Главная страница
Контакты

    Басты бет


1. word редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау. Ms word программасында мәтіндік құжат даярлау

жүктеу 155.03 Kb.



жүктеу 155.03 Kb.
Дата05.04.2017
өлшемі155.03 Kb.

1. word редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау. Ms word программасында мәтіндік құжат даярлау



i.Тақырыбы: Мәтіндік редакторлар. MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау. MS Word-та кестелермен жұмыс. Графикалық объектілерді пайдалану.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

ii.


iii.1. WORD редакторын iске қосу және онымен жұмыс iстеудi аяқтау. MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау.

iv.Microsoft Word (MS Word) – дүние жүзі елдеріне кең тараған мүмкіндігі мол мәтіндік редактор. Word арқылы мәтінді теру, редакциялау, құжатта түрлі кестелер дайындау және қарапайым геометриялық фигуралар салуға болады. Құжатқа Windows операциялық жүйесінің басқа қосымшаларында дайындалған түрлі мәліметтік үзінділерді, суреттерді кірістіру де қиын емес.

v.WORD-пен жұмыс iстеудi бастау үшiн Windows жүйесiнiң басқа программалары сияқты оны бастапқы инсталляциялық дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орнатып алу керек.

Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

vi.Орнатылған WORD редакторын iске қосу бiрнеше жолмен орындалады:

vii.1.Бас мәзірдiң Iске қосуПрограммаларMicrosoft WORD қатарында тышқанды шерту арқылы;

viii.2.Windows жүйесiнiң Менiң компьютерiм немесе Жолсерік (Проводник) терезелерiнiң бiрiн пайдалану арқылы;

ix.3.WORD редакторына бұрын дайындалған құжаттың шартбелгiсiне тышқанды екi рет шерту арқылы алдымен WORD программасы жүктелiп, сонан соң көрсетiлген құжат терезеге оқылады;

x.4.Жұмыс үстелiндегi WORD редакторының жарлығында тышқанның сол жақ батырмасын екi рет шерту арқылы;

xi.5.Есептер тақтасында WORD редакторының жарлығында тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту арқылы.

xii.Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсiлдермен жүргiзiле бередi, мысалы:

xiii.- ФайлШығу (Выход) мәзір командаларын таңдау арқылы;

xiv.- редактор терезесiнiң тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу арқылы;

xv.- тiкелей Alt F4 пернелерiн басу арқылы т.б.

xvi.Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертiлiп, бiрақ дискiге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға сұхбат терезесiн шығарып, өзгертiлген құжатты дискiге жазу (Иә) керектiгiн, ал жазбасаңыз (Жоқ) оны да растап беруiңiздi өтiнедi.

xvii.Word редакторының негiзгi терезесi ондағы орналасқан Құжат 1 терезесiмен бiрге 1-суретте көрсетiлген. Word редакторына тән қосымша элементтердi қарастырып өтейiк:

xviii.


xix.

xx.


xxi.

xxii.1

xxiii.2

xxiv.3

xxv.4

xxvi.5

xxvii.6

xxviii.7

xxix.8

xxx.9

xxxi.10

xxxii.



1-сурет.WORD мәтіндік редакторының терезесі.
xxxiii.1 – тақырып қатары – жүйелік мәзір, құжат аты және терезені басқару батырмаларынан тұрады;

xxxiv.2 – мәзірлер қатары – Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно және Справка мәзірлері орналасқан;

xxxv.3 – Форматтау саймандар тақтасы;

xxxvi.4 – Стандартты саймандар тақтасы;

xxxvii.5 – көлденең сызғыш – құжаттың өрісі мен азат жолды реттейді;

xxxviii.6 – жұмыс аймағы – құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді;

xxxix.7 – көлденең және тік жылжу белдеулері;

Белдеу - киіз үйдің сыртынан айналдыра буатын бел арқан. Киіз үй орнықты болуы үшін белдеу мықты болуы керек. Сондықтан оны жылқы қылымен қой жүнін араластырa есіп дайындайды. Неғұрлым ширата есілсе, соғұрлым арқан берік болады.

xl.8 – құжат пішінінің режім түймелері;

xli.9 – Сурет салу саймандар тақтасы;

xlii.10 – қалып-күй қатары.

xliii.MS Word мәтіндік редакторының Форматтау және Стандартты саймандар тақтасындағы батырмаларды әр қолданушы өз қалауынша өзгерте алады.

xliv.MS Word мәтіндік редакторында мәтiндi бейнелеу режимдерiн iске қосу немесе қоспау тәртiптерi белгiлi бiр пернелiк командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимдi қарама-қарсы күйге ауыстыру қалып қатарына жалғаса орналасқан қажеттi индикаторға тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шертумен де орындалады (2-сурет).

