Главная страница
Контакты

    Басты бет


5-6 сынып оқушыларына математика пәнінен сыныптан тыс сабақтарға арналған есептер жинағы

жүктеу 368.63 Kb.



жүктеу 368.63 Kb.
бет1/4
Дата29.03.2018
өлшемі368.63 Kb.

5-6 сынып оқушыларына математика пәнінен сыныптан тыс сабақтарға арналған есептер жинағы


  1   2   3   4

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі




5-6 сынып оқушыларына математика пәнінен сыныптан тыс сабақтарға арналған есептер жинағы

(оқу-әдістемелік құрал)




Құрастырған: Оқытушы Д. Т. Шахаева

Павлодар қаласы




Алғы сөз
Қазіргі күні балалардың көңілін аулайтын компьютер, ойын-сауық залдарының көбеюіне байланысты оқушыларды мектеп қабырғасында ұстап, олардың білімге деген көз-қарасын арттыру ұстаздардың біраз еңбектенуін талап етеді. Жалпы математика пәнін барлық оқушы тез қабылдап, терең алып кете бермейді. Сол себепті логикалық есептерінің өмірмен байланыстылығы оқушылардың қызығушылығын оятады.

Бұл оқу-әдістемелік құралдың мақсаты – ұстаздарға осында көрсетілген тапсырмаларды математикалық факультативтерде, үйірмелерде пайдаланып, оқушыларға математиканың өмірмен байланысын ашып көрсету; оқушылардың дәстүрлі емес есептерді жүйелеп шығара білуін қамтамасыз ету; логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және есеп шығаруда кесте құрып, оны пайдалана білуін дамыту.

Қойылған мақсаттар келесі тақырыптарға “Соңынан шығарылатын есептер”, “Логикалық есептер”, “Дирихле принципі”,“Ауыстырып құю есептері” тапсырмалар орындау арқылы жүзеге асырылады.

Мұнда 5-6 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қолайлы ұластыруға негізделген есептер қарастырылған. Бұл есептер: “Тор қағазда қию есептері”, “Ауыстырып құю есептері” тақырыптарында. Сонымен қатар, бұл тапсырмалар олардың психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырып, мектеп бағдарламасында алған білімдерін толықтырады.

“Арифметикалық есептер”, “Геометриялық есептер”, “Математикалық ребустар” тақырыптарындағы берілген тапсырмаларды 5-6 сынып оқушыларына мектепішілік, қалалық олимпиадаға дайындалуға ұсынуға болады. Кейбір есептерді мектепішілік олимпиада тапсырмалары ретінде де пайдалануға болады.

Барлық есептердің жауаптары құралдың соңында жазылған, кейбір есептердің толық шешуі бар.

Есептер әртүрлі жинақтардан алынып құрастырылған (олар пайдаланылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген).

Мақсаты мен міндеттері: математиканың өмірмен байланысын ашып көрсету, оқу материалымен байланыстыра отырып оқушының білімділіктерін арттыру, оқушының дәстүрлі емес есептерді жүйелеп шығара білуін қамтамасыз ету. Есеп шығарудағы ойлау қабілеттерін дамыту. Күрделі есептерді шығару жолдарын көрсете отырып, өз беттерімен есепті жүйелі шығаруға баулу.
Күтілетін нәтиже:


  • Есептердің себебі мен салдарын айқындай білу, дәстүрлі емес есепиердің шығару жолын жүйелей білу;

  • Есептерді құрастыру, өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау, логикалық есептерді жылдам есептеу және есепті шығару жолының ретін сақтау;

  • Матаматиканы өмірмен байланысын анықтау, есептерін шығару жолындағы маңызды орнын түсінуі керек.

  • Берілген есепті класификациялау, қарапайым есептерді құрастыру.


Мазмұны

I. Соңынан шығарылатын есептер............................................................4


II. Математикалық ребустар......................................................................5
III. Тор көзді қағазда қию есептері...........................................................6
IV. Дирихле принципі.................................................................................7
V. Ауыстырып құю есептері......................................................................8
VI. Логикалық есептер..............................................................................8
VII. Арифметикалық есептер...................................................................13
VIII. Геометриялық есептер...................................................................14
Шешімдер және жауаптар ........................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................27

  1. Соңынан шығарылатын есептер





  1. Әкесі мен ұлына бірге 65 жас. Әкесіне 25 жас болғанда, ұлы туды. Әкесі мен ұлының жасы нешеде?

  2. Арыстан бір қойды 2 күнде жеді, қасқыр 3 күнде, ит 6 күнде. Олар бірге қосылып қойды неше күнде жеп қояды?

