Главная страница
Контакты

    Басты бет


1. Заң жобасының атауы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

жүктеу 450.65 Kb.



жүктеу 450.65 Kb.
бет2/4
Дата04.06.2018
өлшемі450.65 Kb.

1. Заң жобасының атауы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


1   2   3   4
әкімшілік жауапкершілік институтын жетілдіру; 7.

Әкімшілік жауапкершілік - азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: - мемлекеттік органдардың бюджет бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ олардың орындалуын бағалау кезінде ақпараттандыру саласында уәкілетті органның рөлін күшейту; 8. «Банктер және банктер қызметтері туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына: - «электрондық үкіметтің» төлем шлюзы операторының рөлін анықтау; 9. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңына: - зияткерлік меншік объектілері ретінде электрондық ақпараттық ресурстарға авторлық құқық мәселелерін нақтылау; 10. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: - интернет-ресурс нысанында бұқаралық ақпарат құралдары жауапкершілігінің кейбір мәселелерінің регламенттелуі; 11. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы: - егер ондай тіркелім ЭВМ-ға арналған бағдарламаларға авторлық құқықты бұзатын болса, ЭВМ-ға арналған бағдарламаларға тауарлық белгі ретінде тіркелуге тиым салу; 12.

Таңба (знак; character, symbol) - есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) - арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ).

«Әкімшлік шаралар туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына: - мемлекеттік электрондық қызметтерді жүзеге асыру шараларын нақтылау; 13. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: - компьютерлік және бейнеойындарға қатысты «жасы бойынша шектеу» саясатының құқықтық негіздерін белгілеу; 14. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына: - «электрондық құжат» және одан шығатын ережелер ұғымын нақтылау; 15. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына: - байланыс арналарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін регламенттеу; 16. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына: - стандарттау қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелерін реттеу; 17.

Стандарттау, үлгіқалыптау (ағылш. standardization) - есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б.

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына: - компьютер және бейнеойындарына қатысты «жасы бойынша шектеу» саясатын бекіту; 18. 2007 жылғы 11 қантардағы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: - электрондық лицензия берудің жалпы тәртібін айқындау; 19. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына: - мемлекеттік органдарға IT-аутсорсинг енгізу тетігін регламенттеу; 20. «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына: - ақпараттандыру саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын нақтылау; - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдардың құзыретін бөлу; 21. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына: - IT-секторы дамуын мемлекеттік қолдауды реттеу. Екінші бабында заңды күшіне енгізу мерзімі анықталады. 6. Заң жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар Заң жобасын қабылдаудың салдарлары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

Жарлық - мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі. Құқықтық жағынан Жарлық нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді. Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық нормаларды белгілейді.

Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

Осы заң жобасын қабылдау ақпараттандыру саласындағы мынадай: 1) ақпараттандыру саласындағы бюджеттік процесспен, авторлық құқықтармен, Интернеттің қазақстандық сегментін дамытумен, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының өкілеттігін жүзеге асырумен және басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіру; 2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, мемлекет мүдделерінің: - электрондық қызметтер, электрондық мәмілелер саласындағы қатынастардың реттелмеуінен; - ақпараттық кауіпсіздікке қауіп-қатерден; - ақпараттандыру саласындағы киберқылмыспен және әкімшілік құқық бұзушылықтардан қорғалу деңгейін көтеру; 3) ақпараттық технологиялар саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау институтын одан әрі (салалық) дамыту, сондай-ақ осы саладағы техникалық реттеу түрлердегі оң құқықтық салдарға алып келеді. Заң жобасын қабылдаудың оң әлеуметтік-экономикалық салдары мынадай: 1) мемлекеттік органдардың бейінді емес қызметін ІТ-аутсорингке беру, кәсіпкерліктің осы саласындағы субьектілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету есебінен ІТ-бизнестің белсенді дамуы үшін алғышарттар жасау; 2) ІТ-аутсорингті және бұлттық есептеулерді енгізуге байланысты адамдық, әкімшілік, техникалық ресурстарды босатып алу және соның нәтижесінде бюджет қаржысын үнемдеу түрлерінде көрініс береді. 7. Басқа да заңнамалық актілерді әзірленіп отырған заң жобасымен бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттігі Заң жобасын қабылдаумен басқа заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжанбайды. 8. Заң жобасы мәнінің өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі Заң жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді пайдаланудың және қорғаудың қағидалары мен тәртібін қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.

