Главная страница
Контакты

    Басты бет


1-Модуль. Компьютерлік желі түрлері

жүктеу 384.33 Kb.



жүктеу 384.33 Kb.
бет1/3
Дата10.03.2017
өлшемі384.33 Kb.

1-Модуль. Компьютерлік желі түрлері


  1   2   3

1-Модуль. Компьютерлік желі түрлері


Глоссарий:

Желі жіберу құрылғысы мен мәліметтерді өңдеуді жасаушы объекттер жиынтығы.

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желелерді бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Жиынтық - геологияда: жарылымдармен шектеле отырып, бірқалыпты қатпарланған қат-қабаттар тобының немесе қатпарлардың бір бағытта ғана еңістенген осьтік жазықтықтарының бірлестігі.

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.



Хаттама (протокол)- бірыңғай стандарт, ережелер.

Логикалық арна – бір жүйеден басқаға ақпаратты беру жолы.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.



Трафик (traffic) – ақпарат алмасуының хабарлар ағыны.

Архитектура – желідегі жұмыс станцияларының өзара әрекеттестігінің функциясы мен құрылымын, анықтайтын байланысты концепция.
Тақырып №1. Компьютерлік желі түрлері

Дәрістің мақсаты: Компьютерлік желі түрлерімен танысу, олардың түрлері арасындағы айырмашылықтарды айыру.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.



Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:

  1. Желі ұғымын қарастыру

  2. Желі түрлерімен танысу

  3. Ақпараттық және коммуникациялық желі ұғымдарын қарастыру

  4. Желінің бірыңғай және иреархиялық түрлерін қарастыру

  5. Желіні қолданудың артықшылықтары

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.

Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.

Желі дегеніміз – бұл жіберу құрылғысы мен мәліметтерді өңдеуді жасаушы объекттер жиынтығы. Халық аралық стандарттаушы кәсіпорындар есептеуіш желіні – бір бірімен тәуелсіз байланысқан құралдардың арасында мәліметті бит-бағдарланған тізбек ретінде жіберу деп қарастырады.

Желі негізінен жекеше мекемелерде болады және әлдебір аумақты алады, аумақтық танымы бойынша мыналарға бөлінеді:


  • Локальдық есептеуіш желілері (ЛЕЖ) немесе Local Area Network (LAN), бір немесе бірнеше жақын орналасқан мекемелерде орналасады. ЛЕЖ негізінен қандай да бір ұйымдарда (корпорация, мекеме) орналасады, сондықтан корпорациялық деп аталады.

  • Үлестірілген компьютерлік желі, глобальды немесе Wide Area Network (WAN), әр түрлі мекемелерде, қалаларда және елдерде орналасып территориялық, араласқан және глобальдық болады.

    Корпорация (лат. corporatіo – бірлестік) - 1) бірлестік, қоғамдастық, одақ; 2) меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы.

    Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.

    Осыдан глобальды желілер 4 түрге бөлінеді: қалалық, аймақтық, ұлттық және трансұлттық. Өте үлекн аумақтық бөлінген желілерге мысал ретінде: Internet, EUNET, Relcom, FIDO-ны атауға болады.

Жалпы жағдайда желі құрамына келесі элементтер кіреді:

  • Желілік компьютер (желілік адаптермен қамтылған);

    Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.



  • Байланыс каналдары (кабельді, спутникті, телефонды, цифрлық, талшықты-оптикалық, радиоканалды және т.б.);

  • Сигнал түрлендірулерінің коптеген түрлері;

  • Желілік құралдар.

Екі түрлі желілік ұғымдарды айырады: коммуникациялық және ақпараттық желі. (1-сурет)

Коммуникациялық желі ақпаратты беруге арналған, және де мәліметтерді түрлендіруге байланысты тапсырмаларды орындайды. Коммуникациялық желі физикалық құралдарды қолдану типімен айырылады.

Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.

Ақпараттық желі ақпаратты сақтауға арналған және ақпараттық системалардан тұрады. Коммуникациялық желі базасында ақпараттық желі тобы құрылуы мүмкін.


