Главная страница
Контакты

    Басты бет


9 Әлемдегі инновациялар

жүктеу 439.9 Kb.



жүктеу 439.9 Kb.
бет1/4
Дата22.10.2017
өлшемі439.9 Kb.

9 Әлемдегі инновациялар


  1   2   3   4
ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР № 9 ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР Шетелдегі және еліміздегі ғылым мен технологияның қызықты оқиғалары ҚЫРКҮЙЕК 2016 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі АО «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Мазмұны Қытайда әлемдегі ең үлкен радиотелескоп жұмыс жасай бастады 2 Рейкьявикте атмосфераның ластануын толықтай тоқтатуды шешті 4 Қытай орбитаға «Тяньгун-2» ғарыштық зертханасын шығарды 5 «Росғарыш» ғарыштық роботтар жасау үшін 2,5 миллиард рубль бөледі 5 Қытайлықтар электромобильдерге отыра бастады 7 NASA InSight аппаратының Марсқа ұшу күнін бекітті 8 Mercedesтік Vision Van—болашақтың курьерлік фургоны 10 Жапония өздігінен басқарылатын автомобильдер үшін жоғары дәлдіктегі 3D-карталарын әзірлеуге кірісті 13 Volkswagen I.D. өр жобасы Tesla компаниясын алаңдатуы мүмкін 15 Жабық кітаптарды сканерлей алатын аспап жасалды 17 Komatsu компаниясы жүргізушісіз жүретін самосвал ұсынды 19 ИИДМБ БАСЫМ САЛАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ 20 Назарбаев ИИДМБ-на тағы 112 млрд.
Робот (чех. robot, robota - еріксіз еңбек, rob - құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды) - антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған кұрылғы.
Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
Кітап (араб.: ‎ – жазба) - мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.
теңге бөлуді тапсырды 20 Бақыт Сұлтанов ИИДМБ-на және АӨК-ге қосымша қаражат бұруды ұсынды 21 FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 Роботтар тарихта алғаш рет адам көз шарасының ішіне жасалатын операцияны сәтті жүзеге асырды 23 Бір тайфунның қуаты барлық Жапонияны 50 жыл бойына қуаттандыра алады 24 Австралия физиктері жарық сәулесін қатырып тастай алды 26 Рекордтық 30 километрге кванттық телепортация жүзеге асырылды 27 Зардап шеккендерге көмек көрсететін робот-маймыл құрылымданды 28 Google, Facebook және басқа да техноалыптар ЖИ-ті таратады 29 ӨНІМДІК ИННОВАЦИЯЛАР 32 Компания Snapchat смарт-көзілдіріктер жасай бастады 32 Fastbrick Robotics жаңа робот-тас қалаушыны іс жүзінде көрсетті 33 Google жаңа операциялық жүйесі енді жүктеу үшін қолжетімді 34 МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛАР 35 Apple Іphone 7 және 7 Plus ұсынды 35 ҰЙЫМДАСТЫРУ ИННОВАЦИЯЛАРЫ 36 Xperia Agent роботы кофе деп айта алады 36 Қытайда әлемдегі ең үлкен радиотелескоп жұмыс жасай бастады Әлемдегі ең үлкен радиотелескоп жұлдыздар мен галактикадан сигналдар іздеуді бастады, ол бұны жерден тыс жасай алады.
Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Бұл жоба Қытайдың ғарышқа қатысты өсе түскен құлшынысы мен елдің халықаралық ғылыми беделге ұмтылысын жан-жақты көрсетеді. Пекин бұл сияқты серпімді ғылыми жетістіктерге, сондай-ақ әскери – ғарыштық бағдарламаларға миллиардтап қаражат құяды. Осы айдың басында Қытай ғарышға екінші ғарыштық станциясын жіберді. Диаметрі 500 метр радиотелескоп Гуйчжоу оңтүстік провинциясында жасылмен көмкерілген керемет табиғи көрініс аясындағы табиғи бассейнде орналасқан. Оның құрылысын аяқтау және өзінің жұлдыздарды зерттеудегі жетістіктерімен әйгіленіп, Нобель сыйлығына ие болған Пуэрто-Рикодағы Аресибо 300-метрлік обсерваториясын басып озу үшін 5 жыл мен 180 миллион доллар қажет етілді.
