Главная страница
Контакты

    Басты бет


1. Заң жобасының атауы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

жүктеу 450.65 Kb.



жүктеу 450.65 Kb.
бет1/4
Дата04.06.2018
өлшемі450.65 Kb.

1. Заң жобасының атауы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


  1   2   3   4
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы жобасының тұжырымдамасы 1.

Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.

Заң жобасының атауы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы. 2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі Заң жобасы «Ақпараттандыру туралы» негізгі заң жобасы нормаларының қолданысын қамтамасыз етуге және мынадай негізгі мәселелерді шешуге бағытталған: 1) электрондық нысан сияқты мәмілелер жасау нысанының дамуына байланысты азаматтық заңнама ережелерін нақтылау. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 151-бабына сәйкес (бұдан әрі – ҚР АК) мәмілелер екі нысанда жасалады: ауызша немесе жазбаша.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.

Азаматтық Кодекс - жүйеленген бірегей заң шығарушылық (низамдық) акт. Азаматтар мен заңды тұлғалардың қатысуымен пайда болатын мүліктік қарым-қатынастарды және осыған байланысты мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды реттейді.

Әрбір нысанның түрлері бар, мысалы, ауызша нысан түрлері ауызшаның өзі, конклюдентті әрекет, үндемеу болып табылады; жазбаша түрлері жай жазбаша, жазбаша нотариалды куәландырылған; электрондық нысан болып табылады. Қоғамды одан әрі ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ субъектілердің мәміленің электрондық нысанын пайдалануын көздейтін ақпараттандыру мақсатында әзірлеуші мәміленің электрондық нысанының мәні, мазмұны, оны жасау әдістері (электрондық құжат айналымы, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, онлайн-мәмілелер, электрондық хаттар алмасу), электрондық мәміле тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы мәселелерді нақтылау қажет деп есептейді.

Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

2) зияткерлік меншік құқығы объектісі ретінде электрондық ақпараттық ресурстарға авторлық құқық мәселелерін нақтылау. Әзірлеуші ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттың таралып кетуінен қорғау және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында бюджеттік қаражат есебінен құрылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға мүліктік авторлық құқықтарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерге тапсырыс берушіге (меншік иесіне, иесіне) өтуін бекіту қажет деп есептейді. 3) ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық институтын жетілдіру.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Меншік Құқығы - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі.

Авторлық құқық - программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы. Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ақпараттың таралуына қарсы іс-қимыл мәселелерімен байланысты жағдайларды талдау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (бұдан әрі – ҚР ҚК) көзделген қылмыстық-құқықтық нормаларды нақтылау мен толықтыру қажеттігі туралы айғақтайды.

Қылмыстық кодекс (ағылш. criminal code, нем. Strafgesetzbuch it, орыс. уголовный кодекс) - бірыңғай, жүйеленген заңнамалық акт, қылмыстық заң.

Айталық, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика мен арнайы есеп жөніндегі комитетінің деректері бойынша ҚР ҚК-нің «Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату» деген 227-бабы бойынша соңғы 3 жылда қылмыстар туралы 2008 жылы – 58; 2009 жылы – 43; 2010 жылы – 107 арыз тіркелді; 2011 жылдың 12 айының статистикалық деректерінде ҚР ҚК 227-бабы жеке бағанамен көрсетілмеген. Жаппай коммуникация түрлерін кеңейту, бірінші кезекте Интернет желісінің кеңінен пайдалану жағдайларында, қолданыстағы қылмыстық заңнама нормаларын тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қарау қажеттілігі пісіп-жетілді. Киберқылмыс саласындағы қылмыстық-құқықтық нормалар бытыраңқы және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыс, ақпараттық қауіпсіздікті, заңмен қорғалатын ақпаратты, сондай-ақ азаматтардың ақпараттық саладағы құқықтары мен бостандықтарын бұзу ретінде өзара бірыңғай мағыналық мәнмен байланыспаған.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.

