Главная страница
Контакты

    Басты бет


1-Модуль. Компьютерлік желі түрлері

жүктеу 384.33 Kb.



жүктеу 384.33 Kb.
бет2/3
Дата10.03.2017
өлшемі384.33 Kb.

1-Модуль. Компьютерлік желі түрлері


1   2   3

Жергілікті желілер бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір мекемеде орналасқан немесе қатар орналасқан компьютерлер). Компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Әр құрлықтарда орналасқан түрлі мемлекеттердегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын желіні жалпы желі деп атайды.

Құрлық, материк, континент - жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі. Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Ондай желілерді жасау үшін көп қаражат, бірнеше телефон каналдары және жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері болуы қажет.


Жергілікті желілерде компьютерлер арасында информация тасымалдау жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, тіпті 100 Мегабитке де жетеді. Жалпы желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық ондай жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.

Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер аталатын арнайы құрылғы арқылы орындалады. Адаптер компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.

Көптеген фирмалар шығаратын желі адаптерлерінің көптеген түрлері бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. Әр қосылу – деректер үшін жаңа маршрут. Желі топологиясыбұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы.

Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.

Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина, шина.



Жұлдызша топологиясы

«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректе пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.

«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

Барлық жұмыс станциялары орталық торапқа жалғанған ЛВС топологиясы. Мұндай топологияның меншігі ретінде жөнделмейтін торап болып табылады. Алайда, егер орталық торап жөнделмесе, барлық желі қатардан шығады.

Бұл жағдайда әрбір компьютер біріктіруші құралдарға арнайы желілік адаптерлер арқылы жеке кабельдерге қосылады. Қажет жағдайда Жұлдызша топологиясымен бірнеше желіні біріктіруге болады. Жұлдызша топологиясының мысалы ретінде Internet тополгиясы Витая пара 10 BASE-T кабелі болып табылады, жұлдызша орталығы. Жұлдызша типті топоплгия кабельдің жарылуынан сақтауды қамсыздандырады. Егер жұиыс станциясының кабелі бұзылған болса, бүкіл желі сегиентін қатардан шығырмайды. Ол сондай-ақ, әрбір жұмыс станциясының кабельді сегментінің болуына, концентратқа қосылуына байланысты,қосылу мәселесін диагностикалайды. Диагоностика үшін кабельдің бүлінуін табу жеткілікті. Желінің қалған бөлігі жақсы жұмыс жасайды. Алайда, жұлдызша топоплогиясының кемшіліктері де бар.

Біріншіден, ол көп кабельді қажет етеді. Екіншіден, концентраттары барынша қымбат. Үшіншіден, кабельді концентраттарды кабельдің көп болған жағдайында күту қиын. Алайда, мұндай жағдайдың көбінде қымбат емес, витая пара кабелі қолданылады.

Кейбір жағдайларда телефон кабелдерін де қолдануға болады.

Сурет 2 Жұлдызша топологиясы


Сақина топологиясы

«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.

«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері – деректер біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде ұстап қалуына мүмкіндік береді.

Берілген мәлімент бір жұмыс станциясынан бір бағытта екіншісіне жіберіледі.Әрбір ДК қайталаушы ретінде жұмыс атқарады, алған хабарды екіншісіне ретрансляциялайды, яғни мәліметтер бір компьютерден екіншісіне эстафета сияқты жіберіледі. Егер компьютер басқа компьютерге арналған мәліметтер алса, оны ары қарай жібереді, әйтпеген жағдайда жіберілмеуі де мүмкін. Қарапайым түрде барлық стнацияларға сұраныс бір уақытта жіберіледі. Сақиналық топологияның басты мәселесі сонда, барлық компьютерлер белсенді жұмыс атқаруларында, егер олардың біреуі жұмыс қатарынан шықан жағдайда, барлық желі тоқталады. Таза топология сирек қолданылады. Оның орнаны сақиналы топология қатынау әдісінің сұлбасында, транспорттық рөл атқарады. Сақина логикалық маршрутты сипаттайды, ал десте толық шеңбер жасай отырып, бір стнациядан екіншіге жіберіледі.