Доллар (ағылш. dollar) - Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Аустралияның (Аустралия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады.
Нобель сыйлығы Нобель сыйлықтары (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) - жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.
Жүздеген астрономдар мен ынтагерлер Пингтангте бес жүз метрлік апертурасы бар (FAST) Сферикалық телескоптың іске қосылуын тамашалады деп Синьхуа ақпараттық агенттігі ресми түрде жариялаған еді. Мемлекеттік БАҚ айтуынша FAST гравитациялық толқындарды, радиосәулелерді және саналы жерден тыс өмір белгілерін жұлдыздар мен галактикадан іздеумен айналысады. «FAST ақырғы мақсаты— Ғаламның даму заңдылықтарын ашу», -дейді Қытай ғылыми академиясының Ұлттық астрономиялық обсерваториясының қызметкері Цянь Лей.
Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
Толқын - ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен, атмосфералық қысымның ауытқуларынан, су асты жер сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы.
Гравитация(латынша: gravitas- ауырлық) - материяның кез келген түрлері арасындағы тартылыс күш әсері. Егер бұл өзара әрекеттестік біршама босаң болып, денелер баяу (жарық жылдамдығымен салыстырғанда) қoзғалатын болса, Ньютoнның бүкіл әлемдік тартылыс заңы қолданылады.
Астрономия (көне грекше: ἄστρον «жұлдыз» + νόμος (номос), «заң» ) - ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Ғылымдар академиясы - ғылыми-зерттеу мекемесі немесе ғылыми-зерттеу мекемелерін біріктіретін қоғамдық ұйым. Ғылым академиясына ұқсас мекемелер б.з.б. болған (қ. Академия). Ал Еуропада 15–16 ғасырларда көптеген ғылыми қоғамдарға академия атауы берілген.
«Теория жүзінде, егер тұңғиық ғарышта өркениет бар болса, оның радиосигналдары пульсар (айналып тұрған нейтрондық жұлдыз) жақындағанда біз алатын сигналдарға ұқсас болады»-, дейді Цянь. «Тяньян» немесе Аспан көзі деген бейресми атауын алған 4450 панельден тұратын құрылымды монтаждау 2011 жылы басталды және шілде айында аяқталды.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Телескопқа 5-километрлік радиус шегінде радиотыныштық болу керек, бұл объектке орын босату үшін сегіз ауылда тұратын 8000 адамның өз үйлерінен көшуіне себеп болды. Ауыл тұрғындарына жалпы сомасы 269 миллион доллар болатын қолма қол ақша немесе бюджеттен жаңа үй бөлу түрінде өтемақы берілді. Соңғы сынақ уақытында телескоп Жерден 1351 жарық жылының ара-қашықтығындағы пульсардан радиосигналдар алды.
Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.
Жаңа радиотелескоп Аресибо обсерваториясынан екі есе сезімтал және түсірімді 5-10 есе тез жасайды. Қытай сонымен қатар тауға жақын салынған қарау алаңы түріндегі туристтік объектілердің құрылысын да аяқтады. Бұндай объектілердің келушілерді қызықтырары сөзсіз— Пуэрто-Рикодағы обсерваторияны жыл сайын 90 000 астам келушілер тамашалайды. Осы айдың басында Қытай «Тяньгун-2» екінші ғарыштық станциясын жіберді, ол алдағы жылдары Марска бағыттауды көздейтін әскери бағдарламаның соңғы кезеңі болды. Дереккөз: http:hi-news.rutechnologyv-kitae-nachal-rabotat-krupnejshij-v-mire-radioteleskop.html Рейкьявикте атмосфераның ластануын толықтай тоқтатуды шешті Атмосфераға көмір қышқыл газының тасталуын нөлге дейін қысқарту үшін Исландия астанасының әкімдігі маңызды әрі уақтылы шаралардың бірқатарын қабылдады, — деп хабарлайды Inhabitat сайты. Біріншісі — қоғамдық көлікті дамыту. Қазірде оның көмегімен қала халқының шамамен төрт пайызы қозғалады, барлық қозғалыс құралдарын жаңа, жаңартылмалы қуат көздерімен жұмыс жасайтын қозғалыс құралдарына ауыстыра отырып, енді шамамен жиырма пайыз тұрғынды оны пайдалануға үйретудің маңызы зор.
Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Газ(фр. gas, гр. chaos – бей-берекет) - заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Бұл аса күрделі емес, себебі Рейкьявиктегі өмір онсыз да жаман емес — тұрғындардың үйлері геотермальды электр станцияларымен жылытылады — оның үлесіне барлық өндірілетін энергияның шамамен жиырма пайызы тиеді. Тағы үштен екісін гидро электр станциялары қамтамасыз етеді, оның үстіне, қаланың өзі де шағын, оның тұрақты тұрғындарының саны не бары шамамен жарты миллион адам. Әйтсе де, көңіл алаңдатар жайттар әлі де бар, мысалы, автокөлік қаланы әлі де түтіндетуде. Қала әкімдігінің бұған алаңдайтыны мақтауға тұрарлық. Қолда бардың қосымша шығынсыз барынша ұзақ жұмыс жасауы үшін, қала әкімі құрылыс компанияларына қала сыртынан тағы 90 жаңа құрылыс салуды тапсырды — бұл астананың кеңею қарқынын айтарлықтай төмендетуге мүмкіншілік береді. Атмосфераны ластауды толықтай тоқтату 2040 жылға жоспарланған. Дереккөз: http:hi-news.rutechnologyv-rejkyavike-reshili-polnostyu-prekratit-zagryaznyat-atmosferu.html Қытай орбитаға «Тяньгун-2» ғарыштық зертханасын шығарды Қытай 2016 жылғы 15 қыркүйекте өзінің «Тяньгун-2» (Аспан сарайы-2) ғарыштық зертханасын орбитаға сәттілікпен шығарды. Модуль ғарыштық жүйелерді тестілеу, эксперименттер әзірлеу және жүргізу үшін қолданылатын болады. Қазанда «Шеньчжоу-11» ғарыштық кемесі бортында екі ғарышкермен станцияға жіберіледі, олар «Аспан сарайында» бір ай болады. Станция орбитада өзіне дейін 2011 жылы жіберілген тестілік «Тяньгун-1» алмастырады. Ол екі жыл жұмыс жасайды, содан соң пайдаланудан шығарылады деп жоспарланған болатын, бірақ оның жұмысы екі еседен артыққа ұзарды. Екінші ғарыштық зертхана жіберілген соң екі сағаттан кейін «Синьхуа» қытай жаңалықтар агенттігі ұшуды басқару орталығына сүйене отырып, «Тяньгун-1» модулі бүтіндігі мен функционалдығын сақтай отырып, өзінің міндетін аяқтады деп хабарлады. 370 километр биіктіктегі оның орбиталық қозғалысы әлі де көз алмастан бақылануда. Әр күн сайын «Тяньгун-1» шамамен 100 метрге төмендеп келеді, келесі жылдың екінші жартыжылдығында екінші «Сарайдың» алдыңғы ізашары орбитадан толықтай кетуі тиіс. Қытай үкіметінің ғарышты игеруге қатысты ауқымды жоспарлары бар: «Тяньгун-2» Қытайдың үлкен ғарыштық бағдарламасының екінші кезеңі болып табылады. 2022 жылға қарай «Тяньгун-2» базасында «Тяньгун-3» толыққанды ғарыштық станциясын құра отырып, тағы бірнеше модульдарды ұштастыру жоспарланған. Дереккөз: http:hi-news.rutechnologykitaj-vyvel-na-orbitu-kosmicheskuyu-laboratoriyu-tyangun-2.html «Росғарыш» ғарыштық роботтар жасау үшін 2,5 миллиард рубль бөледі «Роскосмос» Ресей Мемлекеттік корпорациясы ашық ғарышта жұмыс істей алатын «механикалық ғарышкерлерді» жасамақ.
Корпорация (лат. corporatіo – бірлестік) - 1) бірлестік, қоғамдастық, одақ; 2) меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы.
