Главная страница
Контакты

    Басты бет


5 тақырып. Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты

жүктеу 106.66 Kb.



жүктеу 106.66 Kb.
бет1/2
Дата16.09.2017
өлшемі106.66 Kb.

5 тақырып. Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты


  1   2

5 тақырып. Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы.
1.Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты.

2. Кедендік тарифтің мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі.

3. Тарифтердің экономикалық рөлі.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Тарифтерді қорғау және қарсы аргументтері.


4.Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.

5. Сауда саясатының қаржы әдістері.
Студенттерге «Сауда еркіндігі жақтастары мен протекционизм жақтастарына қарсы» тақырыбы бойынша дебатқа дайындалу.
1. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты.

Мемлекеттік сауда саясаты – бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат.
Нарық Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.

Ұлттық және әлемдік нарықтардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайын сауда саясаты анықтайды.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Белгілі мемлекеттің сауда саясаты өз бейнесін сауда режимінде табады. Сауда режимі – бұл ұлттық және әлемдік нарықтық қарым-қатынасын қалыптасытру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.

Мемлекеттік сауда режимінің сипаты кедендік тарифтің орташа деңгейін, сондай-ақ санды шектеулердің интенсивтігілі мен орташы деңгейін есептейтін агригалдық көрсеткіш ретінде анықталады.

Режим (француз тілінде regіme, латын тілінде regіmen - басқару) - 1) мемлекеттік құрылыс, басқару тәсілі; 2) күнделікті өмір жұмыстың, демалыстың, тамақтанудың, ұйқының нақты белгіленген тәртібі; 3) белгілі мақсатқа жету үшін орнатылған ережелердің, шаралардың, нормалардың жиынтығы.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Импорттық кедендік салымының орташа деңгейі 10% төмен, ал сандық шектеу импорттың 25% басып, тіркеу сипатына ие болатын мемлекеттің сауда режимі салыстырмалы түрде ашық болып танылуы мүмкін.

Мемлекеттік халықаралық саудаға араласу масштабына байланысты протекционистік сауда саясаты және еркін сауда саясаты деп айырамыз (жабық экономикадан ашық еркін сауда саясатына көшу жағдайын сыртқы сауданы либерализациялау деп аталады).

Масштаб (нем. Mastab. Ma - өлшеуіш, мөлшер және Stab - таяқ) - сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады.

Еркін сауда – еркін нарық күштері сұраныс пен ұсыныстың, негізінде дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты.

Протекционизм – тарифтік және тарифтік емес құралдарды қолдану арқылы ішкі нарықты шетелдік бәсскеден сақтау үшін қолданылатын мемлекеттік саясат. Бұндай шектеулерді сауда кедергісі деп атайды.
2. Кедендік тарифтің мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі.

Сыртқы сауданы реттеудегі ең кең қолданылатын құрал болып кеден тарифтері табылады.

Кедендік тариф – бұл кедендік шекара арқылы жылжитын тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларнының жүйелендірілген жиынтығы.

Кедендік шекара - Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шектері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады. Кедендік шекара - Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикальды бет.
Кедендік тариф түсінігі көп жағдайда, кедендік баж түсінігімен сәйкес келеді.

Кедендік баж мыналарға жіктеледі:

Импорттық, экспорттық, транзиттік, маусымдық, антидемпингтік, компенсациялық, автономдық, конвенциондық, преференциялық, спецификалық,адвалорлық, құрама.

Кеден тарифтерінің жіктелуі.



Салық салу объектісі бойынша:

- Импорттық – бұл елдің ішкі импортқа еркін айналысқа түсетін импорттық тауарға салынатын баж салықтары. Ұлттық өндірушілерді шетел бәсекелестігінен қорғау үшін барлық мемлекетттермен пайдаланатын кең таралған форма.

- Экспорттық – экспорттық туарларға салынатын баждар. Олар өте сирек қолданылады, өйткені олар әлемдік нарықтағы тауар құнын қымбаттатады. Сондай-ақ ол, мемлекет тауарларының сыртқа әкетілуін шектеуге ұмтылған кезде де қолданылады.

- Транзиттік – аталмыш ел территориясы арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларға салынады. Оларда өте сирек қолданады, себебі, олар тауар ағымдарына кедергі жасап, сауда соғысы құрамы ретінде қолданылады.



Сипаты бойынша:

- Маусымдық – маусымдық сипаттағы өнімнің халықаралық саудасын реттеу үшін қолданылады. Ең алдымен ауыл-шаруашылық өнімдерді. Олардың әрекет ету мерзімі бірнеше айдан аспайды.

- Антидемпингтік – экспортталатын елдегі қалыпты бағаға қарағанда неғұрлым төмен бағамен тауарлардың елге әкелуі кезінде салынады.

- Компенсациялық – тауарларды өндірі барысында тікелей немесе жанама субсидиялар пайдаланатын тауарларды импорттауға салынады. (Егер олардың импорты осындай тауарлардың ұлттық өндірушілеріне зиян келтірсе).