Сурет 1 Ақпараттық және коммуникациялық желілер

Компьютерлік желі ақпараттық жүйеден және байланыс каналдарынан тұрады.

Ақпараттық жүйені ақпаратты сақтауға, өңдеуге және беруге болатын обьекті айтуға болады. Ақпараттық жүйе құрамына: ақпаратты өңдеу және мәліметті беру процесіне арналған компьютерлер, программалар, қолданушылар және басқа да құраушылар кіреді. Қолданушының тапсырмаларын орындауға арналған ақпараттық жүйе – жұмыс станциясы (client). Желіде жұмыс станциясы дербес компьютерден айырмашылығы ақпаратты беруге және желілік программалық жабдықтама арналы желілік картасы бар.

Сигнал беретін жолы мен құралын байланыс арнасы деп аталынады. Сигналдарды беру құралдарын абоненттік, физикалық және арна деп татайды.

Байланыс арнасы (data link) желілік құралдар мен физикалық байланыс құралдары арқылы байланыс тізбегі құрылады.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.

Байланыс құралдары (орыс. средства связи) - ұрыста бір жақты не екі жақты байланыс орнатуға арналған техникалық құралдар: радио, радиорелелік, сымды, жылжымалы және сигналдық құралдар, сондай-ақ байланыс ұшақтары мен тікұшақтар.

Физикалық байланыс құралдары есулі ќос өткізгіш, коаксалды кабель, оптикалық канал немесе эфир негізінде құралады. Ақпараттық жүйенің физикалық коммуникациялық желі арнасы және коммуникация әрекеттестігі арасында логикалық арна орнатылады.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Логикалық арна – бір жүйеден басқаға ақпаратты беру жолы. Логикалық арна бір немесе бірнеше физикалық арналар маршруты бойынша қаланады. Логикалық арнаны физикалық канал және коммуникация торабының маршруды деп атауға болады.

Желідегі ақпарат обьектер арасында ауысу процедурасы арқылы ақпарат блоктарымен беріледі. Бұл процедуралар ақпарат алмасу протоколдары деп аталады.

Протокол – екі немесе бірнеше құрылғылар арасындағы ақпарат алмасуының форматы мен процедурасын орнататын ережелер жиынтығы.

Желі жүктелуінің параметрі трафик деп сипатталынады. Трафик (traffic) – ақпарат алмасуының хабарлар ағыны.

Желі сипаттамасына қатынау үрдісі қатты әсер етеді. Қатынау үрдісі дегеніміз - байланыс арнасына келесі болып кім қатынай алатынын және байланыс арнасына кіруді қалай басқаратынын анықтайды.

Барлық жұмыс станциялар физикалық байланыс арналары арқылы байланысқан белгілі структурасы – топология деп аталады. Топология – қандай жұмыс станциялары бір бірімен байланыса алатынын көрсететін физикалық желілік байланысты сипаттайды.

Негізгі элементтер құрамы өзінің архитектурасына байланысты болады. Архитектура – желідегі жұмыс станцияларының өзара әрекеттестігінің функциясы мен құрылымын, анықтайтын байланысты концепция. Ол техникалық және программалық желі құралдарының логикалық, функционалдық және физикалық организациясын қарастырады.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

Архитектура желідегі элементтер аппараты және программалық ќамтамасыз ету құрылуы және жұмыс істеуін анықтайды.

Архитектураның 3 түрі бар: терминал-басты компьютер архитектурасы, клиент-сервер архитектурасы, бір рангілі архитектура.

Жергілікті есептеу желілері бірыңғай және иерархиялық болып бөлінеді. Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз – ресурстары осы сәтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады.

Сервер (ағылш. server) - файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

Жергілікті ресурстың ортаққа айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдарымен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгілейді.

Бірыңғай желілердегі операциялық жүйелер ортақ ақпараттық ресурстардың оқылуын және редакциялануын, «бөтен компьютерден» программаларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралдарын қамтамасыз етеді.