Сурет 3 Сақина топологиясы


Шина топологиясы

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады.

«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель-шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай, желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.

Жалпы шина топологиясы бір кабельге барлық желі компьютерлерінің қосылуын қодлануды ұсынады. Топологияның жалпы шина жағдайында кабель барлық станцияларпда кезегімен қолданылады. Жалпы кабельмен жұмыс кезінде компьютерлер бір-біріне кедергі жасамау қарастырылған. Жеке компьютерлермен жіберілген немесе алынған барлық хабарларды басқа компьютерлер алады және естиді. Жұмыс станциясы ақпарат адрестері қолдана отырып хабарлар адресін алады.

Сурет 4 Шина топологиясы

Жергілікті желіде ақпарат жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді.

Жергілікті есептеу желісі – бір-бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер (есептеу машиналары, жад құрылғылары, принтерлер және т.б. электрондық құрылғылар) жиынтығы. Бір-бірінен қашықта орналасқан жұмыс орындарындағы жабдықты, программалық құралдарды, ақпаратты бірлесе пайдаланатын компьютерлер жергілікті есептеу желісі арқылы бір жүйеге біріктіріледі.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.

Принтер, модем, дискідегі мәлімет жинақтауыш тәрізді құрылғыларды ортақ пайдалану мақсатында дербес компьютерлер мен басқа офистік электрондық құрылғыларды желі арқылы бір-бірімен байланыстырады. Мұндай желідегі жабдықтар бір ғимаратта немесе бір-біріне жақын, қатар тұрған бірнеше ғимаратта орналасады.

Жергілікті желідегі компьютерлер мен құрылғылар көмегі арқылы жалпы мақсаттағы коммутацияланатын желімен немесе одан да басқа желілермен байланыса алады. Мысалы: Ethernet (10 Base-2,5,T,F), Fast Ethernet (100 Base-TX, FX, T4), Token Ring, Apple-Talk, ARCHNET және т.б. жергілікті желіге тән қасиеттер: мәліметтер жеткізу жылдамдығы жоғары, қате шығу деңгейі төмен және арзан бағалы жеткізу ортасы қолданылады. Кемшілігі: ұзындығы қысқа, жақын араға жеткізуге арналған. Жергілікті есептеу желісін CAN, MAN, WAN және GAN сияқты кең масштабты құрылымдарға біріктіруге болады: CAN – Campus Area Network – жақын орналасқан ғимараттарды байланыстыратын кампустық желі;

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Масштаб (нем. Mastab. Ma - өлшеуіш, мөлшер және Stab - таяқ) - сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады.

MAN – Metropolitan Area Network – қалалық масштабты желі; WAN – Wide Area Network – кең масштабты желі; GAN – Global Area Network – ауқымды желі, цифрлы ақпараты бір немесе бірнеше жоғары жылдамдықты арналармен жеткізу, шектеулі аймақта қолдау табатын есептеу желісі; жалпыға ортақ қызмет ететін байланыс құралдарын пайдаланбайтын, тораптары бір-бірінен шамалы қашықтықта орналасқан есептеу желісі.

Соңғы кезде бір мекемеде орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тараған. Мұның артықшылығы – біріншіден, жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанмен, бағасы онша қымбат емес, екіншіден, жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.

Радиоторапты желілердің негізгі кемшілігі – олардағы информация тасымалдау жылдамдығының өте төмен деңгейде болуы, ол 10 Мбит/сек мөлшерінен аса алмайды. Келешекте радиожелілер кеңінен қолданылады.

Олардың объективті себебі:

− радиожеліні іске қосуға кететін қаражат осы тәрізді кабельдік жергілікті желіні іске қосудан арзан;

− ескі мекемелерде қабырғаларын тесіп, кабель жүргізу оңай емес;

− радиожеліні тарихи бағалы деп есептелетін мекемелерге жүргізу ыңғайлы, өйткені кабель жүргізу үшін тарихи ескерткішті қорғау орындарының келісімі керек;

Ескерткіш– кең мағынасында - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.)

− кабель жүргізуге мүмкіндік жоқ, ал жергілікті желіні кеңейту керек.

