Главная страница
Контакты

    Басты бет


№2 орта мектеп «Ақпараттық -коммуникациялық технологияны білім саласында кеңінен қолдану»

жүктеу 0.5 Mb.



жүктеу 0.5 Mb.
бет2/2
Дата20.02.2020
өлшемі0.5 Mb.

№2 орта мектеп «Ақпараттық -коммуникациялық технологияны білім саласында кеңінен қолдану»


1   2

"Жадыны дамытуға арналған пасьянс"

Келесі біздің жаттығуымыз тақтадан көрсетілген суреттерге бір сәт назар аударыңыздар. Интерактивті тақтадан 20 шақты нысандар мен суреттер жинағы көрсетіледі. Нысанды есте сақтауға 2 мин уақыт береміз.

1. Ал енді кім айтып береді жаңа тақтадан қандай заттар көрсетілді?

2. Мен осы заттардың ішінен неше затты алып тастадым, ол қандай заттар?

Естеріңізге сақтай алдыңыздар ма?

Көп ұпай жинаған топқа жұлдыз беріледі



2 мин кейін мұғалімдер есте сақтаған нысандарды көбірек айтуларына қарай ұпай жинайды.

Суреттер

Сергіту сәті



Сергіту тренинг

  • Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

  • Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...

  • Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.

  • Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.

  • Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.

  • Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.

  • Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.

  • Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.

  • Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.

Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.

Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз –
таңдаған жолыңызға сәйкес келеді
Әмиян ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз.
Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.
Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.
Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.
Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.
Өзен ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.







Жүйелеу

Сіздің ойыңызша сабақтың қай кезеңінде АКТ қолдану тиімді болады?

Сабақ үрдісінде АКТ тиімді қолдануға қандай кедергілер бар?

Жұмыстарыңызды топпен бірлесе отырып постерге түсіріңіздер.


Мұғалімдер тобымен бірлесе отырып

постер жасап, қорғайды.



Постер

Қорытындылау кезеңі

Ой

тұжырымдау
Қортынды жасау



Пікірлерін стикерге жазып іледі

стикер

Кері байланыс

Білім ағашы


Білім ағашына

Бүгінгі сабақ туралы ұсыныс, пікірлеріңізді стикерге жазып ілулеріңізді сұраймын





Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып іліп кетеді.


стикер

Бағалау кезеңі

Бүгінгі сабақ сіздер үшін қалай болды?



«Бармақ» әдісі бойынша бағалау жасайды.

«Ақпараттық –коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» коучинг сабағы жайында

рефлексивті есебі.


Коучинг сабағымның тақырыбын «Ақпараттық- коммуникациялық технологияны / АКТ/ пайдалану арқылы білім сапасын арттыруды» алған себебім, оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Менің жеті модульден «оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» модуліне көңіл аударған себебім, мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқытуды жетілдіру мақсатында АКТ-ны қолдану бойынша көмек көрсету болатын. Мен үшін ақпараттық –коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттырудың маңыздылығы, АКТ-ның дамуы білімді бағалау мен пайдалану жүйесін де уақытылы өзгеріп отыруды талап етеді.

Коучинг сабағына қатысушылар


Екінші коучинг сабағыма да алғашқы коучинг сабағымдағы мұғалімдер, яғни Жолдықараева А, Исмайлова Н, Баймбетова Б, Айтбаева М, Паметова Ж, Сералива А қатысты. Бірінші сабақ ұнағандықтан ба, екінші сабаққа мұғалімдер қызығушылықтарын білдіріп, кешікпей келді. Сыныпқа кіре бере «бүгін қалай топқа бөлінеміз?», «қандай тапсырма бересіз?», «постер жасаймыз ба?» деген сауалдарын қоя бастады. Коучинг барысында жеті модульді егжей-тегжей түсіндірілді. Мұғалімдер бір серпіліп сабақ өтуге деген құлшыныстары арта түсті.
Білім беру жүйесіндегі үнемі жаңарулар мен өзгерістер неліктен жасалынып жатыр? Бұл өзгерістер кімге қажет? «Мектептің тірегі де, тіреуі де мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай мұғалімге де, оқушыға да, қоғам талабына сай міндеттер жүктелуде. Соның ішінде мұғалімге қойылатын талап ерекше. Ұстаздың бүгінгі бейнесі білімділік, парасаттылықпен қатар заман талабына сай мұғалім болуымен ерекшеленеді. Олай болса, білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет-ақ.
АКТ оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Сабақ беру әдісіне компьютерлік технологияның жаңаша өзгерістер мен идеяларды қосатынына сенімім мол. АКТ – ның көмегімен оқушының оқуға қызығушылықтары артып, өзіндік баға беруі, өзін-өзі бағдарлауы да дами бастайды. Коучинг сабағымның басты мақсаттары:
• Мұғалімдерге оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету.
• Мұғалімдерге АКТ-ны қолдануда кәсіби қолдау көрсету.