ОЖ Windows 95-те компьютерлік жүйенің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар:



  • MS Exchange программасы – пошталық алмасу программасы, ол хабарлар мен файлдардың нақты пайдаланушыларға (жұмыс станцияларына) немесе топтың барлық пайдаланушыларына жіберілуін қамтамасыз етеді;

  • Shedule программасы әркімнің өз жұмысының кестесін жобалау және қажет болған жағдайда ол жөнінен желідегі жұмыс тобының басқа пайдаланушыларымен бір пікірге келу, келісу құралы (мысалы, ортақ жиналыстарды, бірлесіп істейтін жұмыстардың жай-жапсарын пысықтау үшін).

Иерархиялық желілер. Иерархиялық жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады.

Иерархиялық желілердегі сервер – бөлектенетін ресурстардың тұрақты сақтау қоймасы. Сервердің өзі тек иерархияның одан жоғары деңгейіндегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылықты винчестерлерден, жоғары жылдамдықты желілік картадан (100 Мбит/с жәнеәне одан да көп) тұрады.

Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау амалын арнайы адам мен – желінің басқарушысы белгілейді. Бірлесе пайдаланатын ақпараттың сақталуы үшін жауапкершілік те соның мойнында.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Жергілікті иерархиялық желілерде мәліметтерді өңдеу екі объектінің: клиент пен сервер арасына бөлінген. Клиент, жоғарыда айтып өткеніміздей, жұмысшы станциясы, бұл сөздің мағынасына жұмысшы станциясын пайдаланушыны да қосуға болады. Бірақ, сонымен бірге жұмысшы станциясынан сервердің ресурстарына енуді жүзеге асыратын арнаулы компьютерлік программа да «клиент» деп аталады. Мәліметтерді өңдеу кезінде клиент қандай да бір күрделі немесе арнаулы процедураларды орындау үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы, файлды санау, жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру және т.б.

Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.

Жазба, математикада - қисық сызықтың жазбасы - ұзындығы берілген қисық сызықтың ұзындығына тең болатын түзу кесіндісі. Мұндай кесіндіні іздеу қисық сызықты түзулеу деп аталады. Қисық сызықтың жазбасы деп кейде оның эвольвентасы түсініледі.

Сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, қорытындысын клиентке қайта жібереді. Әдетте, сервер жалпы пайдаланудағы мәліметтерді сақтауға, оларға енуге және мәліметтерді клиентке жолдауға жауап береді. Мәліметтерді алған клиент оларды өңдеп, өңдеудің нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады. Кейде мәліметтерді өңдеуді сондай-ақ сервер де орындайды.

Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалық қамтамасыз ету екі бөліктен тұрады:

- серверде орнатылатын желілік операциялық жүйе;

- жұмыс станциясындағы программалық қамтамасыз ету, бұл жұмыс станциясында бар операциялық жүйенің басқаруында жұмыс істейтiн программалар жиынтығынан тұрады. Әлбетте, әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіге алуан түрлі операциялық жүйелер орнатылуы мүмкін.

Үлкен иерархиялық желілерде желілік операциялық жүйе ретінде UNIX пайдаланылады. Орта көлемдегі желілерде қазіргі уақытта Windows NT желілік операциялық жүйесі қойылады. Мұндайда серверде Windows NT Server деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмысшы станцияларында Windows NT Workstation клиенттік бөлігі орнатылады немесе клиенттің программасы ретінде Windows 95 пайдаланылуы мүмкін.

Серверді иерархиялық желілерде пайдалану жолдарына байланысты серверлердің мынадай типтерін бөліп айтуға болады:

файлдық сервер – бірлесіп өңдейтін файлдар, бірлесіп пайдаланатын программалар сақталатын және оларға пайдаланушы адамның қолы жетуін қамтамасыз етуші компьютер;

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.