  3. Үш ұл балада бірнеше алмадан бар. Бірінші ұл қалған екі ұлда қанша алма болса, сонша алмадан оларға таратады. Сосын екінші ұл қалған екі ұлдың әрқайсында қанша алма болса, сонша алмадан таратады және үшінші ұл да әрқасында қанша алма болса сонша алмадан береді. Содан кейін ұлдардың әрқайсында 8 алмадан болып шықты. Алғашқыда ұлдардың әрқайсында қанша алмадан болды?

  4. Мен бір санды ойладым, оған екіні көбейтіп, үшті қосқанда 17 саны шықты. Мен қандай санды ойладым?

  5. Бір күні шайтан жалқауға табыс табуды ұсынады. “Мына көпірден өткеннен кейін, сенің ақшаң екі есе өседі – деді ол. Бұл көпірден қанша рет өтсең де өтуге болады, бірақ әр өткен сайын маған 24 тиыннан беріп отырасың” Жалқау келіседі және... үш рет өткеннен кейін бір тиынсыз қалады. Бастапқыда жалқаудың қанша ақшасы болды?

  6. Туристер тобы жорыққа шығады. Бірінші күні жолдың 1/3 өтеді, екінші күні қалған жолдың 1/3, үшінші күні қалған жаңа жолдың 1/3 өтеді. Нәтижесінде оларға әлі де 32 км жүру қалды. Туристтердің маршруты неше километр болды?

  7. Рулетка ойынын ойнап, Асқар ақшасын екі есе ұлғайтты, сосын 10 тг жоғалтты, содан кейін ақшасын 3 есе көбейтіп 12 тг ұтты. Нәтижесінде Асқарда 60 тг қалды. Ол ойынды қанша ақшамен бастады?

  8. Қыз бақтан алма жинады. Бақтан шығу үшін ол 4 қақпадан өтуге мәжбүр болды, әр қақпада жолаушылардың жарты алмаларын алып қоятын, қатал күзетші күзетіп отырды. Үйге қыз бары жоғы 10 алма ғана әкелді. Күзетшілерге қанша алмадан тиді?

  9. Арман, Берік және Сержан маркаларымен алмасты. Берік өзінің 5 маркасын Сержанға берді. Сержан Арманға 4 марка берді, Арман Берікке 2 марка берді. Нәтижесінде үш балада маркалардың саны тең болды. Егер үш доста барлығы 30 марка бар болса, бастапқыда Арманда қанша марка болған?

  10. Екі батыр кезекпен тоғызбасты айдаһармен соғысады. Олар кезекпен оның үңгіріне кіріп 1, 2 және 3 бастан шауып тастай алады. Қалай соғысты бірінші бастаған батырға жеңімпаз атағын алуға болады ( соңғы басын шауып тастаған)?

  11. Үймеде 50 тас жатыр. Екеуі кезекпен оған 1-ден 10-ға дейін тастарды қосады, кім бірінші үймедегі тастар санын 100-ге жеткізеді, сол жеңімпаз болады. Ол кім болады – бірінші ме әлде екінші ме? Жеңімпазға қанша жүріс қажет болды?

  12. Әкесі мерекеге балаларына бір қорап кәмпит сатып алды. Жеңіс кәмпиттердің жартсын және бір кәмпиттің жартсын алды, Айжан қалдықтың жартсын және жарты кәмпитті алды. Қанат жаңа қалдықтың жартсын және жарты кәмпит алды. Мерей қалған кәмпиттің жартсын және тағы да жарты кәмпитті алды. Содан кейін қорапта 1 кәмпит қалды. Қорапта қанша кәмпит болды?


II. Математикалық ребустар

13. Жұлдыздарды тиісті цифрлармен алмастыр.

А)+ * * Ә) + * *

* * *


* * 8 * 9 8

14. Ребусты шеш:

А) + ДРАМА Ә) ЧАЙ : АЙ = 5

ДРАМА


ТЕАТ Р

15. Ребусты шеш:

А) × 6 * Ә) А

* * * + Б Б

* * А

+ * * СС С



* *

* * * 6


16. Ребусты шешіңдер:

А) СПОРТ Ә) 2 * Б) АБВ



+СПОРТ × * 2 + ВВ

КРОСС * 8 ААБ



+7 *

7 * 8
17.Ребустарды шешіңдер:

А) * 2 * 3 Ә) 5 9, 2 7 Б) В

× * * + * *, 4 5 А А А А

* * * 8 7 7 8, * 3 + А А А А

+* * * * * 1 8 2, 1 5 А А А А



2 * 0 0 4 * В А А А А

В) * 0 * 3



x * * *
  1   2   3   4

  • Мазмұны
  • Соңынан шығарылатын есептер

  • жүктеу 368.63 Kb.