Қазіргі кезде заң жобасының бірқатар мәселелері Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» заңымен, жекелеген заңнамалық актілермен және бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі. 9. Қарастырылып отырған мәселе бойынша шетел тәжірибесінің болуы 9.1 IT-саласын дамытудың мемлекеттік саясаты Оңтүстік Кореяның үкіметі ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында экономика желісін дамыту арқасында дәстүрлі экономика салаларының бәсекелестігі мен ашықтығын арттыру болады деген қорытындыға келді. 2000–2001 жж. Оңтүстік Кореяның мемлекеттік кәсіпорындары сатып алу операцияларының 50 интернет арқылы жүзеге асырды. Үкімет шешіміне сәйкес 2002 ж. бастап барлық мемлекеттік сатып алулар тек интернет арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алулар бойынша бірыңғай портал (тіркеу, тендерлерге қатысу, келісімшарттарға қол қою, төлем) 2002 ж. қыркүйегінен бастап жұмыс істей бастады. 2002 ж. қарашасында ақпараттық қызмет пен «Азаматтар үшін үкімет» (G4C) э-қызметі екі сервисін біріктірген «Корея электрондық үкіметі» интегриалды порталы жұмыс істей бастады. Портал азаматтарға 400 жуық интерактивті қызметтер және 4 мың санаттар бойынша ақпарат ұсынады. Порталдың ашылуы Оңтүстік Кореяны 2001 жылы 45 орыннан бірден «электрондық үкімет» жобасын жүзеге асыруда әлемдік көшбасшылар тобына шығарды. Интернетке мектептерді, университеттерді, кітапханаларды жаппай қосу электрондық білім беру (e-learning) жүйесін енгізуге себебін тигізеді.

Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Тележұмыс, телемедицина сияқты кеңжолақты қосымшалар таралуда. 1997 ж. 5-жылдық «Бастауыш және орта мектептерде білім беруді ақпараттандырудың жалпы жоспары» қабылданды. Цифрлық бөлінуді жеңу мақсатында мектептерге компьютер жабдықтары тегін жеткізілді. Цифрлық бөлінуді жеңу бойынша шаралар «КиберКорея» (1999–2002) бағдарламасында, сондай-ақ Цифрлық бөліну туралы заңда (2000 ж.) көрсетілген. Көптеген күш-жігер сандық қызметтерді бәріне, әсіресе әлеуметтік әлжуаз халық: үй шаруашылығындағы әйелдер, мүгедектер, әскери қызметкерлер мен қамаудағы адамдар тобына пайдалануға беруге жұмсалды. Барлық бастауыш және орта мектептердің сыныптары жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Кореяның ақпараттық қоғам тұжырымдамасының маңызды элементі электрондық экономиканың дамуы болып табылады. 2001 ж.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

, оңтүстік корея желісіндегі электрондық сату көлемі АҚШ-тың 80 млрд. долл. асып түсті. 2002 ж. ақпанында ұлттық желіде 2 276 сауда сайты болды. 2001 ж., жазында корейлердің 9 биржалық келісімдерді ғаламтор желісі арқылы жүзеге асырған, 2002 ж.

Корейлер (өзд. атауы – чосон сарам) - Кореяның байырғы халқы. КХДР-нда 24 млн., Корея Республикасында 50 млн. корейлер тұрады. Сондай-ақ, Ресей Федерациясында 108 мың, Өзбекстанда 184 мың, Қазақстанда 104 мың (1992) корейлер бар.