деректер базаларының серверідеректер базасы файлдарын сақтау, өңдеу, басқару жәнеәне жұмыс станциясынан келіп түскен сұраныс бойынша ақпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;

басып шығару сервері – басып шығару құрылғысы, қолданушылардың қолы жетуге қолайлы желілер қосылған компьютер, ол басылым сұранысына қызмет етеді, олардың орындалу кезегін ұйымдастырады;

пошта серверіжергілікті желілер бойынша да, ішкі модем бойынша да жіберілетін және алынатын ақпараттар сақтаулы компьютер. Оны пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы кез келген уақытта өз атына келіп түскен ақпаратын жібере алады.

Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

 құжаттарды бірге пайдалану;

 құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ әр түрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

 компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

 сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;

 қымбат тұратын қорларды – принтерлерді, CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік процессорларды немесе мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б.


Қазіргі кездегі желілерді көптеген түрге жіктеуге болады: компьютердің қашықтығы, топологиясы, тағайындалуы, қызметтің берілу тізімі, басқару принципі, коммутация методтары, қатынау методы, жіберу орта түрі, мәліметті беру жылдамдығы және т.б..

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.



Желілерді қолдану артықшылығы

Компьютерлік желілер адамдар мен компьютер арасында мәліметті беру және жеткізу жылдамдығын беретін ынтымақтастық нұсқасы. Компьютерлерді бір-біріне біріктіруді 30 жыл бұрын бастады. Компьютерлердің мүмкіндігі өсіп және ДК-лер әр-біреуге қол жеткізерлік.

Желіге қосылған компьютерлер ақпаратты алмасуда, ақпаратты сақтау құрылғысы және перифериялық құралдарды қолданады

Ресурс пен ақпаратты желі арқылы бөлуге болады. Төменде жеке компьютер көмегімен орындау қиын болатын, желідегі жұмыс станциясының көмегімен шығарылатын негізгі тапсырмалар берілген:

Компьютерлік желі перифериялық құралдарды қолдануға мүмкіндік береді:


  • Принтерлер;

  • Плоттерлер;

  • Дисктік жинақтауыштар;

  • Приводтар CD-ROM;

  • Дисковод;

  • Стриммерлер;

  • Сканерлер;

  • Факс модемдері;

Ақпараттық ресурспен бірге компьютерлік желіні қолдануға мүмкіндік береді:

  • Каталогтар;

  • Файлдар;

  • қолданбалы бағдарламалар;

  • ойындар;

  • мәліметтер қоры;

  • тексттік процессор.

Компьютерлік желі мәліметтер бүтіндігін сақтап ортақ мәліметтер қоры және файл мен жазбалардың бўєаттап, қатынау мүмкіндігімен қамтамассыз етіп, коппайдаланушы программамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді кез келген ЛВС стандарттында құрылған программаларды басқа да желілерде қолдануға болады.

Ресурстың үйлесімді қолданылуы уақыт пен қорларды үнемдейді. Мысалы, принтерді коллективті жұмыс орнында қолдану кезінде барлығына бір принтер сатып алу әр біреуіне жеке сатып алуынан әлдеқайда үнемді және жұмысшылармен дискедамен жүгірмей ақ желі арқылы мәліметті басып шығаруға болады.

Электронды почта ұйымдастығы. ЛВС-ты почталық қызмет ретінде ғана емес сонымен қатар қызметтік жазбаларды, баяндамаларды және де басқа қолданудыларға хабарлама жазуға болады.

Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.



Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:

1) Компьютерлік желі түрлеріне өмірде мысал келтіру

2) Глобальды желіге қатынауды іске асыру

3) Жергілікті желіге қосылу элементтерімен жұмыс жасау



Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,5,6,7,8,11,13
Тақырып №2. Желінің есептеу топологиясы

Дәрістің мақсаты: Желінің есептеу топологиясымен танысу

Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:

  1. Топология ұғымын қарасытыру

  2. Жұлдызша топологиясымен танысу

  3. Сақина топологиясымен танысу

  4. Шина топологиясымен танысу

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).
  1   2   3

  • Тақырып №1. Компьютерлік желі
  • Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар: Желі ұғымын
  • Сигналдарды
  • Өзін-өзі тексеру тапсырмалары
  • Әдебиеттер тізімі
  • Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).

  • жүктеу 384.33 Kb.