Орталық машина жасау ғылыми-зерттеу институтының (ОҒЗИ) Ғарыштық роботты техника зертханасының бастығы Александр Гребенщиков «Ресей Газеті» баспасына жақын маңдағы болашаққа жоспарлары туралы айтып берді. Гребенщиковтың сөзі бойынша, елден тыс жұмыс жасап, ғарышкерлерге көмектесе алатын роботтар қазіргі кезде өте пайдалы болар еді. Олардан басқа, станцияның сыртында «өз бетінше» қызмет көрсете алатын, тексерулер, жөндеу жұмыстарын жүргізетін және жабдықтарға күтім жасайтын роботтар да қажет.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Гребенщиктың айтуынша, ең әмбебап роботтар — аватар - роботтар, олар Айда және басқа да планеталарда күрделі операциялар жүргізу үшін пайдалы.
Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs - кезбе жұлдыздар) - өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.
Ол ғарышкерлердің борттан тыс жұмысы өте қауіпті болуымен қатар, көп шығынды да – мамандардың МҒС бортынан тыс жүргізген жұмыстарының әр сағаты екі миллионнан төрт миллион долларға дейін тұрады, сол себепті «аватарларды» әзірлеу болашақта шығындарды азайтуға мүмкіндік берер еді.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Бұнымен қатар, бұрыннан жасалып келе жатқан жұмыстардың бір бөлігін ғарышкерлер роботтандырылған көмекшілеріне жүктесе, анағұрлым тиімді болар еді. «Андроидты техника» кәсіпорны бірнеше жыл қатарынан андроид- роботты жасаумен айналысуда, оның алғашқы түптұлғасы 2015 жылдың соңында әзірленіп, жер үстіндегі сынақтардан өтуді бастады. Жүргізілген тесттер оның өз жұмысын айтарлықтай орындайтынын көрсетті: ол механикалық құлыптармен жұмыс жасай алады, иллюминаторларды сүртеді, телекамералардың көмегімен қарап-тексеру жүргізеді, тумблерлерді ауыстырып қосады және құрал-жабдықтарды нық ұстайды. Аватарлар, әрине, керемет, бірақ олармен проблема да көп. Өйткені Жердегі ара-қашықтықтан басқарылатын кез келген робот орбитада ғана жақсы, егер де басқа одан да көп ара-қашықтықтар туралы айтар болсақ, онда іс қиындай түседі. Айдың өзінде бола тұра, аватар немесе басқа да робот, Жерден басқаратын диспетчердің бақылауында бола отырып, команданы кешуілдетіп алатын болады, бұл өте тиімсіз. Сол себептен оларды Айдың орбитасында болып, аз қашықтықтан басқарған дұрыс. Сондай-ақ, Айда база болса, тіптен жақсы болар еді. Қазіргі уақытта SAR-401 түптұлғасының базасында 2020 жылы-ақ МҒС жіберіліп, станцияның ресейлік сегментінің жаңа ғылыми-энергетикалық ресей модулінде жаңа міндеттерді атқаратын болады деген болжам айтылған роботтар жасалуда. Дереккөз: http:hi-news.ruresearch-developmentroskosmos-vydelit-25-milliarda-rublej-na-sozdanie-kosmicheskix-robotov.html Қытайлықтар электромобильдерге отыра бастады Электромобильдер — әзірге кеңінен тарала қоймаса да, өте қызықты зат. Қазір әр елдердің үкіметтері неден бастарын, электркөліктерінің иелерін немен қызықтырарын ойланып жатқанда, Қытай ендігі істі қолға алып үлгерді. ҚХР Даму және реформалар істері бойынша мемлекеттік комитеті Қытай Үкіметі тұрғындар аудандарында электромобильдерді зарядтау станцияларының құрылысын жеделдетуді жоспарлайды.