, көктемінде халықтың 25 е-банкинг қызметтерін пайдаланды, бұл Оңтүстік Кореяны е-банкинг пайдалану бойынша Швеция (29) мен Норвегиядан (28) кейін үшінші орынға шығарды. «Әлемдік экономикалық форум» деректері бойынша Сингапур АКТ пайдалану деңгейі бойынша 138 елдің арасында 2-ші орынға ие. Waseda (Жапония) университетінің зерттеуінің қорытындысы бойынша соңғы үш жыл бойы бұл мемлекет электрондық үкіметті дамыту саласында көшбасшы болып келеді. Сингапурдың барлық АКТ-нарығы 2010 ж. 12,2 өсуі кезінде Gartner АҚШ-тың 70 млрд. долл. бағаланды. Сингапурдың мемлекеттік секторының АКТ-ға шығыны жыл сайын АҚШ-тың шамамен 1,3–1,6 млрд. долл. жетеді. Электрондық үкімет құру тапсырмасын Сингапур жүйелі 30 жылдан астам шешуде. Бұл бағыттағы бірінші бастама 80-ші және 90-ші жылдары жүргізілген жаппай компьютеризациялау бағдарламасы болды. Сосын, 2000–2006 жж., электрондық мемлекеттік қызметтерді қосуға екі кезеңінің дайындығы жүрді. Қосылудың өзі 2006-2007 жж., келесі бағдарлама— iGov2010 шеңберінде жүргізілді. Оның шеңберінде үкіметтік құрылымдармен 50 астам жүйе енгізілді, бизнес пен азаматтар үшін 1600 астам онлайн-сервистер іске қосылды. Мемлекеттің өзі жүйелерді, үрдістерді және деректерді тиімді бірлесе қолдану арқасында 5 жылда АҚШ-тың 140 млн. долл. астам үнемдеді. Ұтқыр үкімет (mGov) жобасын параллельді жүзеге асыру сәті түсті — бүгінде Сингапурда 300 астам ұтқыр сервистер жұмыс істеуде. Ұтқыр транзакциялар көлемі 2010 ж., АҚШ-тың 4 млн. долл. дерлік құрады. Әлеуметтік белсендіруден басқа жаңа бағдарлама — data.gov.sg деректер алмасу үшін порталды дамытуға бағытталған. Мұнда 50 үкіметтік құрылымдардың деректер базасының 5 мың.

Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo - құрастыру, жасау), техникада - машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері.

астамы жинақталды. Жоба АҚШ, Ұлыбритания мен Австралия сияқты бастамаға ұқсас әзірленуде. Деректердің ашықтығы, оларды бірлесе пайдалану мүмкіндігі сияқты – қағидалы аспект. IDA үкіметтік агенттіктің басқа өзекті бастамасы — iN2015 («Зияткерлі ұлт»). Оның маңызды мақсаттарының ішінде — АКТ даму деңгейі бойынша әлемде № 1 ел болу, экономикада АКТ үлесін екі есе арттыру және АКТ экспортын үш есе ұлғайту (АҚШ-тың 60 млрд. долл. дейін). 80 мың қосымша жұмыс орындарын құру, үй шаруашлықтардың 90 кеңжолақты қол жеткізумен және мектеп жасындағы балалар бар отбасын 100 компьютерлермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сингапурды ақпараттандыру шеңберінде жеке назар бұлттық есептеулерге бөлінуде. Жалпы «мембұлт» (Central G-Cloud) жобасы және жекелеген халықта және ішкі де ведомстволық «бұлттар» параллельді дамуда. Келешекте өздерінің мезгіл-орталықтары дамуымен Сингапур жаһанды сервис-провайдер болуды көздейді. Сингапурдың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қазір елдегі экожүйелер қалыптастырудағы маңызды элемент болып табылатын шетел құрылымдарын белсенді тартуды жобалайды. Бұлттық есептеу дәуірінде үкімет аймақтық ғана емес, жаһанды деңгейде сервистік және инфрақұрылымдық «хаб» сияқты істеуге дайын және қабілетті мемлекет имиджін құрайды. 9.

Дәуір - халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.