Индикатор (ағылш. Indicator) - құрылғының қалып-күйінің немесе есептеуіш жүйенің жұмыс процесі кезіндегі мәліметтердің өзгерісін немесе жеке программаның орындалуын қамтып көрсететін мәліметтер элементі; ақпаратты көзбен көруге қайта жаңғыртатын құрылғы; программалауда - мәні процестің нәтижелеріне немесе белгілі шарттардың орындалуына тәуелді телінетін айнымалы.

xlv.

xlvi.Қалыпты режім (обычный режим)



xlvii.Электрондық құжат (Режим Web-документа)

xlviii.Беттердi белгiлеу (разметка страницы)

xlix.Құрылым (структура) режимi

l.

li.

lii.


liii.

liv.

lv.

lvi.2-сурет. Мәтінді бейнелеу режімдері.



lvii.

lviii.Мәтінді бейнелеу режимдерiнiң батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетiнде орналасады да мына режимдерден тұрады:

lix.- қалыпты режим (обычный режим) батырмасы – бұл көру режимi үнсіздік бойынша редакторға кiргенде бiрден орнатылады. Ол мәтiндi форматтау элементтерiн қарапайым түрде көрсете отырып, беттердi бөлу шекараларын пунктир-сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және көру процессiн жылдам орындайды.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс iстеуге болмайды;

lx.- электрондық құжат режимi – парақты экранда құжат мәтiнiн оқуды оңайлататын күйге келтiредi. Бұл режимде парақ белгiленбей, әрiптер iрiленiп қатар ұзындығы жол енiнен шықпайтындай етiп бейнеленедi. Мәтiннiң сыртқы түрi қағазға түсетiн бейнесiне сәйкес келмейдi. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс iстеуге болады;

lxi.- беттердi белгiлеу (разметка страницы) режимi мәтiн қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтiн режим болып есептеледi, мұнда форматтау, мәтiндi түзету өте ыңғайлы, өйткенi қағаз шеттерi (поля) айқын көрiнiп тұрады;

lxii.- құрылым (структура) режимi, мәтiндi түйiндеп құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себептi мәтiн тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкiндiктерiн бередi.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

Ал оны түйiндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемдi мәтiн өңделгенде, оның белгiлi бiр бөлiктерiн түгелдей жылжытуға, көшiруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы тәртiп болып саналады.

Жылжыту (Подкачка; paging, swapping) - виртуальдық жадтың беттерін немесе сегменттерін ауыстыру; осы сәтте жедел жадқа қажетті ақпаратты орналастыруды жасақтайтын жедел жад пен сыртқы жад арасындағы мәселелер тіркесін ауыстыру.

lxiii.Қалып-күй немесе қалып қатары негiзгi терезенiң төменгi жағында орналасқан, онда терiлiп жатқан құжат жөнiнде бiрқатар мәлiметтер бар. Қалып-күй қатары көрiнбей тұрса СервисПараметрлер командасын орындап, оның Сыртқы түр (Вид) астарлы бетiндегi Терезе тобының Қалып қатары (Строка состояния) атты қасиетіне қанатбелгі қою қажет. Қалып-күй қатарының элементтерiн қарастырып өтейiк:


lxiv.Элемент аты

lxv.Атқаратын қызметі

lxvi.Стр.1

lxvii.Теріліп немесе түзетіліп жатқан терезедегі бет нөмері (1-бет);

lxviii.Разд.1

lxix.Терезедегі мәтін бөлігі нөмірін көрсетеді, бұл элемент бөліктерден тұратын Басты құжат (Главный документ) үшін ғана қажет;

lxx.¼

lxxi.Мәтіннің басынан есептегенде курсор тұрған орын 1 бетте, ал құжат барлығы 4 беттен тұрады;

lxxii.На 11,8 см

lxxiii.Курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғарғы шетіне дейінгі қашықтық, курсор экранда көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі;

lxxiv.Ст 24

lxxv.Осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі қатарлар саны, курсор көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі;

lxxvi.Кол 5

lxxvii.Осы қатардың басынан курсорға дейінгі символдар саны, табуляция символдары мен бос орындар да есепке алынады

lxxviii.