Осыған орай әзірлеуші киберқылмысқа қатысты барлық қылмыстық-құқықтық нормаларды ҚР ҚК «Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар» деген дербес тарауға біріктіруді ұсынады: - қылмыстық жазаланатын әрекет түрлерін нақтылау, қылмыспен келтірілген залал үшін жауаптылық деңгейін бөлу, келтірілген залал сипатына қарай белгілі бір қылмыс түрлері үшін жауаптылықты күшейту мақсатында ҚР ҚК-нің 227-бабынан дербес қылмыс құрамдарын бөліп шығару; - ақпараттандыру қағидаларын бұзғаны, азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтары немесе мүдделеріне не мемлекеттік немесе қоғам мүдделеріне ірі залал немесе едәуір зиян келтірген ақпараттық жүйелерді, деректер базасы мен банктерін, ақпаратты өңдеу мен беру жүйелерін құрғаны, енгізгені және пайдаланғаны, сондай-ақ белгіленген қорғану шараларын қолданбай ақпараттық жүйеге қол жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық енгізу; - компьютерлік жүйеде сақталатын немесе берілетін ақпаратты рұқсатсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру немесе ұстап қалу мақсатында компьютерлік бағдарламалар жасау немесе бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу, арнайы вирус бағдарламаларын әзірлеу, оларды ақпаратты пайдалану немесе көшіруге әкелетін қасақана қолдану немесе тарату, сондай-ақ ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін, бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізу. Бұдан басқа, - әзірлеуші ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, атап айтқанда, алаяқтыққа қатысты (ҚР ҚК 177-бабы) қылмыс жасаудың әдісі бөлігінде бірқатар қылмыстарды нақтылау керек деп есептейді. 4) ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық институтын жетілдіру. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінде (бұдан әрі - ӘҚтК) ақпараттандыру саласындағы құқық бұзушылық «Көлікте, жол шаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылық» деген 27-тарауда қамтылады және ақпараттандыру саласындағы құқық бұзушылықтың барлық сантүрін қамтымайтын 3-баптан (ӘҚтК-491-1, 497-2, 497-3 баптарын) тұрады. Сонымен, ӘҚтК-де: - ақпараттық қауіпсіздік бойынша белгіленген талаптарды орындамағаны және (немесе) бұзғаны; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға хабарламай аттестатталған ақпарат жүйе иесінің ақпаратты өңдеу шарттары мен технологиясын өзгерткені; ақпараттық қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өтпеген ақпарат жүйелерін пайдалануға бергені; ақпараттандыру саласындағы заңнама талаптарын лауазымды тұлғалардын бұзғандығы үшін жауаптылықты көздемейді. Осылайша, әзірлеуші ақпараттандыру саласындағы заңнама нормаларын бұзулар бойынша әкімшілік-құқықтық жауапкершілік шегін кеңейтуді қажет деп есептейді. 5) гранттармен байланысты заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялық бағдарламаларды, бюджеттік инвестицияларды әзірлеу мен олардың орындалуын бағалау кезінде бюджет процесінің тиімділігін арттыру.

Лауазым - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік.

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Бюджет шығыстарын жоспарлау кезінде бюджет бағдарламаларының әкімшілері, соның ішінде ақпараттық жүйелерді техникалық қаруландыруға, жаңғыртуға, әзірлеуге және басқа ақпараттандыру іс-шараларына қаражат қарастырады. Қазіргі кезде ақпараттандыру саласында өкілетті органмен мемлекеттік органдардың бюджеттік тапсырысының техникалық-экономикалық негіздемесінің келісілуі қарастырылады, алайда мемлекеттік органдардың ақпараттандырудың жаңа үлгісіне көшуіне орай функцияларды қайталауды болдырмау және мемлекеттік ақпараттық жүйелер шиеліністерінің алдын алу, ақпараттандыру үрдістері бойынша мемлекеттік органдардың қызметтерін тиімді жоспарлау, ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен компьютерлік техника сатып алуға бюджет қаражаттарын үнемдеу мақсатында бірқатар бюджеттік тапсырыстар мен бағдарламаларды келісу мен сараптамадан өткізу кезеңдерін нақтылау қажет.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