2 Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмысқа қылмыстық жауапкершілік Швеция корольдігі 1973 ж. өзінің заңнамасына компьютерлік қылмыстар үшін жауапкершілік енгізді, осы сияқты нормаларды (Data Act, 2 сәуір 1973 ж.) заңды бекіткен бірінші ел болды. Онда ақша, құнды қағаздар, мүлік, қызметтер немесе құнды мәліметтер ұрлауға мүмкіндік жасайтын заңсыз компьютер жүйесіне кіру және компьютер ақпаратына жалған мәліметтер енгізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Қылмыстық жауапкершілік- құқықтық жауапкершіліктің бір түрі; қылмыстың құқықтық салдары - қылмыскерді жазалау түрінде көрініс табатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап).

Қазіргі кезде Швеция корольдігінде компьютер ақпараттары мен технологияларын пайдалану арқылы жасалған келесі әрекеттер қылмысты деп табылады: пошта және телекоммуникация құпиясын бұзу ( 48 т. б.); телекоммуникация құпиясын бұзу ниетімен техникалық құралдарды пайдалану (4 т. 9b б.); автоматты деректер өңдеу жүйесінің жазуларына заңсыз қол жеткізу немесе тізілімдегі осындай жазуды заңсыз өзгерту, өшіру немесе қосу (4 т. 9с б.); қылмыс жасаған тұлғалар үшін пайда табу және кез келген басқа тұлғаларға шығын әкелетін бұрыс немесе толық ақпарат беру, немесе бағдарлама немесе есепке өзгертулер енгізу, немесе қандай да бір басқа заңсыз әдістермен автоматты ақпарат өңдеу немесе соған ұқсас басқа кез келген автоматты өңдеу нәтижесіне ықпал ету арқылы алаяқтық (9 т. 1 б. 2 б.); балалар порнографиясын дайындау, сатып өткізу және басқа тәсілдермен тарату (16 т. 10а, 10b және 10с. б.). АҚШ-тың компьютерлік қылмыстар бөлігінде қылмыстық заңнамасының дамуы 1979 ж. Даллас қаласында басталды, онда кейіннен АҚШ Қылмыстық кодексі құрамына қосылған негізгі компьютерлік қылмыстардың құрамы анықталған және қалыптастырылған Американың Қорғаушылар ассоциациясының конференциясы өтті. 1986 ж.

Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) - Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.

Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.

АҚШ-та Компьютерлерді пайдаланумен алаяқтық пен теріс пайдалану туралы заң қабылданды (The Computer Fraud and Abuse Act). Ол АҚШ Заңдар жиынтығының 18 титулының §1030 түрінде қосылған компьютерлік ақпараттандыру саласындағы қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін негізгі нормативті құқықтық актіні құрайды. Бұл заң кез келген компьютер жүйесіне авторланбаған қол жеткізуді және құпия әскери ақпаратты алуға тыйым салды. Сонымен қатар, заң құпия емес ақпараттың үш түрін қорғады. Біріншіден, қаржы мекемелеріне тиісті (несие карталары, шоттар және т.б., ақпараттарды) ақпараттарды; екіншіден, үкімет ұйымдарына тиісті деректерді, үшіншіден, халықаралық және штатаралық ұйымдарға тиісті ақпараттарды. Сондай-ақ, заңда деректерге зиян келтіруге тыйым салатын (мысалы, вирустар тарату) нормалар болды. Осы заң негізгі жеті қылмыс құрамына жауапкершілікті белгілейді, олар: ақпаратқа санкциясыз қол жеткізу және санкциялық қол жеткізуді асыру, сондай-ақ мемлекеттік қауіпсіздікке қатысты, халықаралық қатынастарға және атом энергетикасы мәселелеріне қатысты ақпаратты алудан тұратын компьютерлік тыңшылық (§ 1030(а)(1)); қандай да болсын қорғалған компьютерден штатаралық немесе халықаралық саудаға қатысты АҚШ үкіметі ведомствасындағы ақпаратқа санкцияланбаған қол жеткізу және санкциялық қол жеткізуді асыру, сондай-ақ қаржы мекемесінің қаржы жазбаларынан, карта эмитентінен немесе тұтынушылар есебін басқару файлындағы тұтынушылар туралы ақпаратты алу (§ 1030(а)(2)); тек АҚШ үкіметі ведомствасы пайдалуындағы компьютерге әсер ету, немесе толығымен немесе жартылай АҚШ үкіметі пайдалынатын компьютер жұмысын бұзу (§ 1030(а)(3)); компьютер пайдаланумен алаяқтық – алаяқтық ниетпен жүзеге асырылатын қол жеткізу, және алаяқтық арқылы жыл бойы құны 5 мың доллардан асатын машина уақытын заңсыз қолдануды, яғни компьютер желілері мен серверлерін төлемақысыз пайдалануды қоса, қандай да болсын құндылықты алу мақсатында компьютерді пайдалану (§ 1030(а)(4));