lxxix.

lxxx.ЗАП



lxxxi.Бұл да курсор көрініп тұрғанда ғана көрсетіледі. Макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған күйде екенін көрсетеді, бұл режимді іске қосу тышқанмен ЗАП батырмасын көрсетіп тұрып, оны екі рет шерту арқылы орындалады;

lxxxii.

lxxxiii.ИСПР



lxxxiv.Түзетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді, бұл режимді де іске қосу немесе алып тастау тышқанды екі рет шерту жолымен жүргізіледі;

lxxxv.

lxxxvi.

lxxxvii.ВДЛ



lxxxviii.Белгілеулерді кеңейтетін (расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагменті белгілеп алып оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим белгілеулер көлемін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Белгіленген көлемді кішірейту – Shift F8 арқылы, ал белгілеуді тоқтату – Esc арқылы орындалады;

lxxxix.

xc.ЗАМ



xci.Символдарды ауыстыру (заменить) режимі екпінді күйде тұрғанын көрсетеді, символдарды сыналап енгізу тәртібі (вставка) орындалса, ол солғын түске боялады. Бір тәртіппен екіншісіне ауысу ЗАМ батырмасында тышқанды екі рет шерту арқылы жүргізіледі;

xcii.

xciii.

xciv.мәтіннің синтаксистік қатесін тексеру кезінде оң жақтағы аймаққа шығатын көрсеткіш белгі. Тексеру кезінде кітап бетімен жылжып келе жатқан қалам көрініп тұрады. Қате табылса «Х» белгісі шығады, оны түзету үшін тышқанды сол белгіде екі рет шерту керек;

xcv.

xcvi.


xcvii.Мәтінді фондық режимде дискіге жазу кезінде шығатын көрсеткіш. Оң жақ шеткі бос аймаққа қозғалып тұрған осы белгі шықса, сақтау әрекетінің орындалып жатқаны;

xcviii.

xcix.


c.Мәтінді фондық режимде баспаға шығару кезінде шығатын көрсеткіш. Принтер белгісінің жанындағы бүтін сан басылып жатқан мәтіннің бет нөмірін көрсетеді. Баспаға шығаруды жедел тоқтату үшін принтер белгісінде тышқанды шерту жеткілікті.

ci.

cii.Көлденең орналасқан горизонталь сызғыш арқылы тышқан көмегiмен:



  1. абзац алдындағы азат жол басын;

  2. беттiң сол жақ және оң жақ шеттерiнде қалдырылуға тиiс бос орындар (поля) аумағын;

  3. мәтiн iшiндегi кестелердiң (таблица) бағаналары (тiк жолдарының) енiн;

  4. көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнiн бекiтуге болады.

ciii.Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерiн өзгерткенде, олардың тек сол абзацқа (курсор тұрған) қатысты екенiн естен шығармаған абзал.

civ.Ал ендi тiк орналасқан вертикаль сызғыш терезенiң оң жақ жақтауы бойында орналасқан. Оның көмегiмен беттiң жоғарғы және төменгi жақтарында қалдырылатын бос орындар аумағын (поля) және де кестелер қатарлары биiктiгiн өзгертуге болады. Тiк, яғни вертикаль сызғышты көрсетпей алып та тастауға болады, онда сiздiң мәтiнiңiзге берiлетiн орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленiп тұрса, мәтiндi форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.

cv.

cvi.2.Word редакторында жаңа құжат құру және мәтінді форматтау. MS Word-та кестелермен жұмыс.



cvii.

cviii.Word ортасында бұрын дискiге жазылған құжатты ашу үшiн ФайлАшу (ФайлОткрыть) командасын орындағанда немесе стандартты саймандар тақтасындағы батырмасын шерткенде экранға сұхбаттық терезе шығады (3-сурет). Бұл терезедегі бумаларды таңдау қатарынан құжат орналасқан дискіні, буманы және құжатты таңдаймыз. Құжатты қатты немесе иiлгiш дискiден, әйтпесе желiдегi басқа дискiден де ашуға болады.

cix.

cx.3-сурет. Бұрыннан бар құжатты ашу терезесі.

cxi.

cxii.Қажетті құжатты белгілеп алып тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екi рет шертемiз немесе жанама мәзірден Ашу батырмасын таңдаймыз.



cxiii.Жаңадан құжатты құру терезесiн ашу үшiн:

cxiv.1. Файл мәзірiнiң Құру (Создать) командасын таңдау қажет;

cxv.2.Оның Жалпы (Общие) iшкi бетiн таңдап алып, Жаңа Құжат (Новый документ) белгiсiнде тышқанды екi рет шертеміз.