Реформа(лат. reformate - қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
Бұл қадам экологиялық таза авто санын көбейтіп қоймай, сатып алушыларды электр көлігін сатып алуға қызықтырары сөзсіз. Жоспарға сәйкес, электромобильдерді зарядтау станциялары Пекинде, Тяньцзинде, Хэбэй және Шаньдун провинцияларында, сондай-ақ басқа да бірнеше ірі қалалар қатарында пайда болады. Істің тез жүруі үшін Қытай үкіметі бұл құрылыстарды жүргізуге көмек көрсету үшін энергетикалық компанияларға жүгінді. Соңғы екі жылда электрлік машиналарды «таза» энергиямен қамтамасыз ету жағдайы жақсарды: осы жылдың жазында-ақ Қытайда шамамен 81 мың зарядтау станциялары жабдықталды, бұл алдыңғы жылғы белгіленген саннан үштен бірге артық.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Қытайда электр көлігі кең таралып келеді, ҚХР үкіметі электрлік қоғамдық көліктерді әзірлеуді, ендіруді және электромобильдер өндірісін қолдайды. Қытай үкіметінің жоспары — бес миллион электр машиналарына қызмет көрсете алатын зарядтау станцияларының желілерін құру. Дереккөз: http:hi-news.rutechnologykitaj-peresazhivaetsya-na-elektromobili.html NASA InSight аппаратының Марсқа ұшу күнін бекітті NASA Марс миссиясын бастаудың жаңа күнін белгіледі. InSight аппараты 2018 жылғы 5 мамырда жіберіледі, Марсқа келеді деп есептелген уақыт — 2018 жылғы 26 қараша. Бұл туралы ғарыштық агенттік сайтында хабарланады. Бастапқыда старт 2016 жылдың наурызына белгіленген, бірақ миссияның негізгі сынағымен байланысты сейсмометрдің (SEIS) ақаулары салдарынан ұшу кейінге қалдырылды. InSight аббревиатурасы Interior Exploration using Seismic Investigations, Geodesy and Heat Transport — «Марс құрылысын сейсмография, геодезия және термо барлау негізінде зерттеу» деп шешіледі. Аппарат Марстың ішкі құрылымын зондтау үшін арналған, оның көмегімен зерттеушілер тасты планеталардың, оның ішінде Жердің да қалай қалыптасқанын және дамығанын түсінгісі келеді. InSight Марс ядросының, ішкі қабатының және сыртының өлшемдерін, қалыңдығын, тығыздығын және құрамын зерттейді. Сонымен қатар, бұл миссияның міндетіне Марстың сейсмикалық және тектоникалық белсенділігін зерттеу де кіреді. Зерттеушілер күн батареяларымен жұмыс жасайтын аппарат жүйелерін жеткілікті энергиямен қамтамасыз ету үшін оны Марс экваторына жақын отырғызуды жоспарлайды. InSight стационарлы құрылғы болғандықтан планета бетінде қозғала алмайды. Жұмыс Марста екі жылға созылады деп жобаланады. Аппарат олардың көмегімен зерттеулер жүргізетін негізгі құралдар: Марстың тектоникалық белсенділігін дәл өлшеу үшін арналған SEIS сейсмометрі (Seismic Experiment for Interior Structure). Бұл құрылғы сенсорларының ашылып кетуі салдарынан InSight ұшуын екіден артық жылға кейінге қалдыруға тура келді. HP3 (Heat Flow and Physical Properties Package) құралы Марс топырағындағы жылу ағындарын өлшеу үшін арналған. Бұрғылау құрылғысы топыраққа бес метрге дейінгі тереңдікке батып, Марс ядросы шығаратын жылудың шамасын өлшей алады.
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.
Сонымен қатар, жүйе Марстың иондық сферасымен туындайтын магниттік ауытқуларды өлшейтін магнетометрмен; планетаның айналуын дәл өлшеу үшін рентгендік диапазон радиосымен; түрлі түсті және ақ-қара камералармен жабдықталады. Ғылыми бағдарламалар әкімшісі Джефф Йодер (Geoff Yoder) InSight зерттеу миссиясы болашақта адамдардың Марсқа баруына септігін тигізеді дегенді сенімділікпен айтады. Бұнымен қатар, оның айтуынша, зерттеу Марстың және басқа да тасты планеталардың, оның ішінде Жердің де тегін жақсырақ түсінуге көмектеседі. Түрлі елдер зерттеушілері Марсқа ұшуға және планетаны отаршылауға дайындықты бастап та кетті. Мысалы, жақында Гавайяда Марстағы өмірді имитациялау бойынша жылдық эксперимент аяқталды. Қыркүйекте Марс қалаларының түптұлғаларын құру мақсатындағы «Mars city design» симпозиумы өтеді. Бұған дейін SpaceX компаниясы 2018 жылы Марсқа Dragon көлік кемесін жібереді деп хабарланған еді. Дереккөз: https:texnomaniya.ruv-NASA-utverdili-datu-poleta-apparata-InSight-na-mars ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Mercedesтік Vision Van—болашақтың курьерлік фургоны Немістің автомобиль жасау зауыты «Daimler AG» концерні 2016 жылғы қыркүйекте болашақтың курьерлік автомобилінің қандай болатыны туралы өз болжамдарымен бөлісті.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Автомобиль өнеркәсібі - өнеркәсіптің автомобиль жасауға мамандандырылған саласы.