Доллар (ағылш. dollar) - Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Аустралияның (Аустралия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады.

қорғалған компьютерлерді қасақана немесе байқаусызда зақымдау (§ 1030(а)(5)); санкцияланбаған қол жеткізуге мүмкіндік беретін компьютер парольдарын немесе ұқсас ақпарат саудасы арқылы алаяқтық, егер мұндай сауда штат аралық немесе басқа мемлекеттермен арасындағы сауда қатынасына немесе АҚШ үкіметі пайдаланатын компьютерге ықпал етсе (§ 1030(а)(6)); компьютер технологияларын пайдалану арқылы қорқыту, қорқытып алу, бопсалау және де басқа да құқыққа қарсы әрекеттер (§ 1030(а)(7)) болып танылады. Компьютер кеңістігіндегі ақпараттық қылмыс үшін жауапкершілік АҚШ-тың бірқатар заңнама актілерімен белгіленген.

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.

Олардың ішінде ақша, тауар немесе қызметтер алу үшін пайдаланылуы мүмкін ұрланған немесе жасанды көшірмелерінің қол жеткізу құрылғыларын сатуды қарастыратын АҚШ-тың Заңдар жиынтығының 18 титулының §1029 атап көрсетеді. Сервердегі электрондық пошта мен сөз корреспонденциясы құпиясын бұзғандығы үшін арнайы қылмыстық жауаптылық белгіленді. АҚШ Заңдар жиынтығының 18 титулының §2701 «Сақталатын хабарламаларға заңсыз қол жеткізу» компьютер жадысында немесе компьютер желісінде сақталатын хабарламаларды қасақана алғандығы немесе түрін өзгерткені, сондай-ақ осындай хабарламаларды санкцияланған қол жеткізуге кедергілер жасағандығы үшін жаза белгіленген.

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

1994 жылдың көктемінде күшіне енген Францияның Қылмыстық кодексінде қарастырылып отырған санаттағы әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастыратын баптардың едәуір саны бар. Франция ҚК компьютерлік ақпарат саласында келесі қылмыстар жасағандығы үшін жауапкершілік белгілейді: алыс байланыс құралдарымен берілетін хабарламаны ұстап қалу, ұрлау, пайдалану немесе жария ету (226-15 б.

Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.