Субъективті себептері:

− кабельдік желіге қарағанда қайта құру оңай, мысалы жаңа торап қосу, алу, олардың құрылғыларын орнату және т.б.;

− жергілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуға тиіс жеке пайдаланылатын ноутбуктерді қосу ыңғайлы;

− жергілікті желілерді қолданылатын бағдарламалық жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады.



Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:

1) Әр түрлі топологиялар арасындағы мәліметтер беру жылдамдықтарын бақылаңыз

2) Топологиялар арасында айырмашылықтарды айқындайтын кесте құрыңыз

Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,13
Тақырып №3. Кабельдер типтері мен кабельдер жүйесін жинақтау

Дәрістің мақсаты: Кабель типтерімен танысу және кабельдер жүйесін жинақтауды қарастыру

Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:


  1. Web- парақтарды жасау жолдары

  2. Web- парақтарды жасау редакторлары

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).

Ақпаратты беру кезінде кабельдің түрлері қолданады. Оған:клоаксальды, экрандалған және экрандалмаған орам жұбы және оптолокондық кабельдер жиынтығы жатады. Мәліметтерді жіберудегі ең жиі қолданылатын кабель түрі, яғни кіші қашықтыққа (100 м-ге дейін) экрандалмаған кабельдер қолданылады. Оптолоконды кабель кең ауқымды және локальдық байланысты құру кезінде кеңінен қолданылып, онымен қоса магистральдық глобальды жүйелерді қалыптастыруға пайдаланылады. Кабель жүретін каналдарды өткізу қызметі жағынан жоғары және оларды біршама қашықтыққа тасымалдайды.

Мәліметтерді тасымалдау ортасы ретінде есептелетін жүйелерде КВ, УКВ, СВЧ сияқты әр түрлі электромагнитті толқындарды.

Толқын - ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен, атмосфералық қысымның ауытқуларынан, су асты жер сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы.

Бірақ локальды жүйелерде радиобайланытар кабельдерді құру мүмкін емес кезде ғана қолданлады. Мысалы:кез келген мекеме, ғимарат.

Құрылымданған кабельдық жүйе (Structured Cabling System-SCS)-камутациондық элементтер жиынтығы (кабельдер, шкафтар т.б.), сонымен қатар оларды ортақ қолданудың методикасы болып табылады.



Құрылымданған кабельдық жүйенің артықшылығы:

Универсалдығы. Локальдық есептік жүелерде алдын ала ойластырылып қойылған

құрылымданған кабельдық жүйе, ондағы компьютерлік мәліметтерді ортақ ортада локальдық жүйеде тарту.



Қызмет ету уақытығының ұзақтығы. Жақсы құрылымдалған кабельдық жүйенің ескіруі 8-10 жылдан тұруы мүмкін.

Жаңа қолданушыларды қосу және олардың орналасу орнының өзгеруі кезінде бағасының азаюы. Кабельдық жүйенің бағасы негізінен оның кабелінен емес, оны орналастыру жұмысына байланысты анықталады.

Жүенің оңай кеңейуінің мүмкіндігі.Құрылымданған кабельдық жүйе модульдық болып табылғандықтан оны жеңіл өсіруге болады.

Ең жақсы қызмет көрсетумен қамтамасыз ету. Құрылымданған кабельдық жүйе қызмет етуді жеңілдететді және тұйықталуды іздейді

Сенімділік. Құрылымданған кабельдық жүйе жоғарғы сенімділік бере алады.

Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.



Кабельдік жүйелер

Негізінен кабельдың екі үлкен класын ерекшеленеді:

Электрлік және оптикалдық, олар сигналдарды тасымалдау әдісі бойынша ерекшелінеді. Ресейді оптоталшықты кабельдермен қамтамасыз етуші-Wohawk/CDT, Lucent Technologies және AMP.

Кабельдердің типтері

Қазіргі жаңа жүйелерде, бірнеше түрлі кабельдер типтері қолданылады. Төменде жиі қолданылатын кабельдер типтері көрсетіледі. Ішкі құрылым бойынша жұпты орамды және коаксальдық кабельдер арқылы айыруға болдаы.