Ынтымақтастық ахуал қалыптасты

үшін, оларға А4 парақтарын тараттым да, өздерін «кімге? неге?» теңейтінін туралы сурет салуды тапсырдым. Олар ойланып отырып параққа әр түрлі бейнелерді сала бастады. Әрқайсысы өздерін қалай бағалайтынын, салған суреттеріне қарап сипаттама беріп, қорғап шықты. Мұғалімдердің көңіл–күйлері көтеріңкі болды. Ынтымақтастық ахуал қалыптасты. Топта бір-бірімен тығыз байланыста болғандары көрініп тұрды.
Сабағымның келесі кезеңінде интерактивті тақталардың мүмкіншіліктерін, жаңа түрлерін көру мақсатында видеороликтер тамашалады. Интерактивті тақтадан «Оқыту сапасын арттыру үшін жаңа технологияларды пайдалану» көрсетілімін көрсеттім.
Бұл көрсетілімді көрсеткен себебім, ХХІ ғасыры – ақпараттандыру ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімді ұштастыру үшін АКТ – ның мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектеседі. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа аудио қондырғыларды, теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай оң нәтиже береді. Кез-келген сабақта электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыспен айналысуына жағдай жасайды.

Топтық жұмысты талқылау


Оқу процесінде АКТ-ны тиімді пайдалану және қолдану дағдыларын, білім сапасын арттыруда пайдалануды мұғалімдерге коучинг сабағымда толықтырып өткізгім келді. Бұл ұсынысымды олар бірауыздан қолдады.
Коучинг сабағының келесі кезеңінде топтық жұмысқа «Білікті - жаңашыл мұғалімнің сабағы қандай болу керек?» деген тапсырма берілді.
Топтағы мұғалімдер осы сұрақ бойынша постер жасауға кірісіп кетті. Мұғалімдер АКТ-ны өз сабақтарында қалай пайдалану жолдарын іздестіріп, постер жасады, бір шешімге келді. Топтан спикер шығып қорғады. Коучингке қатысқан ұстаздардың барлығы өз пәнімен қатар ақпараттық сауаттылық болу керектігін жақсы түсінді. Мұғалімдер оқушылардың білім алу деңгейлерін сапалы ету мақсатында ақпараттық технологияны әрбір сабақта қолдану қажеттілік болып табылатынын, АКТ–ның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы өте көп екендігін ортаға салып талқылады.

Постер қорғау


Мұғалімдердің көңіл-күйін көтеру мақсатында «Қара жорға» биі сергіту сәті жасалынды. Мұғалімдердің барлығы жақсы серпіліп, мұндай сергіту сәті болса оқушылар да, өздері де жалықпайтындарын айтып, көңілді орта қалыптастырды. Коучинг сабағында қолданылған барлық іс-әрекеттер өте сәтті өтілді. Берілген тапсырмаларды, өз білгендерінше орындап, құлшына істеді. Сабақ соңында мұғалімдер рефлексия жасауда түрлі түсті стикерлерге коучинг сабағынан алған әсерлерін, түсініксіз тұстарын, келешекте не істеу керек, нені үйренгілері келетін тақырыптарын жазды.
Коучинг сабағымның нәтижесінде, коучинг – мұғалімге бағыт-бағдар беріп, оның шеберлігін шыңдап, әрі қарай өсуіне ықпал етеді. Қандайда бір нақты бір мәселелерді шешуге итермелейді. Коучинг сабағын тыңдаушыға қандайда бір ережелер жүйесін ұсынушы болып табылады. Коуч өткізушісі – жаттықтырушы, бапкер. Коучингті өткізу үшін тиянақты дайындық, білім дағды қажет екендігін, коучтың міндетін біліп, Кембридж бағдарламасы бойынша дайындалған 2-ші деңгей біліктіліктігін арттыру курстарында үйренген, жинақтаған іс-тәжірибемді мектептегі тәжірибеде коучинг жургізу арқылы жүзеге асырдым. Әріптестерім ІІ деңгейлі курстан алған іс-тәжірибемнен кішкене болсын мәлімет жинақтап, өз тәжірибелерінде қолдана алды деп ойлаймын.
Қорыта келгенде «Ақпараттық–коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбындағы коучинг сабағымның өз әріптестеріме әдістемелік көмегі ретінде, АКТ-ны қолдану мақсатында болашақта өз пәндері бойынша тақырыптық тест бағдарламаларын компьютерде жасау, электрондық оқулықтарды дайындау, ғылыми терминдерді жинақтау сияқты бағдарламаларды әріптестеріме семинар сабақтарын өткізу арқылы, қосымша курс ұйымдастыруға ұсыныс беріп, АКТ-ны пайдаланудағы сауаттылықтарын көтеруді меңгертуді жоспарлап отырмын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2 –деңгей
2. «Мектеп» журналы
3. «Информатика негіздері» журналы
1   2

  • Сергіту сәті Сергіту тренинг
  • Қақпа
  • Құмыра
  • Қорытындылау кезеңі Ой тұжырымдау Қортынды жасау
  • Кері байланыс Білім ағашы
  • Бағалау кезеңі

  • жүктеу 0.5 Mb.