Кузовтың дөңгеленген фомалары, жүргізушіге кең шолуды қамтамасыз ететін үлкен алдыңғы әйнек, бір зарядпен 270 километрге дейін жүруге мүмкіндік беретін батарея, және жүргізуші рулін алмастыратын джойстик, — Vision Van деген атау алған фургонның жаңа үлгісінің тек кейбір ерекшеліктері ғана. Өндіруші заманауи автоларға тән «ақылды» мультимедиялық және навигациялық шешімдермен шектелместен, роботталған және автоматты жүйелерге айтарлықтай салмақпен қарайтындай.
Батарея - жұмыс тиімділігін арттыру мақсатымен бір жүйеге келтірілген бір типтес приборлар, аппараттар, құрылыстар, құрылғылар (мысалы, электр аккумуляторлары, кокс пештері, жылыту радиаторлары, т.б.).
Навигация (лат. navіgatіon, navіgo - кемеде жүземін) - 1) теңізде жүзу, кеме қатынасы; 2) мұхит, теңіз, көл, бөген және өзендегі табиғат жағдайына байланысты кеме қатынасы болатын уақыт кезеңі.
Жүкті кузовқа өздігінен тией және оны сөрелерге ұқыпты жинай алатын толықтай автоматтандырылған жүк тиегішті курьерлерге ұсына отырып, әзірлеушілердің бұл саладағы инженерлік ойы айтарлықтай алға басты. Жүкті жеткізу орнына жеткен соң фургон жүргізуші кабинасына арнайы терезе арқылы жөнелтімді өздігінен бере алады, бұл курьерді қажетті қорапты машинаның жүк бөлігіндегі жүк арасынан іздеуден бостады. Төбесінде Matternet компаниясынан екі жүк көтергіш дрон орнатылған, олар екі килограммға дейінгі салмақты көтере алады, ал оның аккумуляторлары оған бір зарядпен 20 километрге дейін жүруге мүмкіншілік береді.
Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.
Аккумулятор (лат. accumulator - жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап; ол электр және су энергиясын гальвани батареяларының көмегімен жинайды. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді.
Квадрокоптерлар толықтай автономды, сондықтан өз бетінше жүк алып, оны тапсырыс беруші есігінің алдына қоя алады- бұндай мүмкіншілік үйде ешкім болмаған, ал жол мен клиент үйінің арасында үлкен қақпа тұрған кезде міндетті түрде пайдаға асады. Иә, Vision Van — тағы бір кезекті тұжырым ғана, сондықтан біз жақын арада осындай кереметтерді жолда көре аламыз дегенге аса сенудің қажеті жоқ. Онымен қоса, олардың буынын көп күтудің де керегі жоқ, себебі осындай функционалдылыққа ие автомобильдер қазірдің өзінде әзірлену үстінде. Дереккөз: http:hi-news.rutechnologyvision-van-ot-mercedes-kurerskij-furgon-budushhego.html Француздар сутек поездын ұсынды Француз компаниясы Alstom Берлинде өткен InnoTrans көрмесінде сутекті отын элементтерінде жұмыс жасайтын Coradia iLint жаңа өңірлік поездын ұсынды. Жаңа әзірлеме қазірдің өзінде топтамалы өндіріске дайын. Алғашқы осындай поезд Германияға тасымалдауды 2017 жылғы желтоқсанда бастамақ. Бүкіләлемдік банктің дерегі бойынша Еуропа мен Орталық Азияның темір жолдарының жалпы ұзындығы 376 мың километрді құрайды, оның ішінде 212 мың километр
  1   2   3   4

  • ФАНТАСТИКА
  • Нобель сыйлығына

  • жүктеу 439.9 Kb.