Главная страница
Контакты

    Басты бет


1 Дәріс. Жергілікті жылқы тұқымдарын бағалау

жүктеу 284.89 Kb.



жүктеу 284.89 Kb.
Дата15.03.2019
өлшемі284.89 Kb.

1 Дәріс. Жергілікті жылқы тұқымдарын бағалау


1 Дәріс. Жергілікті жылқы тұқымдарын бағалау. Бонитировка- тұқымды селекциялаудың жоғары элементі. Бағалау нәтижесінде жылқының тұқымдылығы, сапалылығы, құны анықталады. Бағалаудың басты мақсаты Шығыс аудандарында азық- түлікке, жұмысқа жарамды жергілікті тұқымды жылқылардың сарқылмас қорын сақтау. Бұл қосымшада адай,алтай, жергілікті алтай, башқұрт, бұйрат, жоғары енисей, жабы, көшім, жаңақырғыз, туба тұқымдарына тиісті талаптар ескерілген. Етті, сүтті шаруашылықтардағы жергілікті жылқы тұқымдарын комплексті бағалау негізінде, олардың шығу тегі, түрі, өлшемдері мен салмағы, мүсіні, биенің сүттілігі мен бейімділік қасиеттері, тұқымының сапалығы анықталады.

Салмақ - Жер бетіне жақын тұрған денеге әсер ететін ауырлық күшінің сандық шамасы: P=mg, мұндағы m - дене массасы, g - еркін түсу үдеуі (немесе ауырлық күшінің үдеуі). Дененің массасы тұрақты шама, ал g мәні Жер бетіндегі ендікке және теңіз деңгейінен есептелетін биіктікке байланысты (мысалы, Алматы үшін g=9,804м/с2) өзгеретіндіктен, оған сәйкес дененің салмағы да өзгереді.

Бағалау қыркүйек, қазан айларында өткізіледі. Әрбір көрсеткіш 10 баллдық шкала бойынша бағаланады. Бірінші бағалау және тұқымдық топқа іріктеу сүттілігі мен тұқымдық сапалығынан басқа, барлық көрсеткіштер бойынша екі жарым жасында өткізіледі. Жаңа құрылып жатқан фермаларда сақа жылқыларды да бағалайды. Жылқыларды екінші бағалау олардың барлық сапалық ерекшеліктерін, сүттілігін, тұқымдық бағасын ескере отырып бес жарым жасында өткізіледі. Алты, сегіз айлық және бір жарым жастағы төлдер бағалаудан өткізілмейді. Он баллдық шкала бойынша олардың түрі, мүсіні, қоңдылығы тексеріледі. Кейін бұл деректер би мен айғырдың тұқымдық сапасын бағалаған кезде, жеке төлдерді тұқым тобына іріктеген кезде қолданылады. Етті- сүтті жылқы шаруашылығына асыл тұқымды жылқыларды қабылдау күшті дамыған жоғары зоотехникалық өнім алуға әсерін тигізеді. Мал сапасын бағалауды, арнайы білімі бар зоотехник- бонитер жүргізеді. Шаруашылық басшылары мен мамандары олардың жұмысына жақсы жағдай туғызып отыруы қажет.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.

Жылқы басын бағалау және зоотехникалық, мал- дәрігерлік өңдеуден өткізу үшін шаруашылықтарда арнайы типті баз, раскол, раскол бөлімдері, 6-8 секциядан тұратын баз бөлімшелері болуы кеек. Расколдың ішінде әдейі жылқы түрінің түлігін өлшейтін 1-3 тонналық өлшеуіш орнатылуы қажет. Жылқының дұрыс өлшемдерін алу үшін расколдың едені қалың, әрі бірдей түзу тақтайдан жасалады. Жылқы денесінің өлшемдері өлшегіш таяқ, ұзындық өлшеуіштердің көмегі арқылы анықталады. Бағалау кезінде жылқыларды міндетті түрде өлшеу керек. Әр жылқының мүсіні мен түрінің бағасын баз бөлімшелерінде тірілей салмағы мен ден өлшемдері анықталғаннан кейін береді. Бағалау принциптері: комплексті бағалау кезінде жылқыларды үш класқа бөледі.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Элита класына селекция талаптарына сай келетін асыл тұқымды жылқыларды. Бірінші класқа негізінен тұқым талаптарыа сай келетін жылқыларды. Екінші класқа тұқымдық қасиеттері бар қалған жылқыларды жатқызады. Әр класқа сай, барлық көрсеткіштер бойынша баға балл есебімен анықталады. Мысалы, биенің барлық сапасы 8 балл, ал мүсіні 6 балл, басқа көрсеткіштері бойынша ол элита класының талабына сай келгенімен оны 1-ші класқа жатқызып отыр. Егер жылқы бір ерекшелігіне байланысты жеткіліксіз 1 балл ала алмаған жағдайда, зоотехник- бонитер оның кемшілігін ескермей тиісті класына жатқыза алады. Ал етті шаруашылықт шоқтығының биіктігінен басқа өлшем көрсеткіштері мен тірілей салмағын, қымыз өндіруде сүтберу көрсеткіштерін ескермеуге, яғн кемітуге болмайды. 2 Дәріс. Жылқы шаруашылығындағы мал тұқымын асылдандыру жұмыстары. Жылқы тұқымын асылдандырудың негізгі мақсаты- өсіріп отырған малды одан әрі жетілдіріп, іріктеу және жұптау әдістері арқылы жылқының сапасын арттыру. Жылқы сапасы деген ұғымға төмендегілер жатады: түрі, өлшемдері, салмағы, жұмыс қабілетілігі, шыдамдылы,ы, өнімділігі және т.б. ерекшеліктері. Бұл сапаларды халық шаруашылығының талаптарына сай дамытып, өзгертіп отырады.

Ұлттық экономика -қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).

М емлекеттік асыл тұқымдылар кітабымен және ол арқылы жұптау және іріктеу әдістерімен танысады. Магистранттар шежіре жасауды, оны қорытындылап бағалауды және ол бойынша жылқының қандығын, инбридинг дәрежесін, ішкі линиялы өсуін, будандастыру түрін анықтайды және еркек линиясы мен ұрғашы тұқымдасы бойынша генеологиялық кесте құрастырады.

Будандастыру - тұқым қуалаушылық (нәсілдік) қасиеттерінде өзгешелігі бар екі организмді шағылыстыру арқылы будан алу. Б. з. б. 2-мыңжылдықта белгілі болған, 18 ғасырдан бастап ғылыми жолға қойылды. 1760 ж.

Шежіре, (арабша шаджарат - бұтақ, тармақ) - тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі.

Жылқының сырт пішіні туралы сабақта басталған сапасын бағалу жұмыстары мал тұқымын асылдандыру сабақтарында одан әрі жалғастырылады. Өндіріс кезінде тұқымдық жылқылардың сапасын бағалап, оның ақшалай бағасын анықтайды,тұқым мал құжаттарын толтырып, горизонтальді, вертикальді және структуралық шежірелер жасайды, жылқыларды жұптап, сұрыптайды және асылдандыру жұмыстарының жоспарын даярлауға мәліметтер әзірлейді. Мал тұқымын асылдандыру жұмысы жөніндегі лабораториялық сабақтарды мемлекеттік асыл тұқымдылар кітабын оқып- үйренуден бастаған жөн.

Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Шежіре кестесін жасау үшін және оны қортындылау үшін алғашында елде ең көп тараған Орловтың желісті тұқымының үздік өндіргіш айғырларын таңдап алады. Желістілер шежіресінде жылқының атынан басқа МАТҚ кітабы бойынша нөмірін көрсетеді, ал атынан кейін 1600- м-ге рекордын және дүниеге келген жылын көрсетеді. Жылқы шаруашылығындағы тұқымды асылдандыру жұмыстары- бұл мал шаруашылығы өнімдерін молайту ғана емес, сонымен бірге қыруар мал өнімдерін үнемдеудің, ауыл шаруашылығында еңбек және материалдық шығындарды қысқартудың нақты тиімді жолы.