Пайда болуы бойынша:

- Автономды – елдің мемлекеттік билік органдарының бір жақты шешімдерінің негізінде еңгізілетін баж.

- Конвенциондық – (келісім-шарттық) ТСБК (тарифтер мен сауда туралы бас келісім) – сияқты, немесе Кедендік Одақ туралы келісім сияқты, екі жақты немесе көп жақты келісімдер негізінде орнатылатын баждар.

- Преференциалды – дамушы елдерден шығатын тауарларға көп жақты келісімдер негізінде салынатын әрекет етуші кеден тарифімен салыстырғанда неғұрлым төмен ставкаларға ие баждар.

Алу тәсілі бойынша үш түрлі тарифтер болады:

- спецификалық;

- адвалорлық;

- құрамдық.



Спецификалық – салмақ, көлеммен есептелуі. Мысалы, бидайдың әрбір центнеріне бір доллар көлемінде баж салығын салу.
Доллар Доллар (ағылш. dollar) - Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Аустралияның (Аустралия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады.
Ал адвалорлық – тауар бағасына қатысты пайызбен есептеледі. Құрамдық – кеден салығының екі аталған түрлерін қамтиды. Мысалы, кеден құнынан 20% бірақ 1 тоннаға 10 доллардан жоғары емес.
Кедендік тариф құрамына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым кедендік тариф әр тауарға қолданылатын біртұтас қойылым негізінде құрылған. Күрделі кедендік тариф бірнеше салым қойылымына байланысты белгілі мемлекеттің тауарына қолданылатын максималды, аралық преференциалды.

Қазіргі уақытта барлық мемлекеттер көп бағалық тарифке ие.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Бұндай күрделі тарифте көбінесе генералды және автономды баж басым. Ол сауда келісім шарты немесе бітімі жоқ мемлекеттерден импортталатын тауарларға салынады.

Көп бағалы кедендік тариф.


Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатура бойынша тауар коды

Тауардың қысқаша атауы,

Ставкалар немесе кедендік баждар

37

Фото және кино тауарлары

1

2

3







2,5

5

10

Біздің тариф мысалында автономды немесе генералды баж 10% (үшінші бағана) құрайды, ол максималды. Тарифтік базалық ставкасын 5% (екінші бағана) баж құрайды. Бірінші бағана дамушы мемлекеттердің тауарларының баждарына арналған.



Кеден қорғанысының нақты деңгейі.

Отандық өндірушілердің мүдделерін сақтау мақсатында көп жағдайда тиімді тарифтік қорғаныстың принципі көмектеседі.

Қорғаныс аймағы - инженерлік құрылыстармен жабдықталған жергілікті жер ауданы. Қорғаныс аймағы құрамалар (бірлестіктер) ұрыстық ретке (операцияға тізілу) жайылып, қорғаныс ұрысын (шайқасын) жүргізеді. Ұлы Отан соғысы жылдары мен соғыстан кейінгі кезенде қорғаныс аймағы тактикалык және оперативтік болып бөлінген.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.



Нақтылы тарифтік қорғану саясаты – бұл саясаты төменгі импорттық салықты, импорттық шикізат және құрамданған жоғарғы импорттық салықты аяқталған өнімге қолданады.
Шикізат Шикізат бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі.

Басқа салаларға қорғаныс тарифінің негізгі деңгейі пайыздық көлеммен анықталады, сол пайызға, бүкіл тарифтік жүйенің жұмыс істеу қабілетіне байланысты осы саладағы бір өсімнің шамасы жоғарылайды.

Негізгі және нақтылы тариф көлемінің деңгейі (нақтылы қорғаныс деңгейі) қосымша баға көлемінің қатынасымен, қазіргі кеден салығының деңгейінің қосымша базалық нұсқауымен анықталады.

Нақтылы тариф қойылымы – көлемдік мінездемесі келесі тұжырыммен анықталады: импорттық тариф тауардың өндіру процесінің өсуіне ықпал етеді және импорттық салық салымының дайын өніміне, импортталған шикізат құрамынан және солардың ақырғы өнімге деген пайыздық арақатынасының түрлілігіне тәуелді.

Жалпылама түрдегі нақтылы тариф салымының деңгейі формула бойынша шығарылады:

q= (t – at1)/(1 – a)
мұндағы: q – нақтылы кеден қорғанысының деңгейі;

t – номиналдық тарифтің ақырғы өнімге салымы;

a – кеден тарифі болмаған жағдайдағы импорттық шикізаттың ақырғы өнімге бағалай қатынасы;

t1 - импорт тарифінің бөлігі мен компоненттерінің номиналдық саллымы;

Нақтылы кеден қорғанысының есептеу негізінде, сауда саясатында маңызды шешімдер қабылданады.

  1   2

  • 4.Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері. 5. Сауда саясатының қаржы әдістері.
  • 1. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты. Мемлекеттік сауда саясаты – бұл ішкі нарыққа
  • 2. Кедендік тарифтің мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі.
  • Кеден қорғанысының нақты деңгейі.

  • жүктеу 106.66 Kb.