«Жұпты орам» кабель типі көп жүейелік технологияларда, оған қоса Internet, ARCNet IBM және Tokeng Ring қолданылады.

Жұпты орамды кабельдер мынадай түрлерге негізделеді: экрандалмаған (UTP-Unshielded Twisted Pair) және экрандалған мыс кабельдер. Экрандалған мыс кабельдер өз ішінде екіге бөлінеді: жекелей әр бір жұбы экрандалған(STP-Shilded Twisted Pair) және бір ғана ортақ экраны бар (FTP-Foilded Twisted Pair). Экранның жоқтығы, экрандалмаған кабельдерге иілгіш және сынбайтын қасиет береді. Экрандалмаған кабельдер офистер ішінде қолдануға өте қолайлы.

1-кестеде көрсетілген категория бойынша кабельдер классификацияланады. Олар максималды жиілігіне байланысты орналастырылған.

Кесте 1 Кабель классификациясы


Категориясы

Сигнал берілу жиілігі, (МГц)

3

16

4

20

5

100

5

300

6

200

7

600


Коаксальдық кабельдер

Клоаксальдық кабельдер радио және теледидарлық аппаратуралада қолданылады.

Радиобайланыс - радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

Коаксальды кабельдерді 10мбит/с жылдамдықпен ақпарат тарата алады. Максималды ара қашықтық 185-500 метр. Олар жіңішке және жуан кабельдерге оның қалындығы бойынша бөлінеді.

2-кесте Коаксальды кабельдер типтері


Типі

Аты, кедергі мәні

RG-8, RG-11

Thiscnet, 50 Ом

RG-58/U

Thiscnet, 50 Ом, тұтасталған орталық мыстық жетектегіш

RG-58 A/U

Thiscnet, 50 Ом, орталық көпорамды жетектегіш

RG-59

Browadband/Cable television

(радио және кабельдық теледидарлар), 75 Ом



RG-59/U

Browadband/Cable television

(радио және кабельдық теледидарлар), 50 Ом



RG-62

ARSNet, 93 Ом


Оптоталшықты кабельдер

Оптоталшықты кабельдер (Fiber Optic Cable) мәліметтерді үлкен қашықтыққа тарату жылдамдығы жоғары екеніне көз жеткізуге болады. Оптоталшықты кабельдерде сигнал таратушы болып- жарық табылады. Осы түрдегі кабельдер бірнеше микроннан тұратын орталық, шыны арқаннан, ол толығымен шынымен қапталған.

Қата жалғанып қойса өте сезгіш болып келеді. Оптоталшықты кабельдерде жарық көзі болып жарық диоды (LED-Light Emitting Diode) табылады. Барлық мәліметтер жарықтың интенсивті өзгеруімен кодталады. Оптоталшықты кабельдердің негізінен екі түрі бар. Олар: бірмодтық және көпмодтық. Бірмодтық кабельдер кішкене диаметрге ие болады, қымбат баға және ұзақ ара-қашықтыққа мәліеттер тасымалдай алады. Оларға арнай коннектор мен жоғарғы классификациалы орнатушылар қажет.

Кабельсіз байланыстың технологиясы:

Кедергілер мен жалпы бағасы үлкен әсер етеді. Осындай байланыстың негізгі үш түрін атап өтейік:



  • Радиобайланыс

  • Диапазон микротолқындары арқылы байланыс

  • Инфрақызыл байланыс

Радиобайланыс

Мәліметтерді таратуда радио жиілікте тарату технологиясы және тасымалдау қашықтығы шексіз болып келеді. Үлкен географиялық қашықтықтарға локальдық жүйе арқылы байланыстыруға арналған. Олар үлкен бағаға ие болады, сонымен қатар электрондық және атмосфералық байланыстарды түзеуде сезімтал болып келеді.



Диапазон микротолқындары арқылы байланыс

Диапазон микротолқындары арқылы байланыс (Microwaves) жоғарғы жиілікті талап етеді, қысқа және үлкен қашықтықтарда қатар қолданылады. Физикалық тасымалдау қолайсыз жерлерде қолданылады. Ал спутниктерді қолдану тиімді емес, өйткені бағасы өте үлкен болып келеді.