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.

Асыл тұқымды мал шаруашылығының негізгі мақсаты- жылқыларды әбден толық жетілдіру, халық шаруашылығына және жылқы спортына қажетті тұқымды жаңадан өсіріп шығару. Малды асылдандыру жұмыстарына мал өсіру әдістері, сұрыптау, жұп таңдау, бағып- күту технологиясы, азықтандыру, жарату, сынау және жылқыны бағалау жатады. Жылқыны бағып- күту әдістері, оны өсіру бағыты колхоздар мен совхоздардың, жылқы заводтарының технологиялық дәрежесіне байланысты таңдалып алынады. Жылқы шаруашылығымен айналысатын колхоздар мен совхоздардың негізгі мақсаты: жұмысқа қабілетті және тұқымдық жылқыларды асылдандыру және өндірістік, тікелей және ауыспалы шағылыстыру жолымен жақсарта отырып пайдалану.

Шағылыстыру - күйлеген аналық малды аталық малмен табиғи және қолдан ұрықтандыру әдістері. Мал организмі толысқан кезде айғыр мен бие 3 жасында, бұқа мен қашар 15 - 18 айлығында, қошқар мен тұсақ 12 - 18 айлығында, қабан мен мегежін 10 - 12 айлығында тұңғыш рет шағылысқа қосылады.

Жылқының сапасын бағалау. Малды сұрыптауға, жалпы мал тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастыруға байланысты жүргізілетін малдың сапасын бағалау жатады. Бонитировка дегеніміз- малды тұқымдық қасиеті мен өніміне қарай бағалау. Барлық шаруашылықтарда бонитировка жыл сайын жүргізілуі тиіс. Бонитировканы әр малдың дене бітімін, түртұлғасын өсімдік қасиеттерін көзбен көріп және алғашқы зоотехникалық есеп құжаттары негізінде баға беріп, ата- тегі және ұрпағының сапасы туралы мәліметтерге сүйене отырып жасайды. Малдың сапасын бағалау кезінде оның тұқымдық түріне қойылатын талаптарға сай жақсылары таңдап алынып, тұқымдық және өнімділік құндылығына қарай элита- рекорд, элита, бірінші ,екінші, үшінші деген сияқты кластық топтарға бөлінеді. Ал нашарлары асыл тұқымдыға жатқызылмай, жарамсызға шығарылады. Әр класты тегіне қарап, үш категорияға бөледі. Бірінші категорияға баллдық бағасы осы категорияға белгіленген минимальді талаптардан бір немесе бірнеше белгісі бойынша жоғары, ал қалған белгілері бойынша талапқа сай келетін жылқылар жатқызылады. Екінші категорияға баллдық бағасы барлық бонитировка белгілері бойынша осы класқа белгіленген минимальді талаптарға сай жылқылар жатады. Осы категорияға сонымен қатар баллдық бағасы бір не бірнеше белгілері бойынша осы минимальді талаптардан кем түсетін жылқылар да жатады. Үшінші категорияға бірінші және екінші категорияларға жатпайтын тұқымдық жылқылар жатқызылады. 3 Дәріс. Жылқы тұқымдары. Жылқы тұқымдарын топтау. Жергілікті тұқымдар Далалық: монғол, бұйрат, забайкал, қазақ және башқұрт тұқымдары. Таулы: алтай, қырғыз, лоқай, қарабах, әзірбайжан, тушин, мергель, дағыстан, гуцул, босний, фиорид, гафлинг. Орманды :якут, приоб, тавдин, вят, печор, мезен, эстон, жмуд, полес, поляк, копчик және кониктер, фин тұқымдары. Пони: шотланд, исланд, уэльск, ньюфорестск, эксмур, дортмур фелл, дейл, хайланд, конемара, готланд тұқымдары. Заводтық және көшпелі (ауыспалы) тұқымдары Мінгі: ахалтеке, иомурд, персид, араб, варварий, шагия,стрелец, тер, таза қанды мінгі тракенен,ағылшын араб, орыс мінгісі. Мінгі- жеккі: дондық, буденнов, костанай, жаңақырғыз, қарабайыр, қабардин, ағылшын-қабардин, украин, көшім, лепицан, ағылшын- норманд, ганновер, гольштин, остфриз, гронинг, нониус, фуриозо, пшедсвит, гидран, малопольская, великополь, шығыс больгар, плевен, қыдыруға арналған теннесин, аппалуза, паломино, пинто, фридериксборг, кнаботуп тұқымдары. Жеңіл жеккі: орлов, орыс желістісі, американ стандартбред, морган, француз желістісі, клевеланд, хакнэ, фриз, дунай тұқымдары. Ауыр жүк тартқыш: орыс және кеңес ауыр жүк тартқышы, литва ауыр жүк тартқышы, владимир, шайр, кляйдесдал, суффольск, першерон, булон, арден, бретон, брабансон, рейн және саксон ауыр жүк тартұыштары, ютланд, торий, поляк ауыр жүк тартқышы тұқымдары. Жеккі : латвия, жемайчю, белорусс, воронеж, кузнецк, чумыш, кладруб, ольденбург, силез, гудбрансдаль, терістік швед тұқымдары. Жылқы тұқымдарының көп болуы- адам талабының алуан түрлілігіне және олардың әр алуан түрлі жағдайда ұдайы өндірілуіне байланысты. Жылқы тұқымдарының жаңа түрі халық шаруашылығының талабына сай шығарылады. 4 Дәріс. Жылқы аурулары Делбе- вирус қоздыратын жұқпалы індет. Ол негізінен малдардың орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылып, асқазан- ішектің дәнекер кілегей қабықшалары сарғайып, көбіне жіті күйде өтетін дерт. Қоздырғышы – әлі толық топшыланбаған вирус. Оның тұрқы домалақ, 80-1,0 нм. Біздің елде бұл індеттің екі түр- тармағы бар: біріншісі- Москва және Воронеж облыстарынан бөлінген вирус, екінші тармағына Қазақстанда 1932 жылы С.Н.Вышелесский мен К.Н.Буснев анықтап, оның биологиялық қасиетін зерттеген вирус штаммы жатады. Эпизоотологиясы .табиғи жағдайда індетпен 2-12 жастағы жылқы ғана ауырады. Негізінен ауруға тебін жылқылары бейім келеді. Індет көзі- ауру мал. Ауру шыққан шаруашылықта жылқылардың қан сарысуын РСҚ реакциясының көмегімен тексеретін болса, онда көптеген малдың жасырын түрде ауырып жүргенін анықтауға болады. Вирус қоздырғышын маса, кене тағы басқа да шыбын- шіркейлер тасымалдайды. Ауру мамыр айынан басталып, күзге дейін созылады. Бұл ауруға мал, әсіресе қыркүйек айында көп шалдығады. Аурудың өршуі және оның белгілері. Ауру өте жіті, созылмалы және жасырын түрде өршиді. Оның өте жасырын түрі 3-5 күнге созылады. Мұнда мал денесінің қызуы көтеріліп, күйзеледі, от- суға қарамайды,терісінің сезімталдығы жойылып,аздап сарғыш тартады. Сонымен қатар ауруға шалдыққан мал тез болдырады, аузынансілекей ағып, ерні жыбырлайды. Аурудан сақтандыру шаралары.

Созылмалы - бұл бірден жазылып кете коймайтын, емдік шараларды қолданып үнемі сақталып жүруді қажет ететін ауруларға қолданылатын термин.

Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.

Сақтық шаралары негізінен организмнің ауруға қарсы тұру қабілетін күшейтуге бағытталған.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Оларды сапалы азықпен азықтандырып, жақсы бағып- күту керек. Қан Аздық Центтік ерітіндісімен дезинфекция жасайды. Жылқының жұқпалы қан аздығы- жіті және созылмалы түрде өтетін жұп тұяқтылардың вирусты індеті. Оған шалдыққан жылқы денесінің қызуы көтеріліп, қан азаю белгілері білінеді, ауырған, ауруға шалдыққан малдың жүрек, қан айналу жүйесінің қызметі нашарлап, әлсірейді. Қоздырғышы РНҚ- дан тұратын күрделі вирус. Оның тұрқы домалақ, ұзындығы 90-140 нм құрамында транекриптоза ферменті мен қанының қызыл түсті түйіршіктерін өзара желімдейтін қасиеті бар. Сақау Сақау – жылқы түлігінде болатын жұқпалы індет. Онымен жылқы, есек және қашыр ауырады. Құлын, жабағылар ауруға тез шалдыққыш келеді. Ауырған мал денесінің қызуы көтеріліп, көзі мен танауының кілегейлі қабықтары қызарып қабынады, алқым бездері іріңдеп, ісінеді.

Қабық (Оболочка; cladding) -сәулежолдың өзекшесін қоршайтын және өзекшемен салыстырғанда сыну көрсеткіші төмен болатын оптикалық материал.Қабықтар, әдетте, көп қабатты болады. Талшықтың беріктігін, соққылардың жұтылуын және қоршаған ортаның әсерінен қосымша қорғауды қамтамасыз ету үшін пластиктен дайындалады.

Сальмонеллез Бұл өте жұқпалы, әрі зілді ауру. Осы індетке ұшыраған бие кенеттен іш тастайды. Ауруға негізінен көктемгі немесе күзгі маусымда шалдығады. Қоздырғышы- қозғалғыш, таяқша тәрізді, барлық аналит бояуларымен боялады, спора түзеді. Олар кәдімгі жасанды қоректерде өсіп- өне береді. Эпизоотологиясы. Көбіне бұл індетке жас жылқы, әсіресе байталдар шалдыққыш келеді.жаңа туған құлындар да ауырады. Тұмау Бұл аурумен барлық жылқы тұқымы ауырады. Осы ауруға шалдыққан мал көзінің, танауының, аузының кілегейлі қабықтары қабынып, денесінің қызуы көтеріледі. Бұл жіті түрде өтетін зілді де жұқпалы індет. Оның салдарынан жоғары тыныс жолының ішкі қабығының қызметі өзгере бастайды, ауру аса асқынған кезде мал жөтеліп, аузы құрғап, өкпе тканінде қабыну процесі басталады. Қоздырғышы – сопақшалау келген және бір-бірімен қашық жататын, жіп тәрізді РНҚ-дан тұратын уытты вирус. 5 Дәріс. Жылқыларды үйрету, жарату және сынау. Жаратудың биологиялық мәні – пайдалы жүйкелі рефлекстеріне дағдыландыру, тыныс пен қозғалыстың синхрондылығына үйрету, бұлшық ет, тыныс алу және жүрек – тамыр жүйелерін белгілі бір дене ауырлығы түскенде қажетті функцияларды орындауға бейімдеуде. Жылқыны бастықтыру – оны пайдалану тәсілдеріне үйрету мен дамытудың барлық түрін қамтиды. Бастықтырудың негізгі мақсаты әр түрлі жұмыстарды бірте –бірте жүйелі түрде алмастыру арқылы, жүктің салмағын көбейте отырып,жылқыны болдыртпайтындай дұрыс және басқарылатын қимылдарға үйрету және жұмыскерлігін төмендететін зиянды рефлекстері жоқ, адамға толық және дұрыс бағынып, оның барлық талабын орындайтын жылқы етіп үйрету.

Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.

Құлындарда бас үйрету. Дүниеге келген құлынды адамға бірте – бірте үйретеді. Оны құлынның үстін есілген сабанмен және щеткамен тазалаудан бастайды, тұқай тазалау үшін аяғын көтеруді және ноқтамен жетекке жүруді үйретеді. Ипподромда жылқының жұмыс қабілетін анықта үшін арнайы сынаулар өткізіледі. Сынау кезінде қабілеттілігіне және алдыңғы көрсеткен қимыл – қозғалысының нәтижесіне байланысты жылқыларды жүйесімен жазады. Жүлде сапасын баллмен көрсетеді. Жүлделер топты, топсыз, шектелген, ашық, иесі аталған және дәстүрлі деп бөлінеді. Еліміздің 1600 м қашықтық бойынша желіс бәйгесінің рекорды 1 мин 58,7 сек-қа тең. Мінгі жылқыны бас үйрету. Тобымен тренинг өткен тұқымдық мінгі жылқылардың бас үйретуін 1-1,5 жасында тамыздың ортасынан бастап1-2 ай бойына өткізеді. Құлынды жүгенге, терлікке, ерге, салт мінуге, тізгінмен меңгеруге және түрлі желіс қозғалыстарын енгізеді. 6 Дәріс. Аттың жегі саймандары, арбалар жегу, ер тоқым және атты ерттеу. Аттың жегу құралдары. Жылқының өнімді жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оны жарақаттамау үщін әр атқа өзіне сай келетін жегу құралдарын таңдап алу керек. Елімізде біратты және қосатты жегу құралдары кең тараған. Жегу құралдарын доға тәрізді, доғасыз, транспорттық ауыл шаруашылық және көшпелі деп бөледі. Жүгенді атты меңгеру үшін пайдаланады. Ол : желке, маңдай, жақ, иек томаға қайыстарынан екі шығыршықты шайнары бар ауыздықтан және бүлдіргісі бар делбеден тұрады. Желке мен ұрт қайыстарын өзгерте отырып, ауыздық езуді тартып тастамайтындай не бос қалматындай етіп, жүгенді аттың басына жымдастырады. Иек пен жақ қайысының арасында алақан сиярлық орын қалуы керек. Қамыт- жегу құралдарының негізгі бөлігі, ол екі ағаш не темірден жасалған қамыттан, қамыт шұжығынан, киізден жасалған астардан, тері қақпақтан дәнекеркерлеп жабыстырылған қайыстан, қамыттың тамақ және екі құлақ бауынан тұрады. Өндірсте қамыттың біраттылық, қос аттылық жүк таситын аттар үшін, стандартты ауыл шаруашылығындағы аттарға арналған түрлері бар. Құйысқан. Ер- тоқым аттың мойынына кетпеу үшін тағылатын тұрман. Құйысқанда екі жақтау, екі жарым, екі жаңбырлықтағы салпыншақ, бір сауыр үзбе, екі жаңбырлық үзбе тұрады. Ер- тоқымның басқа тұрманы қалай болса, бұл да солай жасалынады. Жартылай жәмшік және жұмысшы аттардың өмілдірігі жиекше, арқалық, көлденен, еңкіс және бүйір сырғалықтары, қайыстардан тұрады. Ол аттың бүкіл денесін қамтиды және арбаны таудан түскен кезде ұстау үшін, атты тежеп кейін шегіндіру үшін қолданады. Өмілдірік аттың қозғалысына кедергі жасамауы керек. Өмілдірікті дұрыс қиылыстырған кезде, жиекше қайыс пен құйымшақ бұдырмағының астына алақан сиюы керек. Ер-тоқым. Атқа мініп- түсуге лайықтандырылған, ер тоқымды ат үстіне бекітетін бүкіл тұрманы толық, атқа ерттей салып, айылын тарқан соң, міне жөнелуге дайын тұрған тас түйін жабдық. Ер. Ердің ағаш қанқасы. Аттың басарқасын баспайтын етіп, жасалған ер- тоқымның негізгі ағаш бөлігі. Құранды ер. Қас, қаптал түгелімен ағаш бөлшектерінен тарамыс, желіммен біріктірілген, сырты сірімен қапталған екі түрі . ішпек тоқымның үстінен, екі қапталының астынан қойылатын екі бөлік жасалған желдігі де болады. Ойма ер. Алдыңғы , артқы қас, екі қаптал, белағаш деп аталатын екі бөлек жасалған желдігі де болады. Ойма ер, ойма қасты ер деп аталады. Қас. Қазақты ерде алдыңғы және артқы қас болады. Алдыңғы қасы ілгері қарай сәл кергітіп, тіркеу қойылады, артқы қасқа қарағанда сәл биіктеу келеді. Артқы қас сәл аласа, үсті кең. 7 Дәріс. Жұмысшы жылқыларын күту, тазалау, тағалау, суару және пайдалану. Жылқыны күтудің негізгі ережелері.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.

