Сонымен қатар, Volkswagen бұл тұжырымды толықтай электрленген автомобиль желілерінің тек басы ғана деп атап отыр. Қайткенмен де, автомобиль жасаудың болашағы тұтастай жүргізушісіз басқарылатын технологияларға және иелерінің автомобильдермен қарым-қатынасын қарапайымдатуға бағытталатын болады. Volkswagen ұсынған тұжырым бұл болашаққа қазірдің өзінде көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Авторластыру технологиясын алсақ та, компанияның әрбір клиенті арнайы Volkswagen базасына ендіріліп отырады, бұнда оның салон ішінде қалайтын температурасы туралы, навигацияларды күйге келтіру, мобильдік байланыс деректері және т.б. болады. Бұл деректердің барлығын да адам автомобиль жүйесіне өзінің смартфоны арқылы енгізе алады, бұл әр автомобиль иесіне сәйкес жеке күйге келтіру процесін қарапайымдатуға себеп болады. I.D. тұжырымының бұқаралық нұсқасы Golf моделімен бірге 2020 жылы сатылымға қойылады. Жүргізушісіз нұсқасын кем дегенде 2025 жылға дейін күту керек. Volkswagen, жалпы алғанда, 2025 жылға қарай 1 миллион сатылған электромобильдерді құрайтын жаңа деңгейге шығуды жоспарлайды.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Дереккөз: http:hi-news.rutechnologyambicioznyj-proekt-volkswagen-i-d-mozhet-zastavit-ponervnichat-kompaniyu-tesla.html Жапондықтар екі қолы бар мультикоптерді ұсынды Prodrone жапон компаниясы манипуляторлар сыңарымен жабдықталған PD6B-AW-ARM жүк мультикоптерін ұсынды.
Манипулятор (французша manіpulateur; латынша manіpulus - уыс, manus - қол) - 1) кеңістіктегі нысанды (бұйым, дайындама, зат) өңдеуде, орнын өзгертуде, т.б. адам қолының қимылына ұқсас қозғалыс функцияларын атқаратын жұмыс органымен жабдықталған механизм.
Бұл адамсыз жүретін мультикоптер  тұсаукесері  Лас-Вегаста өткен InterDrone көрмесінде болды. Жүк мультикоптерлары салмағы бірнеше ондаған килограммға дейін жететін жүктерді тасымалдау үшін қолданылады. Әдетте, адамсыз жүретін құралдардың көмегімен жүктерді тасымалдау үшін ұшу аппаратының жақтауындағы арнайы бекіткіштері бар бокстер қолданылады, бұл дронның жүк көтергіш жақтауына сыятын шағын көлемді жүктерді тасымалдауды мүмкін етпейді. Лас-Вегаста ұсынылған гексакоптер бес еркін қозғалыс деңгейі бар манипуляторлар сыңарымен жабдықталған. Сыңарлар көмегімен ол салмағы 10 килограммға дейінгі жүкті бір қолымен көтере алады, нәтижесінде ұшу аппаратының ең жоғары жүк көтергіштігі 20 килограммды құрайды. Дрон сағатына 60 километрге дейін жылдамдық алып, бес километрге дейінгі биіктікке көтеріледі, оның аккумуляторының қуаты 30 минут ұшуға дейін жетеді. Бұған дейін Германия аэроғарыштық орталығының мамандары адамсыз манипуляторлы синхроптер жасап шығарды. Оның негізгі міндеті басқа роботтарды алыстан диагностикалау және жөндеу болады.
Биіктік географияда - жер бедеріндегі жеке элементтердің тік бағытта орналасу шамасы (қара Абсолют биіктік, Салыстырмалы биіктік); астрономияда (h) - аспан шырағының горизонталь координаттар жүйесіндегі (қара Аспан координаттары) координатының бірі.
Килограмм - массаның бірліктердің халықаралық жүйесіндегі негізгі бірлігі. Килограмм Өлшемдер мен салмақтар жөніндегі халықар. бюрода (Парижмаңындағы Севрде) сақтаулы халықаралық прототиптің массасына тең.
Диагностика (техникалық) - техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.
Краудфандинг көмегімен іске асырылатын басқа жоба әуесқой квадрокоптерларда актуаторсыз қысқаштарды қолдануды ұсынады. Дереккөз: https:texnomaniya.ruyaponci-predstavili-multikopter-s-dvumya-rukami Жабық кітаптарды сканерлей алатын аспап жасалды Әлемнің барлық ірі кітапханалары қоғам үшін білімнің неғұрлым қолжетімді болуы үшін кітаптарды цифрлы форматқа аударумен көптен бері айналысады. Кейбір кітапханалар сканерлеудің автоматтандырылған жүйелерін қолданса, басқалары ең қарапайым сканерлерді қолдана отырып, көне әдіспен цифрлайды. Бірақ қазірде жабық кітаптарды сканерлей алатын ерекше сканер жасалды, бұл кезде кітапты тіптен орнынан алып та керегі жоқ. Жоғары технологиялы құрылғыны жасаушылар Массачусетс технологиялық институтының мамандары (MIT) болып табылады.
Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.
Массачусетс технологиялық институты Массачусетс технологиялық институты (ағылш. Massachusetts Institute of Technology, MIT) - университет және зерттеу орталығы. АҚШ және әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі. АҚШ Массачусетс штатындағы Кембридж қаласында орналасқан.
Олардың өнертабысы терагерц диапазонының тесіп өтетін сәулесі негізінде жұмыс жасайды. Бұл өзі не Терагерц сәулесі —электрмагниттік сәуле түрі, оның жиілік спектрі инфрақызыл және өте жоғары жиіліктегі диапазондар арасында орналасқан. Шын мәнінде бұл рентген сәулесіне ұқсас тесіп өтетін сәуле, ол түрлі химиялық заттардың бұл сәуле түрін түрліше жұтуы есебінен таза қағаз бен сия түскен бет аумақтарын өте нақтылықпен ажыратуға мүмкіншілік береді. Алынған деректер арнайы
1   2   3   4

  • Еуропа елдері
  • General Motors
  • Массачусетс технологиялық институтының

  • жүктеу 439.9 Kb.