Инфрақызыл байланыс

Инфроқызыл технологиялары (Infrared transmission), үлкен жиіліктерде жұмыс жасайды. Олар екіжақты және кең ауқымды жақын ара-қашықтарда жиі қолданылады.



Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:

    1. Кабельдер түрлерін атап өтіңіз

    2. Кабель түрлері арасында айырмашылықтар мен артықшылықтардың кестесін құрыңыз

Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,13
Тақырып №4. Жүйеге қойылатын негізгі талаптар

Дәрістің мақсаты: Жүйеге қойылатын негізгі талаптармен танысу

Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жүйеге қойылатын негізгі талаптар

  2. Жүйенің жөнделмейтін облыстарын басқару

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).

Жүйені құру және тасымалдау кезінде қойылатын негізгі талаптар:



  • Шығарымдылық

  • Сенімділігі және қауіпсіздігі

  • Кеңейтілуі мен масштабталуы

  • Көрінбейтіндігі

  • Басқарылуы

  • Бірігуі

Шығарымдылығы-жүйенің сипатталуы болып табылады. Мәліметтерді жіберуші жұмыс станциясының алушы станцияға қаншалықты тез баруын бағалауға мүмкіндік береді.

Жүйенің шығарымдығына келесі жүйе сипаттамалары әсер етеді:



  • Конфигурация;

  • Мәліметті беру жылдамдығы;

  • Анализді көру әдісі;

  • Жүйе топологиясы;

  • Технолгия;

Сенімділігі және қауіпсіздіг:і Есептеу жүйелерінің маңызды факторларының бірі болып-сенімділік табылады.

Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.

Үлкен сенімділік барлық кедергілерге жол бермеуге және қысқа тұйықтануды болдырмауға жағдай жасайды.

Тұрақсыздық-есептеу жүйелерінің қасиеті. Есепту жүйесіндегі машинаны логикалық машина ретінде қозғалыстың тоқтамауына жағдай жасай отырып, бағдарламаның берілгенімен, жөнделмейтіндігінен кейін. Сенімділік ұғымына тек қана аппараттық жүйелер кірмейді, сонымен қатар бағдарламамен қамтамасыз етеді.



Қауіпсіздік- кез келген арнайы компьютерлік жүйелер шеше алатын басты жаттығулардың бірі. Қауіпсіздіктің проблемаларын әр-түрлі жағдайларда қарастыруға болады. Мысалы: мәліметтердің дұрыс жіберілмеуі, ақпараттық құпиялығы, қол сұғылмаушылығы, ұрланып кетуі.

Сурет 5 Қауіпсіздікті сақтау есебі

Фирмадағы бірнеше автономды жұмыс істеп тұрған компьютерлерге қарағанда, локальдық жүйеде мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау үнемі жеңіл. Резерфті көшірме (backup)-сіздің қол астыңызда бар құрал болып табылады. Жеңіл болу үшін оны резерфтеу деп атаған дұрыс. Оның негізгі мақсаты: кез келген қауіпсіз жерде барлық көшірмелерін сақтау және оларды жиі-жиі жаңартып отыруда. Жай компьютерлерде қауіпсіз ақпарат тасушы болып-дискета табылады. Стриммерді де қолдануға болады.

Көрінбейтіндігі- қасиеті.

Көрінбейтіндігі-бұл қасиеттің ерекшелігі,жүйеде жұмыс істеп отырған адам оны көре алмайтын қалпы.

Көрінбейтін жүйе локальдық жүйелер арасындағы байланыста улкен ара қашықтықта қолданылады. Plug and play принципі қолданылады.

Көрінбейтін байланыс кезінде (end-to-end) жойлған локальдық жүйелерде өткізгіштік қасиетке ие болады.

Басқарымдылығы:

ISO улкен көлемдегі көмек жасады. Жүені басқару басты жүйе болып табылады. Оның өзі 5 концептуалды облыстардан тұрады.



  • Эффектілі басқару

  • Конфигурацияны басқару

  • Ресурсты қолдану арқылы басқару

  • Жүенің жөнделмейтін облыстарын басқару

  • Ақпаратты қорғауды басқару

Эффектілі басқару.