); деректерді өңдеудің автоматты жүйесіне заңсыз қол жеткізу немесе онда заңсыз кіру (323-1 б.); компьютер жүйесі жұмысына кедергі жасау немесе жұмысын бұзу (323-2 б.); жалған әдіспен ақпараттық жүйеге енгізу, сондай-ақ автоматты деректер жүйесіндегілерді өзгерту мен жою (323-3 б.); заңмен тыйым салынған деректерді ЭЕМ жадысына енгізу немесе сақтау (226-19 б.). Франция ҚК сәйкес компьютерлік кеңістіктегі ақпараттық қылмыстарға жатқызыла алады: заңда қарастырылған формалдылықтарды жүзеге асырмай автоматты атаулы деректерді жүзеге асыру туралы нысанулықты жүзеге асыру немесе беру (226-16 б.); деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қауіпсіздік шараларын қабылдамай осы деректерді жүзеге асыру туралы нысанулықты жүзеге асыру немесе беру (226-17 б.); заңсыз тәсілмен деректерді жинақтау мен өңдеу (226-18 б.); заңмен белгіленген мерзімнен асыра жекелеген деректерді сақтау (226-20 б.); деректерді қарастырылғаннан басқа мақсатта пайдалану (226-21 б.); заңда көрсетілген салдарға әкеліп соға алатын деректерді жария ету (226-22 б.); кез келген құжатты, техниканы, қондырғыны, аппаратты, техникалық қондырғыны немесе автоматты деректер өңдеу жүйесін жою, бүлдіру немесе ұрлау немесе оларға ақау келтіру ( 411-9 б.). Франция ҚК бойынша қарастырылатын саладағы басқа қылмыстарға жатқызылады: телекоммуникация желілері бойынша балалар порнографиясын дайындау және таратумен байланысты әрекеттер (227-23 б); ЭЕМ жадысындағы немесе картотекасындағы ақпаратты жинақтау немесе шетел мемлекетіне беру, ЭЕМ жадысындағы немесе картотекасындағы, ұлттық қауіпсіздік сипатында құпиясы бар деректерді жою, ұрлау, алу немесе көшірме жасау, сондай-ақ осы деректермен бөгде адамдарды таныстыру (411-7, 411-8, 413-9, 413-10, 413-11 бб.); информатика саласындағы әрекеттермен байланысты террористік актілер (421-1 б.). Францияның қылмыстық заңнамасы нұсқамасының ерекшелігі заңды тұлғаларға белгіленген әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу болып табылады. Ұлыбританияның компьютерлік технологияларды жөнді пайдаланбауға тікелей қарсы бағытталған бірінші заңы 1990 ж., қабылданған Компьютерлік технологияларды заңсыз пайдалану туралы заңы болды (Computer Misuse Act). Оған сәйкес қылмыстық жазалау әрекеттеріне жатқызылды: компьютерге немесе ондағы компьютер ақпаратына немесе бағдарламасына заңға қайшы қасақана қол жеткізу (1 б.); заңға қайшы мақсатта пайдалану үшін компьютерге немесе ондағы компьютер ақпаратына немесе бағдарламаларға заңға қайшы қасақана қол жеткізу (2 б.); егер ақпараттың жойылуына, оқшаулауына, жаңартуына немесе көшірме жасауына, компьютер жұмысын, компьютер жүйесі немесе желісін бұзуға әкелсе компьютерлік ақпаратқа машина тасымалдағышы, компьютер, компьютер жүйесі немесе желісімен заңға қайшы қол жеткізу (3 б.). Заңда Ұлыбританияның құзырлы органдары мен соттарының заңды құзыры қылмыстық құрам элементтерінің біреуі болсын ел аумағында жасалса аталған әрекеттердің кез келгеніне таралады деп белгіленген. Осылайша, Ұлыбритания аумағында әрекеттің өзі немесе тек оның салдары орын алған жағдайда Ұлыбританияда қылмыс аяқталған деп танылады (4-7 б.). Бұл ереже қылмыс компьютерден осы сияқты қылмыс үшін жауапкершілік белгілемеген ел аумағында жасалған жағдайда, немесе қылмыстық-құқықтық нысанмалар материалды сипатқа ие болғанда қажет болып табылады. Қылмыстық әрекет жасалған мемлекет аумағында зиянды салдар пайда болған жағдайда қылмыс құрамы аяқталды деп танылады. Осымен қатар, компьютерлік ақпараттың бір түрін қорғау мәселеріне 1998 ж. Жеке деректер туралы заңның бірқатар ережелері арналған, онда компьютер технологияларын пайдаланумен осындай деректерді заңға қайшы жария етумен байланысты қылмыс бұзушылықтар танылады. 1984 ж.
1   2   3   4

  • Қазақстан Республикасы Президентінің
  • Қазақстан Республикасының Конституциясына

  • жүктеу 450.65 Kb.