Жаңа нұсқа (шаблон) немесе шебер көмегiмен құжат ашу үшiн сол құжат типiне сәйкес iшкi парақты таңдап, қолданылатын нұсқа немесе шебер белгiсiне курсорды алып барып тышқанды екi рет шерту керек. Қалаған нұсқа бойынша жаңа құжатты таңдаған соң ОК батырмасын басамыз. Мысалы, Резюме типін таңдау 4-суретте келтірілген.



4-сурет. Жаңа нұсқа (шаблон) немесе шебер көмегiмен құжат ашу терезесі.

cxvi.

cxvii.Word редакторында жаңадан құрылған құжатты дискiге жазып сақтау үшін:



cxviii.1)Файл ... деп сақтау командасынан кейін шыққан сұхбаттық терезедегі бума аты көрсетілген қатардан Диск 3,5 (А:) командасын таңдаймыз. Файлдың атын және типін өз қалауымызша өзгертуімізге де болады (5-сурет).

cxix.

cxx.5-сурет. Қажатты иілгіш дискіде сақтау.

Көрсетiлген уақыт аралығы өткен сайын құжатты автоматты түрде сақтап отыруға да болады. Бұлай iстеу компьютер кездейсоқ өшiп қалғанда мәлiметтi жоғалтып алмауға мүмкіндік бередi. Мысалы, құжатты автоматты түрде сақтау аралығы 3 минут болса, компьютер өшiп қалғанда, жоғалатын мәлiмет көлемi соңғы 1-2 минутте терген мөлшермен ғана шектеледi. Ал алдыңғы мәліметтер автоматты түрде сақталады.

Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Компьютердi қайта iске қосқанда автоматты түрде жазылып қалған мәлiмет қалпына келедi. Бiрақ автоматты күйде сақтап қою iске қосылып тұрса да, жұмыс соңында құжатты толық дискiге жазып қою абзал. Өйткенi қалыпты күйде жұмыс аяқталғанда және файл толық сақталған кезде автоматты күйде жазылып қалған уақытша мәлiмет толық өшiрiледi.

cxxi.Құжатты автоматты түрде сақтайтын уақыт аралығын өзгерту үшін:

cxxii.1.Сервис мәзірiнiң Параметрлер командасын таңдап, оның Сақтау (Сохранение) атты iшкi бетiн ашу керек;

cxxiii.2. Автоматты сақтау әрбір: қасиеттер бөліміне қанатбелгі қою қажет;

cxxiv.3.Минуттер жазылатын өрiске есте сақтау жиiлiгiне тиiсті сан енгiзiледi, ол сан аз болған сайын кездейсоқ жағдайларда жоғалатын мәлiмет көлемi азайады;

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.

cxxv.4. Жұмыс соңында ФайлСақтау командасын орындау немесе Саймандар тақтасынан батырмасын басу керек. ОК батырмасын басып берілген сұхбаттық терезеден шығамыз (6-сурет).

cxxvi.

cxxvii.6-сурет. Автоматты сақтау бөлімі.

cxxviii.

cxxix.Бір бума ішінде бірдей атпен кеңейтілмесі әртүрлі болып келетін бірнеше файлдарды сақтауға болады. Ол үшін ФайлСохранить как ... командасы таңдалады да, шыққан сұхбаттық терезеде тек қана файл кеңейтілмесі өзгертіліп отырады (7-сурет).

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.

cxxx.

cxxxi.7-сурет. Сақтау командасының сұхбаттық терезесі.