Эффектілі басқарудың басты мақсаты-жоғарғы дәрежеде жүйеде әр-түрлі аспектілер арасында, өлшеуді және эффектілі басқаруды қамтамасыз ету.

Оған мысал ретінде : жүйенің көрінбейтіндігі бола алады.

Эффектілі басқару бірнеше этаптардан тұрады:


  1. Администраторлы жүйелерге эффектілі басқару тұралы мәліметтерді жинау;

  2. Анықталған жақсы дәрежеге анализ жасау;

  3. Мәліметтердің дұрыс таралуын басқару

Конфигурацияны басқару- арнай аппараттық және программалық элементтерді жүйелік және системалық конфигурацияны дұрыс қадағалау. Әр бір орнатылған жүйелік құрылғылар әр-түрлі ақпараттармен жабдықталған болып келеді. Олардың ішінде арнайы кілттерді іздейтін мүмкіндігі бар, олар кез келген жерде проблемалар пайда болған кезде, сол проблемаларды шешу үшін арналған.

Ресурсты қолдану арқылы басқару

Ресурсты қолдану арқылы басқарудың негізгі мақсаты- Жүені пайдалану параметрін өлшеу.Ол жүйедегі проблемаларды азайтадыжәне оны максималды пайдалануына жағдай жасайды.



Жйүенің жөнделмейтін облыстарын басқару

Жүенің жөнделмейтін облыстарын басқарудың мақсаты-Жүйенің эффектілі жұмыс жасау үшін, жүйеде болып жатқан проблемалар туралы қолданушыларға хабарлау, ол проблемаларды тауып, (мүмкін болған жағдайда) алып шығу үшін арналған.

Жүенің жөнделмейтін облыстарын басқару бірнеше қадамдардан тұрады:


  1. Проблемалардың алғашқы белгілерін анықтау;

  2. оларға изоляция жасау;

  3. кедергілерді жою;

  4. керекті жүйелердегікедергіледі анықтаужәне тексеру;

  5. табылған кедергіледі регистрациялау және оларды шешу.

Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:

1) Жүйеге қойылатын негізгі талаптарды атап өтіңіз?

2) Қойылатын талаптар қатарына мысалдар келтірңіз?

Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,13
Тақырып №5. Желілердің архитектурасы

Дәрістің мақсаты: Желілер архитектурасымен танысу

Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:


  1. Желі архитектурасы ұғымымен танысу

  2. Желі архитектурасының түрлерін қарастыру

  3. Желіні таңдау принйиптерімен танысу

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).

Желі архитектурасы желі элементтерін анықтайды және оның жалпы логикалық ұйымдастырылуын, техникалық бағдарламалық жабдықталуын және кодтаудың әдісін сипаттайды. Архитектура функционалдану принциптері мен қолданушы интерфейсін анықтайды.

Архитектураның 3 түрі:


  • терминал архитектура – бас компьютер;

  • біррангілі архитектура;

  • клиент-сервер архитектурасы.

Терминал архитектурасы – бас компьютер

Терминал архитектурасы – бас компьютер (terminal – host computer architecture) – бұл мәліметтерді өңдеудің барлық үрдістері бір компьютерде немесе басты компьютерлер тобында жүзеге асатын ақпараттық желі концепциясы.

Архитектура 2 типті құрылғыларды қарастырады:

Бас компьютер, мұнда желіні басқару, мәліметтерді сақтау және өңдеу функциялары атқарылады .

Терминалдар, мұнда сеанстарды ұйымдастыру және тапсырмаларды орындау, тапсырманың орындалу нәтижесіне қажетті мәліметтерді енгізу командаларын басты компьютерге жеткізу функцияларын атқарады.

Басты компьютер мәліметтерді беру мультиплексорлары арқылы терминалмен өзара байланысады.

Басты компьютер архитектуралы желінің классикалық мысалы ретінде жүйелі желілік архитектураны келтіруге болады (System Network Architecture - SNA).

Біррангілі архитектура

Біррангілі архитектура (peer-to-peer architecture) – бұл ресурстары барлық жүйелерде тең дәрежеде орналасқан ақпараттық желі концепциясы.

