Главная страница
Контакты

    Басты бет


1 тақырып. Информатикаға кіріспе Мақсаты

жүктеу 189.01 Kb.



жүктеу 189.01 Kb.
бет1/2
Дата30.03.2017
өлшемі189.01 Kb.

1 тақырып. Информатикаға кіріспе Мақсаты


  1   2


1 тақырып. Информатикаға кіріспе
Мақсаты: Ақпараттық қоғам туралы ұғым қалыптастыру, ақпараттық өнім мен қызмет нарығының құрылымын көрсету, информатиканың қызметі мен рөлін түсіндіру. Дербес компьютердің жалпы жұмыс істеу принциптерімен таңысу.
Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Дербес компьютер Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.


Оқытудың міндеті: информатиканың құрамдас бөліктері және объектілері, пән туралы түсінікті қалыптастыру. Ақпараттың физикалық және математикалық аспектілерін және информатиканың математикалық негізін оқып үйрену.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Пән, объектілер және информатика құрамының бөлігі.

  2. Ақпараттың физикалық және математикалық аспектілері.

  3. Информатиканың математикалық негіздері.

  4. Дискретизация туралы түсінік.


Оқыту және сабақ беру әдістері: семинар

Әдебиеттер:

  1. Б.Бөрібаев. Информатика және компьютер, Алматы "Білім" 1995 ж.

  2. Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар» А, 2003 ж.

  3. Б.Қ Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева. Информатика. 2004ж.

  4. В.Я.Гельман. «Медицинская информатика». Санкт-Петербург, 2002 ж.
    Санкт-Петербург (орыс. Санкт-Петербург, Питер) - Ресейдің федералдық мәні бар қала, Солүстік-Батыс федералды аймағының және Ленинград облысының әкімшілік орталығы. 1914 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың 26 қаңтарына дейін -- Петроград, 1924 жылдың 26 қаңтарынан 1991 жылдың 6 қыркүйегіне дейін - Ленинград деп аталған.


  5. С.В.Симонович. «Информатика. Базовый курс. 2-издание».Санкт-Петербург, 2003 ж.

  6. С.В.Глушаков, А.С.Сурядный. Персональный компьютер. М.Фолио.2004 ж.

  7. А.Н. Степанов Информатика 4-е издание. Питер 2005 ж.

  8. Под. редакцией проф. Н. В. Макаровой. «Информатика». М., 2006 ж.


Теориялық бөлім
Информатиканың оқыту пәні, объектісі және құрамды бөліктері.

"Информатика" термині (франц. informatique) information (ақпарат) және automatique (автоматика) деген француз сөздерінен шыққан және сөзбе-сөз аудармасында "ақпараттық автоматика" дегенді білдіреді.

Сол сияқты бұл терминнің ағылшын тіліндегі нұсқасы да кеңінен таралған — "Сomputer science", бұл тура мағынасында "компьютерлік ғылым" дегенді білдіреді.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.
Ағылшын тілі Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.



Инфоpматика — бұл компьютерлік техниканы пайдалануға негізделген, ақпараттардың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, сол сияқты оны жасау, сақтау, іздеу, түрлендіру, адамның іс-әрекетінің әртүрлі сфераларында тарату мен пайдаланудың заңдылықтары мен әдістерін оқып үйренуге арналған пән.

1978 жылы халықаралық ғылыми конгресс ақпараттарды өңдеу жүйесін дайындауға, құруға пайдалану мен материалдық-техникалық қызмет көрсетуге, соның ішінде компьютерлер мен оларды бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса отырып қызмет көрсетуге, сол сияқты компьютрлендірудің ұйымдастырушылық, коммерциялық, әкімшілік және әлеуметтік-саяси аспектілері – адам өмірінің барлық саласында компьтерлік техниканың енгізілуіне байланысты "информатика" ұғымын ресми түрде бекітті.
Ғылым (араб.: علم‎ (ілім) - білім, тану; лат. scientia - білім) - ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе.

Сол себептен , информатика компьютерлік техникамен тікелей байланысты және онсыз елестету мүмкін емес.

Инфоpматика — қолданылу диапазоны ауқымды кешенді ғылыми пән.