6) мемлекеттік органдардың қызметіне IT-аутсорсингті мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісі элементі ретінде ендіру. Аутсорсинг («outsourcing» ағылшын тілінен) – ресурстарды ұйымның сыртқы ортасынан іздеу, ұйымдық шешім, қандай да болсын нақты салада (құзырлы салада) тиісті техникалық құралдармен және (немесе) басқару білімдеріне ие тарапты ұйымдарға бейінді емес қызметтерді (үрдістерді, қызмет бағыттарын) келісімшарт негізінде беру.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Аутсорсинг жаңа технологияларды ендіруді қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың ғимаратары мен имараттарын басқару, кадрларды, байланыс қызметтерін, қаржы есебін басқару сияқты әкімшілік-басқару үрдістері тиімділігін артыруға мүмкіндік жасайды. Мемлекеттік басқару практикасында «квази (жалған) аутсорсинг», яғни ашық (айқын) келісімшарттармен байланысты емес мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруда бюджеттік сектор ұйымдары қатысатын прецеденттер қалыптасты. Ұйым таңдаған кезде, сондай-ақ әкімшілік үрдістердегі деректерді билік органдары шеңберінен шығару тиімділігінің қаржы-экономикалық негіздемесі жүргізілмейді; осы сияқты қызметтерге қатысты баға қалыптасу шарасы мүлдем айқын емес. Аутсорсинг практикасын ендіру жоғары аталған жағдайларда билік органдары мен контрагент-ұйымдарының өзара қатынастарын реттеуге бағытталған, ол қызметтерді орындаудың үлкен айқындығына, олардың орындалуын оңтайландыруға, жекелеген әкімшілік үрдістер сапасын бақылау мүмкіндігіне әкеледі.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

7) ақпараттандыру саласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын нақтылау. Ақпараттық қауіпсіздік түсінігі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі ретінде мазмұны да (ақпараттың өзіне) сияқты, (ақпараттық технологияларды қолдану) нысанына да қолданылуы тиіс болғанымен, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы заңнамасы ақпараттандыру саласында да ақпараттық технологияларды қолдану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне тиісті көңіл бөлмейді. Әзірлеуші бұл олқылықтардың орнын толтыру мен мынадай мәселелер шеңберін: ақпараттандыру саласында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мақсаттарды, субъектілерді, тәсілдерді, шараларды, талаптарды айқындау керек деп жобалайды. 8) компьютер ойындарына қатысты жасы бойынша шектеу саясатын ендіру. «Баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамызындағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: 1) әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне (19-бап.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.

) қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы; 2) мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, адамгершілік жағынан және рухани дамуына (36-б., 1-т.) зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi; 3) балаларға арнап нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған, тектiк-топтық ерекшелiктi, соғысты насихаттайтын, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн ойыншықтарды, кинофильмдердi, дыбыс- және бейнежазбаларды көрсетудi, сатуды, сыйға тартуды, көбейтудi және прокатқа берудi жүзеге асыруға, әдебиеттердi, газеттердi, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады (39-б., 1-т.).

Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

Баланың құқығын, оның рухани, адамгершілік денсаулығын қорғау компьютер ойындары сияқты қазіргі мәдениет құбылысын қолданған кезде негізгі міндет болу керек. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» заңының (бұдан әрі – Мәдениет туралы заң) 1-бабының 4) тармақшасынан туындап отырғандай, мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.

Құндылықтар - бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады.

Қазақстанда мәдениет анықтамасы мәдениеттің құрамдас бөліктерінде (элементтерінде) көрсетілмегенін, мәдениеттің дәстүрлі түрі өнер1 болып танылатынын ескере отыра, демек, компьютер ойындарын - өнер бөлігі ретінде осы саладағы қызметті реттеуді мәдениет саласындағы уәкілетті орган құзырына жатқызған жөн. Компьютер ойындарын бұқаралық мәдениет құралдарына жатқызу туралы мәселені шешу кәмелетке толмағандарды зорлық, қатыгездік, моралға жат жүріс-тұрыс элементтері бар ойындарға қол жеткізуді шектеу, және де бала санасына кері әсер етуді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін қажет етіледі. Қазақстандағы осы сияқты мемлекеттік саясат негізінде, мысалы фильмдерге қатысты (Мәдениет туралы заңның 28-3-бабы) жасы бойынша шектеу қағидасы бар.