Біррангілі желілер қатарына кез келген жұмыс станциясы бір уақытта файлдық сервердің де және жұмыс стациясының да қызметін атқаратын шағын желілерді жатқызуға болады. Біррангілі жергілікті есептеуіш желілерде кез келген компьютердің дискілік кеңістігі мен файлдары ортақ қойылуы мүмкін.

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.

Ресурс жалпы болуы үшін оны желілік біррангілі операциялық жүйенің қашықтан қатынау қызметін қолдана отырып жалпы қолданысқа беру қажет. Мәліметтерді қорғауды орнатуға байланысты файлдың құрылуы сәтінен кейін басқа қолданушылардың қалай қол жеткізетіндігі анықталады. Біррангілі жергілікті есептеуіш желі шағын жұмыс топтарына тиімді болып есептеледі.


Сурет 6 Біррангілі архитектура

Біррангілі жергілікті есептеуіш желіні орнату өте жеңіл және арзан желі типі болып келеді. Олар компьютерде желілік карта мен желілік тасымалдаушыдан басқа тек Windows 98 немесе Windows for Workgroups операциялық жүйесін ғана талап етеді. Компьютерлерді бір біріне қосқан кезде қолданушылар ресурстар мен ақпараттарды ортақ қолдануға бере алады.

Біррангілі желінің артықшылықтары:


  • оларды орнату және баптау оңай болып есептеледі;

  • жекеленген дербес компьютерлер белгіленген серверге тәуелді емес;

  • қолданушылар өз ресурстарын өздері басқара алады;

  • арзандығы және пайдалану оңайлығы;

  • азғана құрылғылар мен бағдарламалық жабдықтарда қажет етеді;

  • тіркеушінің қажетсіздігі;

  • қолданушылар саны оннан аспайтын желілер үшін өте тиімді.

Біррангілі архитектураның проблемасы компьютерлердің желіден өшіп қалу жағдайы болып табылады. Бұл жағдайда желіден ұсынылған сервис түрі де жойылады. Желі қауіпсіздігін бір уақытта тек бір ресурсқа ғана қолдануға болады және де қанша желілік ресурс болса да сонша парольді қолданушы есіне сақтауы керек. Ажыратылған ресурсқа қатынау мүмкіндігін алған кезде компьютер өнімділігінің төмендеуі байқалады. Біррангілі желінің кемшілігі орталықтанған тіркеудің жоқтығы болып табылады..

Желіде біррангілі архитектураны қолдану кезінде терминал немесе «клиент-сервер» архитектураларын да қолдануға тыйым салынбайды.



Клиент-сервер архитектурасы

Клиент-сервер архитектурасы – бұл ресурстардың басым бөлігі клиенттерге қызмет көрсететін серверлерге негізделген ақпараттық желі концепциясы.

Қарастырылып отырған архитектура 2 компонент типтерін қарастырады: серверлер және клиенттер.

Сервер – сұраныстары бойынша желінің басқа объектілеріне қызмет көрсетуші объект.

Сурет 7 Клиент-сервер архитектурасы
Сервер клиенттердің тапсырмалары бойынша жұмыс істейді және сол тапсырмалардың орындалуын басқарады. Әрбір тапсырмадан кейін сервер тапсырма берген клиентке алынған нәтижені береді.

Клиент-сервер архитектурасындағы қызмет көрсету функциясы әр түрлі қолданбалы операцияларды атқаратын қолданбалы бағдарламалар кешенімен сипатталады.


Клиент –нақты операцияның көмегімен қызмет көрсету функциясын шақыратын үрдіс. Клиент болып бағдарлама немесе қолданушы болуы мумкін. Клиенттер – қолайлы қолданушы интерфейсін беретін және сервер ресурсын қолданатын жұмыс станциясы. Қолданушы интерфейсі қолданушының жүйемен немесе желімен өзара әрекеттерінің процедуралары.

Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.

Клиент бастаушы қызметін атқарады және электронды пошта немесе басқа сервер қызметтерін қолданады. Бұл үрдісте клиент қызмет түріне сұраныс береді және сеансты орнатып өзіне керекті нәтижелер мен жұмыстың аяқталуы жайлы хабар береді.