Оның приоритетные бағыттары:



  • Есептеу жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау;

  • ақпараттар теориясы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру мен сақтауға байланысты үрдістерді оқытады;

  • математикалық моделдеу, есептеу және қолданбалы математиканың әдістері және олардың білімнің әртүрлі облыстарындағы фундаментальды және қолданбалы зерттеулерде қолданылулары;

  • жасанды интелектілік әдістер, адамның интелектуальды іс-әрекетіндегі логикалық және аналитикалық ойлауын модельдеуші әдістер (логикалық тұжырым, оқыту, сөзді түсіну, көру арқылы қабылдау, ойындар және т.б.
    Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
    );

  • жүйелік анализ, әртүрлі сипаттағы күрделі мәселелер бойынша шешімдерді дайындау мен негіздеу үшін пайдаланылатын әдістемелік құралдарды оқытады;
    Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.


  • биоинформатика, биологиялық жүйелердегі ақпараттық үрдістерді оқытады;

  • әлеуметтік информатика, қоғамды ақпараттандыру үрдістерін оқытады;

  • машиналық графика, анимация, мультимедиа құралдары әдістері;

  • телекоммуникациялық жүйелер мен желілер, соның ішінде, бүкіл адамзатты біртұтас ақпараттық қоғамдастыққа біріктіретін ауқымды компьютерлік желілер ;

  • әртүрлі қосымишалар, өндірісті, ғылымды, білімді, медицинаны, сауданы, ауыл шаруашылығын және шаруашылық пен қоғамның іс-әрекетінің басқа да барлық түрлерін қамтиды.
    Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.
    Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
    Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.


Ресейлік академик А.А. Дородницин информатикада бір-бірінен ажырамас және маңызды байланысқан үш бөлімді — техникалық құралдар, бағдарламалық және алгоритмдік, бөліп көрсетеді..

Техникалық құралдар, немесе компьютерлік аппаратуралар, ағылшын тілінде Hardware сөзімен белгіленеді де, сөзбе-сөз аудармасында "қатты бұйым" мағынасын білдіреді.

Компьютерлерде қолданылатын барлық бағдарламалардың жиынтығы, және оларды жасау мен қолдану жұмыстарының облысы болып саналатын, бағдарламалық құралдарды белгілеу үшін Software (сөзбе-сөз — "жұмсақ бұйым") сөзі қолданылады, бұл машинаның өзі мен бағдарламалық қамтамасыз етудің тең мағыналы екендігін, сол сияқты бағдарламалық қамтамасыз етілудің өзгертілуге, бейімделуге және дамуға қабілетті екендігін білдіреді.
Жиынтық - геологияда: жарылымдармен шектеле отырып, бірқалыпты қатпарланған қат-қабаттар тобының немесе қатпарлардың бір бағытта ғана еңістенген осьтік жазықтықтарының бірлестігі.

Бағдарламалау тапсырмаларының алдында әрқашанда, бастапқы мәліметтерден ізделінген нәтижеге дейін алып келетін, тізбектелген әрекеттер түріндегі оларды шешудің тәсілдері тұрады, басқаша айтқанда, тапсырмаларды шешудің алгоритмі жасалынады. Алгоритмдер жасау мен оларды құрудың әдістері мен тәсілдерін оқып үйрететін информатиканың бөлімін белгілеу үшін, Brainware (ағыл. brain — интеллект) термині қолданылады.



Қоғам дамуындағы информатиканың рөлі аса жоғары. Онымен ақпараттарды жинақтау, тасымалдау және өңдеу бағытындағы революцияның басталуы тікелей байланысты.
Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
Революция (лат. revolutіc - бетбұрыс, төңкеріс) - табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады.
Бұл революция, заттар мен энергияны игерудегі келесі революциялармен бірлесе отырып, тек материалдық өндіріс сферасына ғана емес, өмірдегі интелектуальдық және рухани сфераларға да әсер етеді және түбірімен өзгертеді.

Компьютерлік техника мүмкіншілігінің қарқындап өсуі, ақпараттық желілердің дамуы, жаңа ақпараттық технологиялардың жасалуы қоғамның барлық сфераларында: өндірісте, ғылымда, білім беруде, медицинада және т.б. маңызды өзгерістерге алып келеді.



  1   2

  • Оқытудың міндеті
  • Тақырыптың негізгі сұрақтары
  • Оқыту және сабақ беру әдістері
  • Теориялық бөлім Информатиканың оқыту пәні, объектісі және құрамды бөліктері. " И нформатика"
  • "компьютер лік ғылым "
  • Hardware
  • Алгоритмдер
  • Қоғам дамуындағы информатиканың рөлі аса жоғары. Онымен ақпараттарды жинақтау, тасымалдау және өңдеу бағытындағы революцияның

  • жүктеу 189.01 Kb.