Мәтiнді форматтау үшiн қажеттi бөлiктi ерекшелеу қажет. Егер форматтайтын бөлiк алдын-ала ерекшеленбесе орындайтын әрекет жүзеге аспайды. Мәтінді ерекшелеу тәсілдері:

Ерекшеленетін объект

Ерекшелеу тәсілі

Кез-келген элемент немесе мәтін бөлігі

Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тышқан курсорын ерекшеленетін мәтіннің бір шетінен екінші шетіне жылжытамыз;

Сөз

Қажетті сөзде тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту;

Сөйлем

CTRL пернесін басулы күйде тышқанның сол жақ батырмасын қажетті сөйлемде бір рет шерту;

Абзац

Белгіленген абзац ішінде тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз үш рет шерту;

Әр жерде орналасқан бірнеше абзацты белгілеу

Бірінші абзацты белгілеп алған соң CTRL пернесін басулы күйде ұстап тышқанның сол жақ батырмасымен қалаған абзацтарды белгілейміз;

Мәтіннің тіктөртбұрышты блогы

ALT пернесін басып тұрып тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде курсорды керекті орынға дейін жылжыту;

Барлық құжатты түгелдей

Түзету Түгелімен белгілеу командасы немесе CTRL A (CTRL 5) пернелер комбинациясын басу керек;

Бір символ оңға

Shift

Бір символ солға

Shift

Бір қатар төмен

Shift

Бір қатар жоғары

Shift

Сөз соңына дейін ерекшелеу

Shift Ctrl

Сөз басына дейін ерекшелеу

Shift Ctrl

Қатар соңына дейін ерекшелеу

Shift End

Қатар басына дейін ерекшелеу

Shift Home

Абзац соңына дейін

Shift Ctrl

Абзац басына дейін

Shift Ctrl

Құжат соңына дейін

Shift Ctrl End

Құжат басына дейін

Shift Ctrl Home

Мәтiнді ерекшелеуден алып тастау үшiн:

1)Белгiленбеген бос аймақта тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту;

2)Курсорды басқару пернелерінiң (, , , ) бiрiн басу қажет.


cxxxii.Мәтiнді белгiлегеннен кейiн форматтауды Формат мәзірiнiң немесе саймандар тақтасындағы “Форматтау” батырмаларының көмегiмен де орындауға болады.

cxxxiii.

cxxxiv.Бақылау сұрақтары:



  1. MS Word – программасы кандай программалар тобына жатады?

  2. MS Word программасының кеңейтілімі қандай?

  3. MS Word терезесінің бөліктерін атаңыз.

  4. Мәзірлер қатарының атқаратын рөлі қандай?

  5. Стандарты және саймандар тақтасының айырмашылықтары бар ма?

  6. CTRL C, CTRL O, CTRL S, CTRL V, CTRL X пернелерінің атқаратын қызметтері қандай?

cxxxv.

cxxxvi.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



cxxxvii.

Перне (Клавиша; key) - 1) пернетақтадағы бір перне; оны басқанда таңбаға сәйкес код қалыптасады да, ол экранға шығады немесе белгілі бір әрекет іске асады; 2) криптографиялық кілт - ақпаратты шифрлау және кері шифрлау үшін пайдаланылатын құпия код (символдар жинағы); 3) кілт - мәліметтер файлындағы жазбаны немесе жазбалар тобын ұқсастырғыш.

Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.

cxxxviii.1. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004

cxxxix.2. Р.Ә.Медетбекова, Ж.Д.Изтаев, У.У.Үмбетов, М.М.Медетбеков “Информатика” жоғары және орта оқу орындарына арналған оқу құралы Шымкент 2009.

cxl.3. Фигурнов В.Э. «IBM PC для пользователя», Москва, ИНФРА-М, -1998г., изд.7.

cxli.4. Е.К.Балапанов, Б.Бурибаев «Новые информационные технологий. 30 Уроков по информатике», Алматы, 2001г.

cxlii.5. А.В.Андреев, И.Б.Беккерман, В.И.Гриднев «Основы информатики и вычислительной техники», «Феникс», 2002г.

cxliii.6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г.

cxliv.7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г.

Санкт-Петербург (орыс. Санкт-Петербург, Питер) - Ресейдің федералдық мәні бар қала, Солүстік-Батыс федералды аймағының және Ленинград облысының әкімшілік орталығы. 1914 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың 26 қаңтарына дейін -- Петроград, 1924 жылдың 26 қаңтарынан 1991 жылдың 6 қыркүйегіне дейін - Ленинград деп аталған.

cxlv.9.. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – Пресс – книга», 2003г.

cxlvi.10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г.

cxlvii.11. Қ.А.Ахметов, Б.Д.Шарипова, Г.К.Ордабаева, А.А.Тенгаева «Информатика», Алматы, 2007ж.

cxlviii.12. «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» Ұлттық ақпараттандыру орталығы, 2007ж.



cxlix.13.Симонович С. В. И др. «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -2001г.

cl.


жүктеу 155.03 Kb.