Жылқының темпераметін ескере отырып, оған батыл әрі жылы шыраймен қарай білген жөн. Жылқыны кермеде тұрғанда бұруға болмайды, оны кермеден артқа шегіндіріп алып шығады. Жылқы күтімі үшін щетка, муыт, ат тарақ, ағаш қалып үгілген сабан, ағаш пышақ немесе тұяқ тазалайтын ілмек және тұяқтарын тазалау үшін 3-4 жылқыға бір шелек қажет. Жылқыны тазалау қысқа ағашқа байлайды. Жылқыны сол жағынан бастап тазалайды. Ол үшін щетканы сол қолға, ал ат тарақты тістерін жоғары қаратып оң қолға ұстайды. Сосын оң қолдың ортаңғы саусағымен ноқтаны жылқының құлағына қарай шегіне жеткенше апарады да, иек қайысты қоса алып, жылқының құлағына жетпейтіндей етіп ноқтаны тартып ұстайды. Басын желкеден төмен қарай, сосын құлағы мен көзінің айналысын тазалайды. Бастың сол жағын тазалып болып, мойнының сол жағына, сол жақ аяқ –қолын, кеудесін, сауырын және артқы аяқ- қолдарын тазалауға кіріседі. Мойны мен кеудесін тазалағанда аяғын жерге нық етіп кең қойып, жылқыға бетімен қарап тұрады. Бұл қырынан тұрған жылқының көп қозғалмай денесінің біраз бөлігін тазалуға мүмкіндік береді. Мойын не кеуде бойымен қолды кең сермеп щетканы жайлап түгіне қарсы, ал содан кейін оның бойымен күш түсіре қозғайды. Әр қозғалғанда бір жерін қайта-қайта үйкелмей, терінің жаңа бөлігін алып отырады. Жылқыны түгінен 3-4 рет өткізгенен кейін щетканы ат тарақпен тазалайды. Ат тарақтағы жиналған шаң мен ласты ағаш жаңғырыққа жеңіл соғу арқылы түсіреді. Ат тарақтың шаңын үріп тазалайды. Сол жағын түгел тазалап болған соң, оң жағына көшеді, ендң щетканы оң қолына, ал ат тарақты сол қолына ұстайды. Щетканы тазалап болған соң теріде қалған щаң мен қайығақты дымқыл түкті шүберекпен сүртіп алады. Соңынан жылқыны тағы да дымқыл шүберкпен сүртіп, жылтырау үшін щеткамен тарайды. Жылқының терісін жауып тұрған түктерін тазалап болғаннан кейін жал, құйрық , кекіл секілді қорғаныш шаштарын тазалауға кіріседі. Жал мен құйрықты тазалау үшін тарақты пайдалануға болады. Жал мен кекілді тазалауды шаштарын саусақтармен айырудан бастайды. Сол қолымен жалдың бір бөлігін алып, жабысқан шаштарын біртендеп айырады. Шаш талшықтарын таза және дымқыл шүберекпен дұрыстап сүртеді. Жал мен кекілдің басқа бөліктерін де осылай айырып тазалайды. Соңынан жалды щеткамен шаш бойымен жоғарыдан төмен қарай тарайды. Құйрықты соңғы құйрық омытқасының қасынан ұстап тұрып, шаңы кету үшін бірнеше рет сілкиді.Жылқыны электр жүйесі бар щаңсорғыш пен немесе стационарлық вакуум қондырғыларын пайдалана отырып тазалайды. 8 Дәріс. Жылқының сүт өнімділігі. Елімізде 50 мыңнан астам бие сауылып, жүздеген қымыз фермалары мен қымыз емханалары жұмыс істейді. Қазақ республикасында жылына 40-50 мың тонна қымыз өндіруді жоспарлануда. 6-8 ай сауын мерзіміндегі биенің сүт өнімділігі орташа есеппен сүті аз малда 700-1500 л, сүттілігі орташа 1500-2500 л және сүттілігі жоғары малда 2600-3000 л болады. Сүттіліктің индексі және өндірілген сүттің салыстырмалы мөлшері малдың 100 кг салмағынан, аборигенді қазақы, қырғыз, башқұрт, якут тұқымдарында көп. Бие сүтінің мөлшерін есептеу, еңбекті көп қажет ететін тым ауыр жұмыс. Алғашқы емізген айларда биенің сүттілігін құлының қосымша салмағына байланысты анықтайды. Жылқының құлынын айырғаннан кейін, күндіз 12 сағат бойына әрбір 2 сағат сатын 6 рет қайталып сауады. Іс жүзінде әрбір 2 сағат сайын мұқият саууға мүмкіндік бола бермейді. Осы себепті әрбір сауынның, әсіресе сауынның уақытын минутына дейін жазып отырған дұрыс. Бұл алынған мәлімметтер бір тәулік ішінде сауылған сүттің мөлшерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді. Биенің сүттілігін анықтау үшін бақылау сауымен қатарынан 2 күн жүргізген дұрыс. Қымыз дайындау. Қымыз дегеніміз- бие сүті қышқылдарын белоктармен, ашытқымен ашыту арқылы алынатын қышқылтым сусын.

Қарапайым мәнде ашытқы дегеніміз - тағамдық ортаға қосқанда ашу процесін түзетін кез келген органикалық зат. Бұл мағынада аспаздық тәжірибесінде ашытқыларға шарап сірке суы, құрғақ, қышқыл жүзім шарабы, сыражатады, олар тез, бірақ қысқа мерзімге әрекет етеді.

Қышқыл - химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді.