Кәмелеттік жасы - кемелденгендік, толысқандық, адамның бойы өсіп, бұғанасы қатқан, ақыл-ойы, рухани-моральдік жағынан жетілетін шағы. Бұл кезде адам қайратты, алға қойған мақсатын орындап шығарлықтай жігерлі, төзімді келеді.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Заң жобасы ұсынып отырған Қазақстандағы IT-саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың іс-шаралар жүйесінде, балалар қолдануға рұқсат ету деңгейі бойынша жіктестірілу қажет жергілікті компьютер ойындары мен басқа да бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мүмкіндігі алынып тасталмайды. Қазақстанда фильмдерді жалға алу куәліктерін беру бойынша заңнамалық база бар, онда басқа да ақпараттан тыс фильм индексі (Мәдениет туралы заңның 28-2-бабы), сондай-ақ жас бойынша шектеу бойынша заңмен бекітілген фильмдер индексі көрсетіледі. Компьютер ойындарына рұқсат етудің жас шектеулігіне және көрермендердің жас цензі бойынша фильмдерді индекстеу бойынша қатысты ұқсас қатынастарға байланысты әзірлеуші Мәдениет туралы заңның компьютер ойындары үшін жас бойынша шектеу рейтингін бекіту, компьютер ойындарына рейтинг тағайындау бойынша мемлекеттік органдардың құзырлығы бөлігінде өзгертулер енгізуді ұсынады. Әзірлеуші жасы бойынша компьютер ойындарын ретімен қою жұмысын рейтинг тағайындаудың жалпы тәртібін әзірлей отырып, мамандандырылған қоғамдық ұйымға беруге болады деп есептейді. 3. Заң жобасын қабылдау мақсаты Заң жобасын қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасын әзірленіп жатқан «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясына сәйкестендіру болып табылады. 4. Заң жобасын реттеу мәні Заң жобасын реттеу мәні мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісін, мемлекеттік қызметтің бағыттарын ақпараттандыру және IT-саласын дамытуды қолдау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен, сондай-ақ ақпараттық ресурстарға құқықтарды қорғау мен ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. 5. Заң жобасының құрылымы Заң жобасы екі баптан тұрады. Бірінші баппен Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім): - электрондық мәміле нысаны ұғымы; 2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне: - «Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату» деген 227-бабында көзделген қылмыстар құрамын дербес қылмыстық құрамдарға оңтайландыру; - ақпараттандыру саласында қауіпсіздікке қол сұғатын құқыққа қарсы әрекеттерді қылмыс қатарына жатқызу; - ақпараттық технологияларды қолдану - жасау тәсілі бөлігінде жекелеген қылмыс құрамын жасаудың саралау белгілерін енгізу; - ақпараттық технологиялар – қылмыстық қол сұғушылық объектісі белгісі бойынша ҚР ҚК дербес тарауын бөліп шығару; 3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне: - ақпараттық технологиялар саласында жаңа қылмыс құрамы дәйектілігін анықтау; 4. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): - электрондық қызмет көрсетудің жекелеген мәселелерін реттеу; - зияткерлік меншік құқығы объектілері реті электрондық ақпараттық ресурстарға авторлық құқық мәселелерін нақтылау; 5. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне: - автор (құқық иесі) мемлекеттік органдардан ЭЕМ бағдарламаларына құқықты жеңіп алған сот шешімдерін орындаудың ерекше мерзімін бекіту; 6. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне: - ақпараттандыру саласындағы құқық бұзушылық үшін
  1   2   3   4

  • Қылмыстық кодексінде

  • жүктеу 450.65 Kb.