Сурет 8 Клиент-сервер моделі

Ерекшеленген файлдық серверлі желілердің белгіленген автономды дербес компьютерінде серверлі желілік операциялық жүйе орнатылады. Осы дербес компьютер сервер болып табылады. Жұмыс станциясында орнатылған бағдарламалық жабдық сервермен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Ең көп таралған желілік операциялық жүйелер:


  • Novel фирмасы шығарған NetWare операциялық жүйесі;

  • Microsoft фирмасы шығарған Windows NT операциялық жүйесі;

  • AT&T фирмасы шығарған UNIХ операциялық жүйесі;

  • Linux операциялық жүйесі.

Желілік операциялық жүйеден басқа желі ұсынатын ерекшеліктерді жүзеге асыратын желілік қолданбалы бағдарламалар да қажет. Сервер негізіндегі желілер ең жоғарғы характеристикада болады және сенімділік дәрежесі де жоғары. Сервер жұмыс станциялары қолданатын маңызды ресурстар қоры болып табылады.

Казіргі кездегі клиент – серверлік архитектурада объектілердің 4 тобы қарастырылады: клиенттер, серверлер, мәліметтер және желілік қызметтер. Клиенттер қолданушылардың жұмыс орындарындағы жүйеде орналасады.

Мәліметтер негізінен серверде сақталады. Желілік қызметтер серверлер және мәліметтермен ортақ. Сонымен қатар қызметтер мәліметтерді өңдеу процедураларын басқарады.

Клиент – сервер архитектурасының артықшылығы:



  • Көп жұмыс станциялы желілерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

  • Желілік тіркелуді жеңілдететін қолданушылардың тіркеу жазбаларын, қауіпсіздігін және қатынау мүмкіндігін басқаруды қамтамасыз етеді;

  • Желілік ресурстарға тиімді қатынау мүмкіндігін береді;

  • Қолданушыға желіге кіру арқылы барлық ресурстарға қатынау үшін бір ғана пароль керек.

Желі артықшылығымен қатар клиент – серверлі архитектураның өзіндік кемшіліктеріде бар:

  • Сервердің істен шығуы нәтижесінде желінің жұмыс істеу мүмкідігін шектей отыра желілік ресустарды жоғалтуға әкеп соғады;

  • Тіркеу үрдісін жүргізу үшін кәсіби маманды талап етеді;

  • Желі мен желілік құрылғылардың бағасының жоғарлығы.

Желі архитектурсын таңдау

Желі архитектурасын таңдау желінің ұсынысына, жұмыс станцияларының санына және оларда орындалатын әрекеттерге де байланысты болады.

Біррангілі архитектураны келесідей жағдайларда таңдаған жөн:


  • Қолданушылар саны оннан аспаса;

  • Барлық машиналар өзара жақын орналасса;

  • Қаражат мүмкіншілігі аз көлемде болса;

  • Мәліметтер қоры сервері, факс-сервер немесе басқа да арнайы серверлерге деген қажеттілік болмаса;

  • Орталықтанған тіркелуге деген қажеттілік болмаса.

Клиент-серверлі архитектураны келесідей жағдайларда таңдаған жөн:

  • Қолданушылар саны оннан асса;

  • Орталықтанған басқару, қауіпсіздік, ресурстарды басқару және резервті көшіру қажет болса;

  • Арнайы сервер қажет болса;

  • Глобальді желіге қатынау қажет болса;

  • Ресурстарды қолданушылар деңгейінде бөлу қажет болса.

Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:

  1. Желі архитектурасы түрлерін атаңыз

  2. Архитектура түрлерінің арасындағы артықшылықтар мен кемшіліктер арасында талдау жасаңыз

Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,13

1   2   3

  • Өзін-өзі тексеру тапсырмалары
  • Әдебиеттер тізімі
  • Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар
  • Құрылымданған кабельдық жүйенің артықшылығы
  • Коаксальдық кабельдер
  • Ресурсты қолдану арқылы басқару
  • Жйүенің жөнделмейтін облыстарын басқару
  • Тақырып №5. Желілердің архитектурасы Дәрістің мақсаты
  • Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).
  • Өзін-өзі тексеру тапсырмалары

  • жүктеу 384.33 Kb.