Қымыздың сапасының жоғары болуы, оның емдік қасиеті – көп жағдайда бие сүтінің сапасына байланысты. Қымыздың дертке дауа, тамаша шипалық қасиеттеріне ашытқылары ғана әсер етпейді. Бие сүтінің табиғи ерекшелігі сондай, оны ашыту процесінде микроорганизмдерден антибиоткалық заттар пайда болады. 1 литр қымызда 20 г қоректік белок бар, ол орташа қоңдылықтағы сиырдың 100 г етіне тең келеді. Қымыз организмге тез сіңетін қоректі және минералды заттардан, сондай- ақ көмірқышқылы қоспаларынан , сүт қышқылынан және спирттен тұрады. Бұлар нерв жүйесін сергітіп, асқорыту процесіне ықпал етіп, қан айналу жұмысын жақсартады. Қымыз өндіру үшін дені сау биені қолданамыз. 9 Дәріс Жылқыны ұрықтандыру тәсілдері. Жылқылардың жыныстық жетілуі 1-1,5 жасынан басталады, бірақ шағылысқа оларды 3 жастан бұрын қоспайды. Табында бағылатын жергілікті тұқымды жылқылар баяу жетіледі, ал ауыр жүк тартатын және таза қанды мінгі тұқымдық жылқылар өте тез жетіледі. Тез жетілген жылқылар тез дамиды да, жыныстық жетілуі кемеліне тез жетеді, бірақ ерте қартаяды. Айғырлар биеге қарағанда тұқымдық қолданылуы ұзағырақ. Шағылыстыру өткізу мерзімдері. Ат қорада ұстағанда жылқыларды ақпанның 15-нен шілденің 15-не дейін, ал табында ұстағанда 18-інші көкектен тамыздың 1-іне дейін шағылыстырады. Ауа райына байланысты бұл белгіленген мерзімдердің өзгеруі мүмкін. Биені ұрықтандыру тәсілдері. Үйірде шағылыстыру жылқы үшін табиғи нәрсе және ол биелердің көп құлындауына әсер етеді. Байтал шағылыстыру үйірде шағылыстыруға жатықпаған айғырларды пайдалануда қолданылады. Қолдан шағылыстыру жылқыны ат қорада бағатын шаруашылықтарда жиі қолданылады. Сынақ кезінде айғырлардың көмегімен күйіті келген биелерді табады. Мәдени-табынды жылқы шаруашылығында аралас шағылыстыру қолданылады. Қолдан ұрықтандыру-басқа да мал шаруашылығы салаларындағыдай жылқы шаруашылығында жақсы тұқымды аталық малдарды барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Ұрықтың сапасын анықтау. Айғырдың ұрығын шағылыс маусымының алдында үш күн бойы күніне екі рет, ал шағылыс басталған кезде айына бір рет алып тексереді. Қолдан ұрықтандырғанда ұрықты күнде биеге салар алдында тексереді. Ұрықты көлеміне, құрамына, қозғалысына және ұрықтың тірі қалу қасиеттеріне қарап бағалайды, Эякуляттың көлемін (мл) өлшегіш цилиндрмен не стаканмен, ұрықтың құрамын стандартпен, қозғалысын көз шамамен анықтайды. Қозғалысы (активтігі). Ұрықтың қозғалысы баллмен анықталады (0,1-ден 1-ге дейін). Ұрықты қозғалысына қарай: активті алға басқан, тербелген, манежді қозғалысты және қозғалыссыз деп бөледі. Ұрықтың тірі қалғыштығын тек араласқан ұрықтардан сағат өлшемімен анықтайды. Бұл үшін уақыт белгілейді де, сол уақыт аралығында 39-40°-та микроскоптың көмегімен активті алға қозғалатын ұрықты бақылайды. Биенің сынақ және шағылыс мезгілдері. Қысыр не жас биелерді алғашқы рет шағылыстыру алдында, шағылыстыру мерзімі басталғаннан бір күннен кейін сынайды, ал құлынданған биелерді құлынданған соң 5 күннен кейін күйіті келгенше күн сайын сынайды. Күйітінің 3-ші, 4-ші дәрежесінің сыртқы белгілері жақсы көрінгенде биені шағылыстыруға не қолдан ұрықтандыруға жібереді және мұны әр 24 -28 сағат сайын күйіті қайтқанша қайталай береді. 10 Дәріс. Жылқының дене мүшелері, түр-түсі, ен-таңбасы және басқа белгілері. Жылқыны бір-бірінен айыруға көмектесетін ең басты белгі – түсі, ен-танбасы және белгілері. Бұз белгілер жылқыларды зоотехникалық және мал дәрігерлік есепке алғанда және инвентаризация кезінде, яғни түгелдеген кезде қысқа турде көрсетілуі керек. Аталған белгілер жылқылардың өздеріне берілген құжаттарға сай келу-келмеуін анықтайды. Жылқының түсі оны өсіріп-өндіруде тұқымы мен шыққан тегінің белгісі ретінде пайдаланылады. Жирен, аққұла, (ақ жал сары), шұбар, тағы басқа бірнеше түсті жылқылар басқаларға қарағанда жоғарырақ бағаланады. Жылқы заводтарында ен-танбасы мен түсін анықтауды құлын дүниеге келген сон үшінші күні, төлді өндірістік құрамға ауыстырғанда, бонтировкалағанда, тұқымдық жіне ветеринарлық куәлік берген кезде жүргізеді.

Ветеринария; (лат. veterinarius - малды бағып-қарайтын қызметкер, жануарларды емдейтін маман) - жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, мал дәрігерлік сараптау және тексеру арқылы санитарлық тұрғыдан таза жануарлар өнімдерін өндіру нәтижесінде, адамзатты антропозооноз (адамға жұғатын) ауруларынан сақтау, сыртқы қоршаған ортаны қорғаудағы ветеринарлық-санитарлық проблемаларды шешу мәселелері туралы ғылыми ілім.

Басында, кеудесінде, аяқ-қолында кездесетін түрлі көлемді және тұрлі формалы тума қалдар мен жолақтар жылқының түгінің белгілері деп аталады. Бұл белгілер бірыңғай түсті жылқыларды ажыратуға көмектеседі. Бастың ақ және басқа белгілері:шалбас қасқа, жұлдыз, шұбыртпа қасқа, айқын қасқа, ерін немесе танау астындағы ақ жолақ. Аяқтың және басқа белгілелері: ақ тұяқ, күнгірт тұяқтағы ақшыл жолақ, тұяқ өкшесіндегі ақ жолақ-тұяқ құндыздығынан тұсамыстық буынды, бақайды, алдынғы сирақты қоса алып, алдыңғы тізелікке дейін немесе тірсек буынына дейінгі және оданда жоңары созылатын жолақтары т.б. Артқы аяқтың ақ және басқа белгілері: жылқылардың барлық түсінде, әсіресе ақшыл жолақтарда, жирен және көк түстілеріндегілерде кездеседі. Көк жылқылар есейген шағында шалбас қасқаға айналады да, олардың ақшыл белгілері білінбей кетеді. Сондықтан олардың түсі өзгермейтін ақшыл не күнгірт мүйіз жолақты тұяқтарын ескерген жөн және кеудесінде, жалында және құйрығында біртұтам ақшыл қылшық болады. Дене дақтары – танау арасында, ернінде, ауыз айналасында, тұмсықтын үстімен көз айналасында, құйыршық астында, шап айналасында т.б да бөлшектердегі терінің тарғылданған қызғылт бөлігінде болады. Күнгірт ен-танбалар – арқа мойымен жалдан бастап құйыршыққа дейін күнгірт жолақ (қайыс); жауырында қарайғандар (қанаттар), кеудесінде сауырында, тұяқ құндыздығында ірі және уақ күнгірт жолақ; алдыңғы санда, тілерсекте, тірсек буынында, артқы жіліншекте көлденен жорлақтар. Жылқының ен-танбасын, түсін, формасын, көлемін және орналасқан жерін көрсете отырып суреттеу дәл, толық, қысқа болуы керек және басынан аяғына дейін белгілі бір айқын жүйелікпен жасалуы тиіс. Айрықша белгілері.Жылқылардың ақ және қара түсінен басқа құжатында олардың өздеріне тән жекелеген сыртқы ерекшеліктері белгіленеді (олар тұлғасы не иемденген белгілері), бұл малда өмір бойына сақталады; бір не екі көзі тарғылданған «сауысқан көз», не көздің сыртқы мөлдір қабығындағы дақ; дұрыс қабыспаған иек және зақымданған тістер; көздің, құлақтың, сүйектер мен бұлшық еттердің, сіңірлердің, құйрықтың құйыршығының зақымдануы;

Тіс (dentes) - адамның және омыртқалы жануарлардың ауыз қуысында (кейбір балықтардың жұтқыншағында) орналасқан сүйек. Тіс азықты ұстау, тістеп үзу, шайнап, ұсақтау қызметін атқарады. Тістің сауыты, мойыны, түбірі болады.

Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады.

қорада бағылатын жылқының еріннің ішкі жағында татуировканың нөмірі болады, жылқы заводтарының танбалары салынады. 11 Дәріс. Жылқының жасын анықтау. Жылқының тістері.Шөп қоректілердің ішінде жылқы бір бөлікті шағын қарынды, көп тісті және тіс құрылысы өте күрделі жануарлардың қатарына жатады.

Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.

Жылқы тістері атқаратын қызметіне, орнына, формасына қарай күрек тістер, шошақ тістер, азу тістер болып бөлінеді; алдыңғы күрек тістер – премолярлар деп аталады. Жылқының төменгі және жоғарғы жақтарында 6 сүт тіс не тұрақты күрек тістерден (2-алдыңғы тіс, 2 орта және 2 шеткі күрек тіс) 6 сүт тістен не тұрақты алдыңғы күрек тістен (премолярлар) және 6 артқы тұрақты азу тістен (моляр) болады. Айңырда мұнан басқа 2 жағында 2 ит тістен, сонымен ересек айғырларда 40 тіс, биелерде 36 тіс болады. Қазақтар жылқының тісіне қарап, жасын, кәрісін, асыл, жасығын, жүйріктігін айырады. Сүт тіс.Жаңа туған құлынның еміп жүргенде шыққан тістері. Күрек тіс.Жылқының астыңғы және үстіңгі жақтарындағы екі-екіден шыққан күрек сияқты тістері. Жылқының азу, күрек тістері аса жақсы дамыған. Күрек тістер азықты қауып, жылу, азу оны ұсақтап, майдалау қызметін атқарады. Жұлқар (от) тіс.Шөпті жұлатын және оңды-солды қиятын тістер. Күрек тіс. Жылқының алдыңғы, ортаңғы, шеткі тістері. Тұрақты тіс. Жылқының тістері түскеннен кейін екіден бес жасқа дейінгі шыққан тістер. Азу тістер.Айғырдың ит азу тістері қорғаныс және шабуыл құралы болып табылады. Ұры тіс. тіске қосарланып шығатын ұзын тіс. Ол шыққанда жылқы оттаудан қалып, қатты жүдейді. Қажалған тіс. Тіс бедерлерінің мұқалып тегістеле бастағаны. Тісеу.Сүт тістері түсіп, орнына жаңа тіс шығып келе жатқаны. Қос тіс.Негізгі сүт тістері мен тұрақты тістерінің жанынан (қабаттаса) шыққан тіс. Мөр (бедер). Тісінің үстіңгі бетіндегі шұңқыры. Сопақ бедер.Бес жастан он жасқа дейінгі жылқының тіс бедерінің (шұңқырларының) мұқалмаған кездері. Дөңгелек мөр.Он екі жастан он сегіз жасқа дейінгі тістің щұңқырлығы сопақ түрінен өзгеріп, дөңгелек түрге айналғаны. Үшбұрыш бедер.Он сгізден жиырма үш жасқа дейін тістің шұңқырлығы сопақ түрінен өзгеріп, дөңгелек мөрлерінің үшбұрыштанғаны. Қыр.Тістерінің үстіңгі бетіндегі қырларының өзгеруі. Жылқының тіс құрылысында оның жасын анықтауға кедергі келтіретін ауытқулар кездеседі. Олар: ауыр жүк таситын жылқыларда ерте пайда болатын күрек тістер; биенің қауіпсіз буаздығы салдарынан не нашар бағылып, дұрыс азықтандырылмалы себебінен тіс жануарының және күрек тістердің ауысуының тоқталуы; тістің дұрыс жетілмеуі не артық тістердің пайда болуы; азықтың жұмсақ не қатты болуынан дентиннің әр түрлі қаттылықта болуына байланысты күрек тістердің жай не өте тез икелуі; тіс мөрінің тұйықтығы не қауіпсіз тереңдігі (әсіресе азу тістерде); дентинмен трлмаған тұқыл қуысы; күрек тістердің қырынан икелуі; тістердің «қайшы», «құс тұмсық», «карп» тәрізді дұрыс түйіспеуі; жебірліктен зақымдалуы және т.б. 12 Дәріс. Жылқы шаруашылығының ет және басқа өнімдері. Жылқы шаруашылығының қосымша өнімі. Жылқы шаруашылығының жанама немесе қосымша өнімі тері шикізаты, қыл, ішек асқазан шырыны, сарысу және вакцина, көң сияқты бөліктердің тұрады. Жылқы терісі өте жұқа, бірақ қиын созылады, сондықтан лакты аяқ- киімдер жасауға пайдаланады. Жылқының қылын ГОСТ 12859-67-ге сәйкес кисть, шетка және т.б. бұйымдар жасау үшін пайдаланады. Оларды қатты, жұмсақ, қыл-қыбыр және жатады: түтік- өте ұзын шаштар, жылқы терісінің құйыршығынан қырқылған және бір буда етіп байланған, біркелкі жалпақтықтағы шаштар. Бұрымша –жылқы терісінің құйыршығынан қырқып алынған және бір буда етіп байланған, ұзындығы 45- см-ден кем емес шаш. Кесілген –ұзындығы 45-см-ден кем шаштар, құйыршығынан қырқып алынған және бір буда етіп байланған. Кесінді- тірі жылқының құйрық ұшынан кесіп алынған және бір буда етіп байланған 10- см ден кем емес шаштар. Түріне қарай жылтыр,мықты және тік келеді. Жұмсақ қыл– жал ұзындығы 10- см –ден кем емес, жіңішке, аздап бұйралау, жылқының жағынан не бастан немесе жылқы терісінен қырқып алынған, буда етіп байланған қылдар, ұзындығы 10-см-ден кем қылдар қылқабырға жатады. Жылқы шашасы – тұяқтан жоғары жылқы ұшасының аяғынан кесіп алынған, буда етіп байланған қылдар. Олар жұмсақ, тік және шеттері өте ұшты болады. Құлын құйрығы- құлын терісінің құйыршығынан қырқып алыған және буда етіп байланған қылдар. Ол жұмсақ, жіңішке, бұйраланған болып келеді. Қыл-қабыр және ұйысқан қылдарға жататындар- қыл-қыбыр- жылқыны тазалағанда немесе сұрыптағанда алынған шиеленген жал мен құйрықтың қылдары. Жылқы қылдарынан-жартылай шикізаттар алады, олар ГОСТ 12857-67 бойынша төмендегіше бөлінеді: Түріне қарай қатты- бұрым етіп кесілген: кесінді, бұрымы және жұмсақ- жал болып; Түсіне қарай: ақ, қара, аралас, болып бөлінеді. Жылқы шараушылығының биологиялық өнімі. Биофабрикаларда мал дәрігерлік және медициналық мақсаттарда жылқылардан арнайы аппараттың көмегімен асқазан шырыны алынады.

Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

Бір сеанс 4 сағатқа созылады, бұл процесс кейде аптасына 2 рет болады. Бір жылдан орташа есеппен 5-7 л, ал кейбір жылқылардан 10-12 л-ге дейін активті асқазан шырыны алынады. Буаз биелердің сарысуын өндіру үшін, биелердің қанын буаздығының 45күннен 100 күнге дейінгі аралығында алады. Бұл уақытта биофабрикаларда қанды 5 рет, ал колхоз, совхоздардың биопункттерінде 2 ненмесе 3 рет алады. Биеден тірілей салмағына және қондылығына байланысты бір алғанда 3-5 л қан алады да,одан 60-62 процент сарысу шығарады. Биофабрикаларда донор жылқылардың қанынан столбняк, гангрена, дифтерия, ботулизм т.б. ауруларға қарсы қолданылатын медициналық өте қажетті емдік және профилактикалық препараттар жасайды. Жылқы көні. Жылқылардың көні тынайтқыш ретінде жоғары бағаланады және осы мақсатта көптеген елдерде пайдаланылады. Бір қалыпты мөлшерде жұмыс жасайтын, салмағы 500 кг жылқы күніне 14 кг қатты экскременттер шығарады. 13 Дәріс. Төлдің өсіп-жетілуі, дамуы және бағып-күтілуі. Методикалық нұсқаулар.

Нұсқау (Инструкция; лат. instructio - құру, ереже) - әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.

Шаруашылықтарда, колхоздар мен совхоздарда өтетін өндірістік практикаларда студенттер жылқышы болып жұмыс істей жүріп жас төлді бағады. Алдынғы қатарлы шаруашылықтарда экскурсияда болып, асыл тұқымды жылқыларды өсіруді көргені дұрыс. Төлдің өсіп-жетілуі және дамуы туралы мәліметтерді практика жөніндегі есебінде және лабораториялық- тәжірибелік сабақтарда өндеп, талдау жасайды. Еміп жүрген құлындардың күтімі. Құлынның дүниеге келген кезіндегі салмағы енесінің салмағының он пайыз шамасын құрайды, ол туғаннан кейін өз бетімен қозғалуға қабілетті болады. Дүниеге келген құлын үшін, иммундық және профилактикалық қасиеті бар бие уызының маңызы зор. Жаңа туған құлындар тәулігіне енесін 50-60 рет емеді және тәулігіне 2 кг-ға дейін салмақ қосып, тез өседі. 1 кг салмақ қосу үшін құлынға шамамен 10 л биенің сүті қажет. Туғанына 3-4 күн болған құлынды ауа райын ескере отырып енесімен серуендеуге шығарады. Ең қолайлысы емізетін биелерді құлындармен бірге жайлауда бағу. Құлындағанына 15 күн болған биені жұмысқа пайдалануға болады, бірақ оны құлынынан ұзаққа айырмау керек. Алғашқы екі айда жұмыс жасайтын жылқыларға құлындарын бір сағат сайын жібереді. Құлындарды өсімдік қорымен азықтыруға барынша ертерек үйреткен жөн. Екі үш айлық құлындарды үстелген сұлымен азықтандырумен бастаған жөн. Әуелі сұлыны оларға 200 г береді де, емшектен айырғанаға дейін, бірте-бірте үш кг көбейтеді. Құлындарды енесінен 6-7 айлығында айырады. Енесінен айырарда құлынның түк бүркеуінің 23 бөлігі түлеуі керек. Айырар кезде құлындардың түсі мен белгілері ноқталап белгілейді. Түсте үстеп қоректендіргеннен кейін өсуі және жетілуі бірдей құлындарды енесінен топтарымен айырады. Енесінен айырған құлындарды күзде жайылысиа, баздарда ұзақ бағуға тырысыады. Қыста оларды күнде серуенге алып шығып атпен бағады. Айырған құлындарды азықтандырған кезде ас қорыту органдарының дамуына мүмкіндік туғызатын сапасы жақсы азықтармен қамтамассыз етілуін ескерген жөн. Құлындар алғашқы жылы тез қарқынмен өседі.

Қарқын (Темп) - тапсырманың орындалуының немесе операцияның, құбылыстың қарқындык дамуының шапшандыгы (кейде тазалығы). Әскери істе Қарқынның мынадай түрлері болады: лап қою қарқынны; шабуыл қарқынны; десант түсіру қарқынны; теңіз десантын түсіру қарқынны, атыс қарқынны т.б.

Екі айлығында оның салмағы үш есе, алты айлығында бес есе өсіп, ал он екі айлығында ересек жылқы салмағының 65 пайызына жетеді. Жергілікті тұқымның құлындары алғашқы айларда тез өседі. Табында бағылатын құлындардың өсімталдығы бір келкі емес, сатылы дамуға бейім, олар көктем мен жазда жақсы өседі, қыста өсуін бәсеңдетеді. Жас төлге протеин, витамин және минералды заттарға бай құнарлы азық беруі қажет. Ал қорада бағылатын құлындардың үстін тазалап, 1-1,5 ай сайын тұқайларын тазартып отыру керек. Жылқы зауыттарында ауыл шаруашылығы министірлігінің ғылыми техникалық советінде бекітілген жоғары класты тазақанды мінді және желіс тұқымды жылқылардың өсіру технологиясы бойынша нұсқаулар жасалған.

Фабрика (лат. fabrіca - шеберхана) - машиналар жүйесін қолдануға негізделген өнеркәсіп орны. Фабрика мен зауыттың арасында экон. тұрғыдан айырма жоқ. Дегенмен, фабрика негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарларын дайындайтын кәсіпорын.

Бұл нұсқауларында қажет құрылыс объектілері инветарьлар, бағып күту, азықтандыру, өндіру, өсіру, міну тәсілдері, зауыттық және ипподромдық жарату әдістері, зоогигиеналық – профилактикалық және зоотехникалыұ есеп тәсілдері көрнсетілгген. Жас төлдің өсуін бақылау. Асыл тұқымды төлдің өсуін бақылау үшін алдың қатарлы жылқы заводттарының тәжірибесіне негізделіп, асыл тұқымдылардың мемлекеттік кітабында жарияланған өсу шкаласын пайдаланады. Шаруашылықтағы төлдің салмағы мен өлшемдерін шкаласындағы осы тұқым төлінің өлшемдері мен салмағына салыстырып, шаруашылықтағы төлдің қаншалықты табысты өсіп келе жатқандығын анықтайды. 14 Дәріс. Жылқыны таразыға тарту, өлшемдерін өңдеу және индекстерін есептеу. Жылқыны өлшеу.Жылқыға сол жағынан жақындау керек. Бұл оң қолымен өлшеп тұрған адамға ыңғайлы және де сол жағынан жегіп, ерттеу ат үшін үйреншікті жай. Өлшемдерін алу үшін жылқыны төрт аяғын дұрыс толық басып тұратын тегіс жерге тұрғызады. Жылқының басы не көтеріңкі, не төмен болмай әдеттегі қалыпты күйінде тұруы тиіс. Өлшемдерін жазғанжа оның өткізілген уақытын, жасын және жылқының қоңдылығын (жақсы, орташа не қанағаттанарлықсыз) белгілеуге кеңес беріледі. Жылқының өлшемдерін алу үшін Лидтин таяғын не басқа қарапайым жіңішке өлшегіш таяқты, Вилькенстің циркулі мен өлшеуіш лента, бұрыш өлшеуіш қолданылады. Өлшемдерді өңдеу. Өлшеген жылқыларының өлшемін және мемлекеттік мал тұқымы қолдана отырып, әр түрлі жастағы және әр түрлі тұқымды айғырлар мен биелердің орташа өлшемдерін есептеп, олар бойынша графиктер құрады. Графиктер құрған кезде салыстырылатын топтың біреуінің орташа өлшемдерін 100 процент деп алып, көлденең түзуге нүкте ретінде орналастырылады, ал басқа топтағы жылқылардың орташа өлшемдерін (алынған 100 процентпен) тік және масштаб бойынша түзуге тиісті нүктелерден не төмен, не жоғары салады. Нүктелерді қосқан кезде, жылқы топтарының графикалық профилін көрсететін сызықтар пайда болады.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Индекстерді есептеу.Жылқы дене бітімінің түрін анықтау үшін әр түрлі өлшемдерін салмақтарының арақатыныс индексін есептейді. Тұрық-сипат индексі (формат) малдың жасына қарай өзгереді. Егер жаңа туған құлында бұл индекс 80 процент болса, ересек жылқыларда ол 110 процентке жетуі мүмкін. Кейбір биік сирақты және жетілмеген жылқылардың есейген шағындағы тұрық-сипат индексі 100 проценттен төмен немесе тұрған тікбұрыш тұрқы болуы мүмкін. Ересек араб немесе таза қанды мінгі аттар 100 процент формат индексін сақтайды немесе шаршы формасында болады. Ауыр жүк тартатын аттарының ересек кезіндегі формат индексі 106-108 процент немесе жатқан тікбұрыш форматты болады. Жылқылардың жеке дамуы кезіндегі пропорциялары мен индекстерінің өзгеруі өсуі жағдайына, азықтандыру дәрежесіне, күтіміне, жасына, жынысына, генетикалық факторларға, тұқымына және дене бітімі түріне байланысты.

Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.

Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.

Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” - шығу тегіне тән).

15 Дәріс Жылқыны азықтандыру Жылқы азықтандыруы оның атқаратын жұмысы мен беретін өніміне қарай ұйымдастырылады. Жылқы  атқаратын  қара жұмыс денеде зат алмасуын жеделдетіп, гликоген, май, ақзат сиякгы қоректік заттардың  ыдырауын күшейтеді. Демек,  атқаратын  жұмысы  ауырлаған сайын денеге азықпен бірге  түсетін қоректік заттар мөлшері де көбірек болуға тиіс. Атқарылатын жұмыстың ауыр-жеңілдігі тасылатын жүктің  салмағы мен тасмалдау қашықтығына қарай анықталады.   Дене  энергиясының   әрбір   килокалориясы   425   кгм   механикалық  жұмысқа тән.   Соншама  энергия шығынын қамтамасыз ету үшін  жылқы  азығы  тез  қорытылатын  қанттектес    заттарға (көмірсуларға)  бай болуы керек.  Бұл  заттар жетіспесе, жылқы денесіндегі гликоген мен май  энергия  көзі  ретінде  айналымға  түсіп,  ыдырай  бастайды.   Одан  кейін  ыдырайтыны  ет  ақзаты. Соның нәтиже-сінде жылқы тез арықтайды. Оған  жол  бермеу  үшін   нормалап     азықтан-дыру    қажет. Тұқымдық   жылқы  топтарының азықтандыру нормасы 32-ші кестеде келтірілген. Жылқының  қарны  кішкентай, көлемі тар, сондықтан  жұмыстан  бос уақытта үзбей  ұдайы азықтанып отырады деуге  болады.  Демек,  аттың жұмысқа пайдалануын реттестіріп,   оның  тынығуына, түбегейлі   азықта-нуына   жағдай   туғызу   қажет.  Жылқыға берілетін жемшөп мөлшері  33-ші кестеде келтірілген. Жылқының ас қорыту жүйесінің ерекшелігі-қарынға келіп  түскен азық кері қайтарылмайды, сондықтан оның жеген  жемшөбі, ішетін суы таза, сапалы болуы тиіс. Бұл түліктің  талғампаздығын қалыптастырады. Еті қызып, терле-ген жылқыны алдынала суьпу қажет. Демек оны азықтандыру  тәртібіне қатаң талап қойылады. 1. Биені  азықтандыру.  Бие  жасына, тірі  салмағына,  биологиялық  сәйкес азықтандырылады Бие азықтандыру нормасы  Сауынды  биенің азықтандыру нормасы әр 1 кг сүтіне   0,33 азық  өлшемі,  35г  қорытылатын   протеин   келетіндей  етіп  жоғарытылады. Жеңіл  жұмыс атқаратын  биенің    азықтандыру  нормасы  30   жоғары  болуға,  яғни  оған  қосымша  3-4 өлшемі берілуге тиіс. Қысыр биенің  100 кг тірі салмағына 1,4-1,5 азық өлшемі керек, ал буаздығының 3-ші айынан  бастап, норма 1,6-1,7,   буаздығының екінші жартысында 1,8-1,9, құлынын  емізіп жүрген кезде    2,0-2,1; сауылатын  буаз  биеге  2,12-2,15 азық өлшеміне   дейін   жеткізіледі.   Әрбір   азық   өлшемінде  105- 110 г қорытылатын протеин, 6-8 г кальций, 4-5 г фосфор мен 30 г каротин болуға тиіс. Биеге   шалғын   пішені, астық-бұршақ  тұқымдастар   пішені    (100кг тірі салмағына — 2-2,5 кг),   тазартылған тамыр-жемістілер 5-10 кг), сапалы пішендеме, сұлы,   кебек, күнжара  мен шроттар  беріледі. Пішенді турап, ал дәнінің бір бөлігін (0,5-1 кг) көктетіп, мыжып   (сұлыны)   берген жөн.  Жазда оты  шүйгін  жайылымда  бағып  тәулігіне  30-50 кг көк азық жегізеді. Биенің азығы мен суы таза, сапалы болуға тиіс. Өйткені   сапасыз,   ластан-ған  жемшөп  биенің  ас  қорытуын  бұзып,  іш   тастатуы  мүмкін.   Әсіресе   бұзылып, көгеріп  кеткен  бұршақ  тұқымдастар пішенінен сақтану керек. Буаз биені суық сумен  суаруға болмайды.  Құлын-тай, құнан-дөненді азықтандыру Туғаннан  кейінгі  алғашқы айдан бастап, құлынды  қосымша   азық   жеуге дағдыландырады (үйретеді).   Ол   үшін   жеке  науаға  қосымша азық ретінде минералды қоспалар  ұнтағын (сүйек үны, бор, ас тұзын) араластырып салып, мыжылған сұлыға кебек, шөп  ұны мен күнжара қосады. Қоспаның  әрбір азық өлшемінде   110-120г       қорытылатын     протеин     болуға тиіс.   Оған  біртіндеп  үйретіп,  екі   айлығында   0,5-1кг,   енесінен   ажыратар   5-6 айлы-ғында 4-5 кг жегізеді.  Тұқымға қалдырылатын құлынға   7-8 айға дейін енесін еміздіреді. Тай, қүнан, дөнен  өсіру  бағытына   сәйкес  азықтандырылады.   Әрбір 100 кг  тірі   салмағына 6-12 айлығында — 3 кг,   12-18 айлығында — 2,85 кг, 18-24 айлығында — 2,6   кг құрғақ  зат  беріледі. Еркек  құлынның азыққа деген     мұқтаждығы   ұрғашынікінен  10  жоғары  болады. Дұрыс азықтандырылса құлынның салмағы ересек жылқы салмағының: 2 — айлығында  20-25 -іне,  6-айлығында  40-45-іне,   12-айлығында  55-60-іне,   18-айлығында    70-75-іне, 24-айлығында  75-85-іне   теңестіріледі. Құлын-тайдың    қоректік    затқа    мұқтаждығы.    35-ші    кестеде   келтірілген.  Құлын-тай, құнан-дөнен азықтандыру нормасы 35-ші  таблицаның  жалғасы Тай, құнан, дөнен  жазда   мүмкіндігінше  ұзақ  жайылымда   бағылады,   ал  қыста   оларға   аралас   астық-бұршақ  тұқымдастар   пішені,   пішендемесі беріледі. Жемнің   31   бөлігі  протеинге  бай  бидай  кебегінен, бұршақ    тұқымдастар    ұнтағынан,   күнжара мен  шроттардан құрастырылады. Сұлымен  қатар арпа, жүгері жармасы беріледі (құнанға 4-5 кг, дөненге кг).  


жүктеу 284.89 Kb.